Қазақстан • 18 Қаңтар, 2018

Әңгіме арқауы – Жолдау

382 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Парламент Мәжілісінің депутаттары Айқын Қоңыров, Роман Ким, Шакир Хахазов облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясында болған кездесуде Елбасының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауының мән-маңызын баяндап берді. 

Әңгіме арқауы – Жолдау

Жиынды ассамблея хатшы­лығы­ның меңгерушісі Наиль Са­лимов ашып, ел өмірінде біре­гей қоғамдық институт ретін­де қалыптасқан Қазақстан хал­қы Ассамблеясының саяси тұрақтылықты нығайту жо­лын­дағы рөліне тоқталып өтті.

Айқын Қоңыров өз сөзінде тарихи құжаттағы жұртшылық назарына ұсынылған маңызды мін­дет­терді айтып берді. «Бар­­лық салалар бойынша ілгері­леу­­дің алғышартттары бар. Пре­­зи­­дент дамудың жаңа са­пасы­­на жетудің ұзақмер­зімді мақсат­тарын белгілеп берді. Алда тұрған басты талап – өрке­ниетті мемлекеттердің қатары­на қосылу. Ол үшін шешімін күт­кен мәселелерді тиянақты ше­ше білудің маңызы зор. Әлем­нің көшбасшы елдері тәжірибесінде индустрия­лан­дыруға инновациялық сипат беру, цифр­ландыру жөнін­дегі пи­лот­тық жобаларға сүйе­ну, кешен­ді ақпараттық-техно­ло­гиял­ық платформаларды бел­сенді түрде енгізу – қалыпты жайт. Біз де осы үрдіс аясында биік белестерге көтерілу мін­дет­терін қойып отырмыз», – деді ол.

Шакир Хахазов білім сала­сын­дағы жүзеге асырылып жат­қан реформалар жалғасын табатынына, білім берудің барлық деңгейінде математика және жара­тылыстану ғылымдарын оқы­ту сапасы күшейтілетініне жи­налғ­андардың назарын аударды. Мұғалімдерге толыққанды әлеу­меттік жағдайлар жасаумен қа­тар ұстаздық мәртебені көтеру ал­ғы шарт саналатынын алға тартты.

«Urpag» қазақ мәдени-ағар­ту­шылық орталығының төр­айымы Гүлбақша Мұсабаеваның айтуынша, тарихи құжат ұлттық сананы жаңғырту қағидаттарын одан әрі жүйелі жүргізуге ұм­тыл­дырады. Бүгінгі күні озық тех­но­­логиялық үдерістерді жас­тары­мыз ерекше сезініп отыр. Сон­дық­тан білім берудің жаңа сапасы­на көшу уақыт талабынан туған өміршең өзгеріс болып таб­ылады. «Кентрон» армян этно­мә­дени бірлестігінің төр­­аға­сы Геворк Геворкян қоғам­­дық тәртіпті сақтау және қауіп­сіз­­дікті қамта­масыз ету мақса­ты­­мен көше­лерде, адамдар көп жина­­латын қоғамдық орындарда ор­­на­тылған бейнебақылау қон­­дыр­ғ­ылары өзін-өзі ақтаған жүй­еге айналғанын айта келіп, жол-көлік патрульдік қызмет өкіл­­дері көлік жүргізушілерді негіз­­­сіз тоқтатпаса екен деген ті­ле­­гін жеткізсе, ардагер ұс­таз Раи­­са Полищук тарихи құжат «Қа­зақ­­стан-2050» Стр­а­тегия­сы­ның,­ «100 нақты қадам» Ұлт жос­­пары­ның заңды жал­ғасы санала­тынын нақты мысалдармен түйіндеді.

Халық қалаулыларының қоғамдық қабылдауында жекелеген азаматтардың өтініш-ұсыныстары мұқият тыңдалып, шешу жолдары белгіленді.

Өмір ЕСҚАЛИ,

«Егемен Қазақстан»

Солтүстік Қазақстан облысы

Соңғы жаңалықтар