Қазақстан • 18 Қаңтар, 2018

Қазақстандық модельдің жетістігі

337 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Армения бүгінгі Қазақстан­ның қарышты дамуына зор қызы­ғушылықпен қарайды. Бұл ел­дің бағындырған биік­тері мен қол­ жеткізген жетістік­тері таң қалар­лықтай. Қазақ­стан халқы сан түрлі тосқауыл­дар­­дың тетігін тиімді шеше біл­ді. Ендеше, Қазақстан мен оның Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың халықаралық ауқым­дағы жетістіктеріне көз жүгір­тіп көрелік.

Қазақстандық модельдің жетістігі

Қазақстан посткеңестік елдер ара­сынан алғашқы болып ЕҚЫҰ-ға төрағалық етті және 2010 жылдың желтоқсан айын­да оның Саммитін Астана қала­сында өткізді. Бұл жиынға 74 ресми делегация мен БҰҰ Бас хатшысы қатысты. Сондай-ақ ай­мақтық ұйым ретінде болға­ны­мен әлемдік ауқымдағы ірі бас­қосу алаңы саналатын Шанхай ынтымақтастық ұйымы мен Ислам Ынтымақтастығы Ұйымына Қазақстан төраға­лық етті. 2009 жылдың 2 желтоқ­санында БҰҰ Бас Ассамблеясы Қазақстанның 29 тамызды Ядролық сынақтарға қарсы іс-қимылдың халықаралық күні ретінде жариялау жөніндегі бас­тамасын қолдады.

Сонымен қатар Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен қолға алынған Еуразиялық интеграциялану процесі тыңғылықты жүзеге асты. 2014 жылдың мамыр айында Еуразиялық эконо­ми­калық одақ құрылды. Қазақ­стан ТМД елдерінің арасынан алғашқы болып әлемдік қоғам­дастықтың таңдауымен ЭКСПО мамандандырылған халық­аралық көрмесін өткізді. 2017 жылы бұл ел БҰҰ Қауіп­сіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі атанды және осы күндері Қазақстан оған төрағалық етуде.

Сондай-ақ Қазақстан бас­шылығы әрқашан да ішкі реформаларды сәтті жүргізіп келе­ді. Мемлекеттік сая­­си жүйе мен эко­но­микалық жү­йе­­­лер­ді жаң­ғыр­ту арқы­лы азамат­­тық қо­ғам­ды дамыту тетігі жос­­пар­дағы­дай орын­далды. Бұған мысал ретінде Конс­­ти­туциялық реформа мен «Қазақстан-2050» даму Стра­те­гиясының қабылдануын, «100 нақты қадам» Ұлт жос­пары, Индустрияландыру бағ­дар­ламалары, Қазақстанның Үшін­ші жаңғыруы, «Цифрлы Қазақ­стан» кешенді бағдар­ламасы сынды елді дамыту мен жаңғыртудың сан түрлі жобалары қолға алынғанын атауға болады. Осындай жаңашылдықтар мен заман талабына сай мақсат-міндеттерге қарап, Қазақстан өзінің даму бағытын уақыттың шынайы талабымен ұштастырып келеді. Бұл мәселе Президенттің биылғы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы даму­дың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында да көрініс береді.

Мемлекет басшысы бұл жолғы Жолдауында жан-жақ­ты білімді болуға баса назар аударған. Онда экономика сала­сына елдің даму діңгегі ретін­де ғана қарамай, не­гіз­гі басым­дықты ай­­мақ­­тарға да беру қа­­жет­­тігі айтыл­ған. Әсіресе, облыс­тар­дағы өндірістерге заманауи озық техно­ло­гияларды ен­гізу жайы ескерілген. Осы ма­қсат­та қазақстандық кәсіп­орын­дарды цифрлы технологиямен жабдықтап, жаңғырту бағытында жаңа құралдарды қолданысқа енгізу көзделген және өнімдерді экспорттау мәселесіне де жіті көңіл бөлінген.

Жолдауда айтылған тағы бір маңызды мәселенің бірі – Қазақ­станның транзиттік әлеуе­тін арттыру. Бұл рет­те, Қазақ­стан инфрақұрылы­­мын тиімді басқару мен дамыту­ға ба­ғыт­­талған интелектуал­ды көлік жүйелерін құру жоспар­лану­да. Территориялық аумағы ауқым­ды болып табылатын Қазақ­стан үшін мұндай жаң­а­шылдық­тар таптырмас құнды­лық болары сөзсіз. Осы орайда, тиімді мемлекеттік басқару тетігі жайын айналып өтуге бол­майды. Кәсіпкерлік сала мен жергілікті жерлердегі мем­ле­кеттік әкім­ші­лендіру ресурс­тарын мемлекет тарапынан цифрлы техноло­гиямен қамтамасыз ету арқы­лы «бір терезе» қағидалары қалып­ты жағ­­дай­да қызмет көрсетпек. Биз­­нес­ті қолдау пакетінің мұн­дай жа­ңашыл үлгілері қоғам­ды көлең­келі экономикадан қорғап, мем­лекеттік қызмет­шілердің қыз­мет көрсету сапасын арттырады.

Сондай-ақ атқарған қыз­метіне қарай тиісті жалақы­ны әділ төлеу жүйесі де іске қосы­­ла­ды деп жоспарланған. Жол­­дауда айтылған жаңашыл ба­ғыт­тың бірі – жемқорлықпен заң шең­берінде күрес жүргізу. Осы орайда, соңғы үш жыл ішінде 2,5 мыңға жуық адам жауапқа тартылып, олардан 17 млрд теңге шамасында қара­жат кері қайтарылғаны бел­гілі. Жіті көңіл бөлінген сала­­лар санатында денсаулық пен білім беру ісі де бар. Әлеу­мет­тік мәселелер де әңгіме ауанынан тыс қалмаған. Айталық, Жол­дауда нақтыланған тапсырма аясында мемлекет тарапынан кепілдендірілген медициналық тегін көмекті ұйымдастырудың жаңа үлгісі жоспарлануда. Соны­мен қатар оның реттік тәртібі де тиянақталып келеді. Осылайша, ұтымды ұйымдастырылған іс-шаралар нәтижесінде Қазақ­стандағы кедейлік көрсет­кіші 13 пайызға дейін төмен­деп, жұмыссыздық 4,9 пайыз­ды құрады. Бұған 2016-2017 жылда мемлекет тарапынан берілетін жәрдемақы мен зейнетақы көлемі үш рет жоғарылағанын қосыңыз. Сондай-ақ денсаулық сақтау саласы мамандарының жалақысы 28 пайызға дейін, білім саласында 29 пайыз, әлеуметтік қорғау саласында 40 пайызға дейін, шәкіртақы көлемі 25 пайызға көбейген. Сөйтіп, республикалық бюджет­тен әлеуметтік салаға бөлі­нетін биылғы шығын шамасы 12 пайызға өскен деп бол­жан­ған. Мұның бәрін де мем­ле­кет­тік тұрғыда жүзеге асырылып жатқан тиімді трансформация, басқаруды жаңаша үлгіде жүргізудің нәтижелері ретінде бағалауға болады.

Степан ГРИГОРЯН,

Жаһандану және аймақтық әріптестік жөніндегі сараптамалық орталықтың басқарма төрағасы (Армения)