Аймақтар • 17 Қаңтар, 2018

Асқар Жұмағалиев «Қорғас-Шығыс қақпасы» аймағының жұмысымен танысты

485 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Үкімет басшысының орынбасары Асқар Жұмағалиев Алматы облысының Панфилов ауданына жұмыс сапарымен келіп, «Қорғас-Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағының тыныс-тіршілігімен танысты.

Асқар Жұмағалиев «Қорғас-Шығыс қақпасы» аймағының жұмысымен танысты

Премьер-министрдің орынбасары алдымен «Алтынкөл» теміржол бекеті мен осында орналасқан кедендік ресімдеу орталығында болып, халықаралық жүк тасымалы мен тексеру-бақылау жұмыстарына куә болды. Мұндағы қызмет көрсету толықтай цифрлы жүйеге көшкен. Бұл өз кезегінде транзит көлемін арттырып, еларалық тауар тасымалдаудың деңгейін жаңа сапаға көтерді. Бұрындары тек теміржолдағы тексеру жұмысына жарты күн кететін болса, автоматтандыру нәтижесінде кез келген жүкті дайындап жөнелтуге 4 сағаттай ғана  уақыт жеткілікті екен.

- Кеден бекетіндегі қызмет көрсету де цифрлық технологияның енуімен жылдам әрі сапалы бола түсті. Қазір жүк тасымалдаушылар үшін барлык жағдай жасалуда. Декларация толтыру, кедендік тексеру, тасымалдауға рұхсат беру үрдісі толықтай цифрлық жүйеге көшті. Кедендегі кедергі азайып, жүк өткізу көбейді. Азаматтар мен компания өкілдері электронды қызмет көрсету барысын бақылап отыруға мүмкіндік алды,-деді орталықтың жұмысымен таныстырған Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Ғосман Әмрин.

Сондай-ақ Асқар Жұмағалиев арнайы экономикалық аймақта құрлысы басталған «Нұр жолы» кедендік бақылау бекетіндегі жұмыстарды көріп, Құрғақ порт жобасы аясында атқарылған іс барысымен танысты.

Қалмаханбет Мұқаметқали,

«Егемен Қазақстан»

Алматы облысы