Әлем • 19 Қаңтар, 2018

Таяу Шығыста ядролық қарудан азат аймақ құруды жалғастырудың маңызы зор – Елбасы

297 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Төрағалығымен Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің отырысы басталды. БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің мәжілісі «Жаппай қырып-жоятын қаруды таратпау: шаралар мен сенім» деген тақырыппен өтіп жатқан дебатта қырып-жою қаруын таратпаудың маңызды мәселелері қозғалуда. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Таяу Шығыста ядролық қарудан азат аймақ құруға күш-жігер жұмсауды жалғастыруды маңыздылығына тоқталды.

Таяу Шығыста ядролық қарудан азат аймақ құруды жалғастырудың маңызы зор – Елбасы

«Жаппай қырып-жою қаруларының таралуымен күрес жүргізудегі тиімді құралдың бірі ‒ ядролық қарудан азат аймақтар құру. Сондай-ақ, бұл ұжымдық сенім білдірудің үлгісі болып табылады. Таяу Шығыста ядролық қарудан азат аймақ құру күш-жігер жұмсауды жалғастыруды маңызды деп санаймын. Мүдделі тараптарды жұмысты жаңғыртуға шақырамын және кейбір елдер арасындағы түсініспеушіліктер жақын арада шешімін табады деп үміттенемін», деді Н.Назарбаев.

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше