Президент • 18 Қаңтар, 2018

Нұрсұлтан Назарбаев Шавкат Мирзиёевке көңіл айтты

246 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевке көңіл айту жеделхатын жолдады. Бұл туралы akorda.kz хабарлады.

Нұрсұлтан Назарбаев Шавкат Мирзиёевке көңіл айтты

Нұрсұлтан Назарбаев Ақтөбе облысында жолаушылар автобусының өртенуі салдарынан Өзбекстан азаматтарының қайғылы қазаға ұшырауына байланысты көңіл айтты.

«Орны толмас қайғыға ортақтастығымды білдіріп, Қазақстан халқы және жеке өзімнің атымнан қаза болғандардың туыстары мен жақындарына қолдауым мен ниеттестігімді жеткізуіңізді сұраймын. Зардап шеккендердің тезірек сауығып, отбасыларына оралуына тілектестік білдіремін»,-делінген жеделхатта.

Сонымен бірге, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, оқиғаның мән-жайы мен себептерін анықтау үшін Үкіметтік комиссия құрылды.