Бокс • 18 Қаңтар, 2018

Геннадий Головкинге «Қа­ра­ғанды облысының құрметті азаматы» атағы берілді

371 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кәсіпқой бокстан WBA, IBF, WBC және IBO тұжырымдары бо­йынша әлем чемпионы Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) «Қа­ра­ғанды облысының құрметті азаматы» атағына ие болды. 

Геннадий Головкинге «Қа­ра­ғанды облысының құрметті азаматы» атағы берілді

Тиісті төсбелгі мен куәлікті боксшыға тапсырып тұрып өңір басшысы Ерлан Қошанов: «Геннадий Қарағанды облысының ғана емес, бүкіл Қазақстанның мақтанышы. Қазақтың нағыз батыры!», деді.

Былғары қолғап шеберіне бұл атақ өткен жылдың желтоқсан айын­да өткен облыстық мәсли­хаттың XIII сессиясында берілген болатын.

Алыстағы Америкадан туған же­ріне арнайы ат басын тіреген Геннадий Головкин өзіне көр­сетілген құрметке шын тебіренді. Салтанатты шарада боксшы жерлестеріне ризашылық сезімін білдіріп, оларды алдағы уақытта да жеңістерімен қуанта беретініне сендірді.

– Қазақстан Республикасының азаматы ретінде бұл маған көр­сетілген зор құрмет. Ең алдымен мемлекетіміздің басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа спорт­қа қамқорлық танытып, оны дамытып жүргені үшін алғыс айтқым келеді. Мені Қарағанды облысының құрметті азаматы ретінде таныған депутаттарға да алғыс сезімін жеткіземін, – деді Геннадий Головкин.

Қарағандының маңындағы елді мекен Майқұдықта туған Геннадий Головкин кәсіпқой рингте ғана емес, әуесқой бокста да талай биікті бағындырған саң­лақ спортшы. Ол Азия ойын­дары (2002) мен Азия бірін­ші­лі­гінің (2004) чемпионы, әлем чем­пионатының (2003) жеңімпазы, Афины-2004 Олимпиадасының күміс жүлдегері.

Қайрат ӘБІЛДА,

«Егемен Қазақстан»

Қарағанды облысы

Соңғы жаңалықтар