Қазақстан • 17 Қаңтар, 2018

Үндістанмен арадағы Қосарланған салық салуды болдырмау туралы конвенцияға түзетулер қаралды

177 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Парламент Сенаты Қаржы және бюджет комитетінің кеңейтілген отырысында «1996 жылғы 9 желтоқсанда Нью-Делиде жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Үндістан Республикасының Үкіметі арасындағы Қосарланған салық салуды болдырмау және табыс пен капиталға салынатын салықтарға қатысты  салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы конвенцияға және Хаттамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Үндістан Республикасының Үкіметі арасындағы хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасы қаралды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Баспасөз қызметі.

Үндістанмен арадағы Қосарланған салық салуды болдырмау туралы конвенцияға түзетулер қаралды

Заң жобасымен «Қазақстан» терминіне өзгерістер енгізілді, сондай-ақ Ковенциядағы қазақстандық салықтардың атауы қолданыстағы заңнамаға сәйкес нақтыланды.

Ұсынылып отырған өзгерістерде елдердің экономикалық мүдделері ескеріле отырып, салық салу мәселелерін нақтылау немесе қайта қарау көзделіп отыр. Одан басқа, уағдаласушы мемлекеттердің резиденттігін айқындауды реттейтін баптардың ережелері де өзгеретін болады.

«Ақпарат алмасу», «Салықтарды жинауға көмек» баптарының жекелеген ережелері Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының үлгі конвенциясына сәйкес келтіріледі. «Жеңілдіктерді шектеу» бабына салықтан жалтару дерегі анықталғанда және Конвенцияның ережелерін асыра қолданғанда  ішкі заңнаманы қолдануға мүмкіндік беретін  ереже енгізілді.

Заң жобасы Палатаның қарауына жіберілді.