Қазақстан • 18 Қаңтар, 2018

Жеті миллиард доллардың келісімдері жасалды

219 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Үш мыңнан астам аймақтық палаталардың, 3 миллионнан астам адамның мүддесін көздейтін АҚШ-тың Сауда палатасы ұйымдастырған, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың құрметіне арналған салтанатты қабылдауға 250 бизнесмен қатысты, деп хабарлады Үкіметтің баспасөз қызметі. 

Жеті миллиард доллардың келісімдері жасалды

Кездесу барысында «Қазақстан аме­рикалық бизнес үшін үлкен әлеуетке ие, әлемнің төтенше маңызды айма­ғын­да орналасқан», деп атап өтті АҚШ-тың Сауда палатасының төрағасы Томас Донохью.

Сондай-ақ жиын барысында аме­рикалық капиталдың қатысуымен жүзе­ге асырылатын бірлескен жоба­лар Қазақстан экономикасының әр­түр­лі салаларын қамтитыны айтылды. Осы орайда іс-шаралар барысын­да авиациялық және ғарыштық өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, көлік және т.б. салалардағы жетекші америкалық компаниялар – «Chevron Overseas», «W. R. Grace&Co», «GE Transportation Parts LLC», «Pfizer», «John Deere», «Amity Technology», «Global Beef Investments LLP» және басқаларымен ин­вес­тициялық және сауда-эконо­ми­калық ын­тымақтастық туралы, коммер­ция­лық құжаттарға қол қойылды.

Сондай-ақ Мемлекет басшысының «Төртінші өнеркәсіптік револю­ция жағдайындағы дамудың жаңа мүм­кін­діктері» Жолдауында көрсетілген тап­сырмаларға сәйкес, республиканың экономикасын цифрлық бағытқа көші­ру­ге қатысты мәмілелер жасалды.

Олардың ішінде АХҚО, «ИТП» АКҚ және «IBM» арасында Astana Startup HUB IT-технопаркінің базасында қаржылық технологиялар бойынша ин­ку­баторды құру туралы, «ИТП» АКҚ жә­не «Global Venture Alliance» арасында өнеркәсіпті цифрландыру қорын құру туралы, сондай-ақ «GE Digital» және «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ арасында темір жол көлігін, энергетиканы, мұ­най өңдеуді және экономиканың бас­қа да секторларын цифрландыру жөнін­де­гі жобаларды жүзеге асыру бойынша ст­­ра­тегиялық әріптестік туралы келі­сім­дер түзілді.

Қазақстан-Америка сауда-эконо­ми­калық және инвестициялық қарым-қа­тынастарын одан әрі дамытуға, сон­дай-ақ екі елдің іскерлік топтарын жа­қын­дастыруға арналған маңызды мә­селелердің бірі «Kazakh Invest» бас­қарма төрағасы С.Тұяқбаевтың АҚШ қаржылық институттарымен Жеке­мен­шік шетелдік инвестициялар корпо­рациясы (Overseas Private Investment Corporation (OPIC) және Оппенхаймер сияқты АҚШ-тың ірі қаржылық институттарымен жалпы сомасы 3 миллиард АҚШ долларына бірлескен инвестициялық жо­баларды және сауда операцияларын қар­жыландыру туралы құжаттарға қол қоюы болды.

Сондай-ақ «Oppenheimer» амери­ка­лық қорының басқарушы директоры Питер Албаномен бірге Қазақстандағы жо­баларды қаржыландыру немесе инвес­тиция құю үшін америкалық қар­жы­ институттарын тарту жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандум жасалды. Мемлекет басшысының АҚШ-қа ресми сапары аясында жалпы сомасы 7 миллиард доллар болатын коммерциялық құжаттарға қол қойылды.