Әлем • 19 Қаңтар, 2018

Елбасы Н.Назарбаевтың БҰҰ ҚК төрағасы ретіндегі мәлімдемесі (толық мәтін)

381 рет
көрсетілді
11 мин
оқу үшін

Нью-Йоркта Біріккен Ұлттар Ұйымының штаб-пәтерінде Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Қауіпсіздік Кеңесінің «Жаппай қырып-жоятын қаруды таратпау: шаралар мен сенім» тақырыбы бойынша жоғары деңгейдегі пікірталас өтті.

Жиынды ашқан Елбасы Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі басым бағыттарына тоқталды. Еліміз тарапының 2018 жылғы қаңтардағы төрағалығы мерзімінде табысты жұмыс істеп жатқанын атап көрсетті.

Елбасы Н.Назарбаевтың БҰҰ ҚК төрағасы ретіндегі мәлімдемесі (толық мәтін)

Біз Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі болып сайлануын және бүгінгі төрағалық қызметімізді әлемдік қоғамдастықтың елімізге және оның бейбітшіл саясатына деген сенімі деп білеміз.

Орталық Азияның бұл мәртебелі қызметтегі бірінші мемлекеті ретінде біз өңіріміздегі халықтардың Дүниежүзілік ұйымның осы маңызды «үніне» айналдық. Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі бірінші жылы өтті.

Біз Кеңестің күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді шешуге қатысу барысында барынша белсенді, конструктивті және әділ болуға тырыстық. Ауғанстан/Талибан, ИЛИМ/ДАИШ, Әл-Каида және Сомали/Эритрей жөніндегі комитеттерді басқара отырып, олардың жемісті қызмет етуіне өз үлесімізді қосып келеміз.

Әлемдік қоғамдастық ‒ алуан түрлі және көп қырлы сипаты арқылы күшейе түскен біртұтас организм. Ол жер бетіндегі ұлттар мен халықтар арасында теңгерім мен үйлесім болған кезде ғана алға басып, дами алады. Сол себепті, із құқық үстемдігіне негізделген қауіпсіз әлем мен әділетті әлемдік тәртіпке бірлесе қол жеткізуіміз керек.

Бұл істе БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің рөлі зор және оған тарихи миссия жүктелетені де сөзсіз. Адамзат XXI ғасырда жаппай қырып-жою қаруларынан азат әлем құру үшін лайықты жолдан өте алады деп сенемін.Ұжымдық іс-қимылдан қуат алған әлемдік қоғамдастықтың сенімі, ерік-жігері мен ақыл-парасаты платенамыздың жаһандық апатқа қшырауына жол бермейді деп сенемін.

Кеңестің барлық мүше-мемлекеттеріне берік ынтымақтастығы үшін ришалығымды білдіремін. Бүгінгі іс-шара Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі төрағалығы кезіндегі негізгі шара. Жиын жаһандық күн тәртібіндегі ең өзекті тақырыптардың біріне арналып отыр.

Бейбітшілік пен қауіпсіздікке қол жеткізу жолындағы сенім шаралары шиеленістің алдын алу мен маңызды жаһандық проблемаларды шешуде негізгі рөл ойнайды. Мен БҰҰ Бас Ассамблеясының 47-сессиясының мінберінен Азиядағы қауіпсізідк пен сенім шаралары жөніндегі өңірлік құрылым құру жөнінде ұсыныс айтқан болатынмын.

Тынымсыз дипломатиялық жұмыстың нәтижесінде бұл механизм құрылды. Қазіргі таңда Азиядағы өзара ықпалтастықтың және сенім шаралары кеңесі өңірдегі 26 мемлекетті біріктіріп, жемісті жұмыс істеуде. Ширек ғасырдан кейін БҰҰ ғимаратында Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретіндегі Қазақстан атынан сөз сөйлеп тұрмын.

Бірақ жекелеген елдер арасында да, жаһандық деңгейде де өзара сенімді арттыру мәселесінің әлі де күрделі екенін және оның күннен-күнге өзекті бола түскенін айтуға мәжбүрмін. Сенім шаралары жаһандық қауіпсіздікті қолдаудың, бүкіл планета көлемінде бейбітшілік нығайтудың аса маңызды элементі ретінде күн тәртібінен түспеуі тиіс.

Неліктен?

Біріншіден, сенім шаралары бүкіл адамзатқа жаңа жойқын соғыс қатері төнген XX ғасырдың екінші жартысында жаппай жойылу қаупінің алдын алу кезінде өзін-өзі ақтады. БҰҰ Жарғысында «Біздік басты міндетіміз ‒ келер ұрпақты соғыс өртінен құтқару» деп жазылған. БҰҰ жүйесіндегі ширек ғасыр ішінде менің елім қарқынды даму жолынан өтті.

Ядролық арсенал бойынша әлемдегі төртінші елдер таратпау жөніндегі қозғалыстың көшбасшысына айналдық. Ядролық қарудан және ядролық держава мәртебесінен бас тарту біздің саналы әрі шынайы таңдауымыз және Қазақстанның барша халқы қолдап, әлемдік қоғамдастық лайықты бағасын берген ерікті қадамымыз болды. Бүгінде еліміз ядролық қауіпсіздік саласындағы барлық іргелі халықаралық келісімдердің қатысушысы болып отыр. Біз ядролық қаруы жоқ мемлекет ретіндегі мәртебемізді заңды түрде бекіттік.

Екіншіден, өзара сенім ахуалы халықаралық ынтымақтастықтың жаңа моделін қалыптастыруға септігін тигізе алады. МАГАТЭ-нің Төмен байытылған уран банкінің ашылуы ‒ осы ынтымақтастықтың жарқын мысалы әрі оның жүзеге асуының көрінісі, Қазақстан ядролық қаруды таратпау режімін нығайтуға осылайша кезекті үлес қосты.

Үшіншіден, Қазақстанның ядролық қарусыз жолы өзге елдерге үлгі әрі тәжірибе түрғысынан көмек болар еді. Біз тәуелсіз ел болып, мемлекетімізді нығайттық. Ядролық қарудан бас тартып және ядролық державалардан шабуыл жасамау кепілдігін алып, жоғарғы беделге ие болдық. Осы ретте, Солтүстік Корея басшылығын біздің жолымызбен жүруге шақырамыз.

Төртіншіден, ғылыми-технологиялық прогрестің қазіргі мүмкіндіктері және жаһанданудың шынайы болмысы жаппай қырып-жою қаруларын таратпау міндетін адамзаттың аман сақталып қалу мәселесіне айналдырып отыр. Жаппай қырып-жою қарулары бар елдердің көбеюі, ядролық, химиялық, биологиялық және радиологиялық қарудың деструктивті күштердің қолына түсу қаупін тудырады.

Ядролық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі бүгінгі құқықтық баса XX ғасыр соңында «ядролық державалар клубының» кеңеюіне тосқауыл бола алмады. Ядролық қаруды таратпау туралы шартқа негізделген баршамазға қажет таратпау режімін нығайту терең менталды өзгерістер мен көпжақты жаңа саяси шешімдерді талап етеді деп ойлаймын.

Таратпау саласындағы сенімді нығайта түсу үшін мынандай шаралар атқаруды ұсынамын.

Бірінші. Ядролық қаруды таратпау туралы шарттан шығу процесін қиындату қажет деп санаймын. ҚХДР-дың әрекеті ядролық қаруды иеленсем деген амбициясы бар басқа елдерді осындай қадамға итермелеуі мүмкін. Ядролық қаруды таратпау туралы шартқа күмән келтірмей, бұл Шартты бұзатын елдер үшін осының нақты салдарын (санкция шараларын қоса алғанда) айқындайтын БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің арнайы қарарын әзірлеу мүмкіндігін қарастыруды ұсынамын.

Екінші. Жаппай қырып-жою қаруларын иемденуге және таратуға қатысты өатаң шара қолданудың нақты жұмыс істейтін механизмін әзірлеу керек. Мұндай көпжақты келісімдерді БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің жекелеген қарарларында бекіту қажет.Жаппай қырып-жою қарулдарын иемдену ниетіне жол бермеудің басты шарасы ретінде атом қаруын иеленуден ерікті түрде бас тартқан және ядролық қаруы жоқ мемлекеттерге ядролық державалардың беретін кепілдігін заң жүзінде міндеттейтін жүйені дамыту қажет.

Үшінші, Жаһандық қауіпсіздік жүйесін жаңарту процесінің сәтті немесе сәтсіз болуы әлемдік қоғамдастықтың милитаристік анахронизмді еңсеру қабілетіне тікелей байланысты. Еш мағынасы жоқ әрі арандатушылық туғызатын әскери блоктарға бөлінуді өткеннің үлесіне қалдыру керек. Дәл осы тұста мемлекеттер арасындағы сенім аса қажет. Мен соғысқа қарсы жалпыәлемдік шаралар туралы көзқаарсымды «Әлем, XXI ғасыр» атты манифесімде білдірдім. Бұл құжатта БҰҰ-ның 100 жылдығы қарсаңында ядролық қарудан азат әлем құруға жағдай жасайтын іс-қимылдарды ұсынған едім.

Төртінші. Халықаралық қарым-қатынасқа саяси сенім мен жүйелі диалогты міндетті түрде қайтару керек. Іс-қимылды толықтай қамтитын бірлескен жоспар соның жарқын мысалы болмақ. Иранның ядролық бағдарламасына қатысты мәміле қаруды таратпау саласындағы көп жақты дипломатияның табысты болатынын көрсетті. Ол күрделі мәселелерді келіссөздер арқылы шешудің тәжрибе жүзіндегі мысалына айналды.

Осы келісім Қазақстан да өз үлесін қосқан сенім ахуалының арқасында жүзеге асты. Кейбір қатысушылар тарапынан өз міндеттемелерін жүзеге асыруда туындаған қиындықтарға қарамастан Іс-қимылды толықтай қамтитын бірлескен жоспар одан әрі табысты іске асады деп сенемін. Осындай конструктивті тәсілді Солтүстік Кореяның ядролық проблемасын реттеуде де қолдануға болады деп ойлаймыз.

Корея түбегіндегі қазіргі оқиғалар терең қарама-қайшылықтың бар екенін білдірді. Осыған орай, мүдделі тараптардың Солтүстік Корея мәселесін неғұрлым жылдам әрі конструктивті жолмен шешуге шақырамыз. Сенім ахуалын қалыптастырудың және Пхеньяннің келіссөз үстеліне оралуының маңызды шарты ретінде «ядролық бестіктің» КХДР-дің қауіпсіздігіне кепілдік беруін жақтаймыз. Мүдделі тараптар қажет еткен жағдайда, Қазақстан келіссөз алаңын ұсынуға дайын.

Сенім шаралары бүгінде драмалық оқиғаларды бастан өткеріп жатқан Таяу Шығыс үшін де өзекті болып отыр. Сириядағы шиеленіс аймақтан алыс жатқан өңірлерге де зиянын тигізуде.

Өзара сенімнің Женева келіссөздерін толықтырып, Сириядағы жағдайды бейбіт жолмен реттеуге қолдан келгенше үлес қосып келе жатқан Астана алаңындағы диалогқа негіз болғанын осы жерде ерекше атап өткен жөн.

Бесінші. Жаппай қырып-жою қаруларының таралуымен күрес жүргізудегі тиімді құралдың бірі ‒ ядролық қарудан азат аймақтар құру. Сондай-ақ, бұл ұжымдық сенім білдірудің үлгісі болып табылады.

Таяу Шығыста ядролық қарудан азат аймақ құру күш-жігер жұмсауды жалғастыруды маңызды деп санаймын. Мүдделі тараптарды жұмысты жаңғыртуға шақырамын және кейбір елдер арасындағы түсініспеушіліктер жақын арада шешімін табады деп үміттенемін.

Алтыншы. Бүгінде ғылыми жетістіктерді пайдаланып, жанталаса қаруланудың жаңа толқынының туындау қаупі бар. Осыған орай, халықаралық қоғамдастық жаңа әскери және ақпараттық технологиялардың жасалуы мен таралуына бақылауды күшейтуге тиіс.

Сенім шаралары ғарыш кеңістігін милитаризациялаудың алдын алуға қатысты ортақ ұстаным қалыптастыру барысында да керек болады.

Әлемдік ядролық державалар арасындағы өзара түсіністік пен өзара сенім жағдайында ғана көптеген қақтығыстың алдын алып, тиімді реттеуге болатыны бүгінгі күннің шындығына айналды. Ядролық апатты болдырмау үшін оларға адамзат алдындағы зор жауапкершілік жүктелген. Әсіресе, ірі ядролық державалар ядросыз әлем құру үшін күрестің алдыңғы шебінде болып, жаппай қырыпқырып-жою ққаруларын қысқартудың үлгісін көрсетуі қажет.

Бірақ бұл басқа елдер сырт қалуға тиіс. Олар ештеңеге ықпал ете алмайды дегенді білдірмейді.

 

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше