Қазақстан • 18 Қаңтар, 2018

«Жас Отан» Орталық кеңес мүшелерінің онлайн сайлауын өткізеді

389 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгінгі таңда жаңғыру мемлекеттік саясаттың маңызды бөлігіне айналып отыр. Осы орайда «Жас Отан» жаңғыруды өзінен, Съезі алдында Орталық кеңес мүшелерін сайлаудан бастамақ.

«Жас Отан» Орталық кеңес мүшелерінің онлайн сайлауын өткізеді

Жанама сайлаудан ашық тікелей сайлау жүйесіне өту арқылы «Жас Отан» көшбасшылардың саяси аренада сайлау принціптерімен танысып, ары қарай ашық сайлауға түсу жолдарын жетік меңгеруін көздейді. Тікелей сайлау жүйесі дауыс берушілерге үміткерлер арасынан үздігін анықтап, ең лайықтысын таңдауда еркіндік береді.       

Сайлауды өткізудегі басты мақсат – «Жас Отанның» ашықтығы мен сайланған Кеңес мүшелері арқылы қоғаммен байланыста болуға дайын екендігін көрсету.

Сайлау 2 кезеңнен тұрады. 1-кезеңде 18-25 қаңтар аралығында «Жас Отан»-ның әлеуметтік желі парақшаларында көрсетілген сілтеме арқылы тіркелуден өту керек. 25 қаңтар - 8 ақпан аралығында үміткерлер #JasOtanSailau хэштегімен Instagram парақшаларында жариялаған видео жолдауына 5000 лайк жинаулары қажет. Ал әлеуметтік желі қолданбайтын үміткерлер қол жинау арқылы 500 адамның қолдауына ие болулары міндетті. 2-кезең 10-24 ақпан аралығында жеткілікті қолдау жинаған үміткерлерге онлайн дауыс беру  өтеді.

Дауыс беруге «Жас Отан» мүшелері қатыса алады. 26 ақпан сайлау нәтижелері баспасөз беттері мен ұйымның әлеуметтік желідегі парақшаларында жария болады. 18-29 жас арасындағы сайлауалды нақты жоспары бар кез келген көшбасшының қатысуға мүмкіндігі бар. 

Соңғы жаңалықтар