Қазақстан • 18 Қаңтар, 2018

Елбасы адамзат жаппай қырып-жою қаруларынан азат әлем құру үшін лайықты жолдан өте алатынына сенім білдірді

346 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нью-Йоркте Біріккен Ұлттар Ұйымының штаб-пәтерінде Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Қауіпсіздік Кеңесінің «Жаппай қырып-жоятын қаруды таратпау: шаралар мен сенім» тақырыбы бойынша жоғары деңгейдегі пікірталас өтті. Жиынды ашқан Елбасы адамзат XXI ғасырда жаппай қырып-жою қаруларынан азат әлем құру үшін лайықты жолдан өте алатынына сенім білдірді.

Елбасы адамзат жаппай қырып-жою қаруларынан азат әлем құру үшін лайықты жолдан өте алатынына сенім білдірді

«Ұжымдық іс-қимылдан қуат алған әлемдік қоғамдастықтың сенімі, ерік-жігері мен ақыл-парасаты платенамыздың жаһандық апатқа ұшырауына жол бермейді деп сенемін. Кеңестің барлық мүше-мемлекеттеріне берік ынтымақтастығы үшін ришалығымды білдіремін», деді Елбасы.

Нұрсұлтан Назарбаевтың айтуынша, бүгінгі іс-шара Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі төрағалығы кезіндегі негізгі шара. Сондай-ақ жиын жаһандық күн тәртібіндегі ең өзекті тақырыптардың біріне арналып отыр. «Бейбітшілік пен қауіпсіздікке қол жеткізу жолындағы сенім шаралары шиеленістің алдын алу мен маңызды жаһандық проблемаларды шешуде негізгі рөл ойнайды. Мен БҰҰ Бас Ассамблеясының 47-сессиясының мінберінен Азиядағы қауіпсізідк пен сенім шаралары жөніндегі өңірлік құрылым құру жөнінде ұсыныс айтқан болатынмын. Тынымсыз дипломатиялық жұмыстың нәтижесінде бұл механизм құрылды. Қазіргі таңда Азиядағы өзара ықпалтастықтың және сенім шаралары кеңесі өңірдегі 26 мемлекетті біріктіріп, жемісті жұмыс істеуде. Ширек ғасырдан кейін БҰҰ ғимаратында Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретіндегі Қазақстан атынан сөз сөйлеп тұрмын. Бірақ жекелеген елдер арасында да, жаһандық деңгейде де өзара сенімді арттыру мәселесінің әлі де күрделі екенін және оның күннен-күнге өзекті бола түскенін айтуға мәжбүрмін», деді Президент.

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше