Президент • 19 Қаңтар, 2018

Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ-та екіжақты кездесулер өткізді

349 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Польша Республикасының Президенті Анджей Дудамен кездесті, деп хабарлады Қазақстан Президентінің баспасөз қызметі.

 

Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ-та екіжақты кездесулер өткізді

Сурет Президенттің баспасөз қызметінен алынды

Мемлекет басшысы әңгімелесу барысында А.Дуданы Польшаның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретіндегі қызметінің басталуымен құттықтады.

– Бүгінгі кездесу қарым-қатынастарымызды талқылау үшін бізге зор мүмкіндік береді. Польшаның Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің 2018-2019 жылдардағы тұрақты емес мүшесі ретіндегі қызметінің басталуымен құттықтаймын, – деді Қазақстан Президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақ­стан мен Польшаның БҰҰ Қауіп­сіздік Кеңесі жұмысындағы ұста­ным­дарының ұқсастығын атап өтті.

– Біздің ой-пікіріміз бен Бірік­кен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңе­сіндегі жұмыс бағытымыздың ұқсас екеніне қуаныштымын. Менің Вар­ша­ваға сапарым және Сіздің өткен жылғы Астанаға сапарыңыз әлі есімде. Мұндай кездесулер бізді әрі елдерімізді жақындата түседі, – деді Қазақстан Президенті.
А.Дуда кездескеніне және екі­жақты ынтымақтастықтың өзекті мә­селелерін талқылау мүмкіндігі бол­ғанына ризашылық білдірді.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Антониу Гутерришпен кездесті. Әңгімелесу алдында Нұр­сұлтан Назарбаев Біріккен Ұлттар Ұйы­мының Құрметті қонақтар кіта­бына қолтаңба қалдырды. Кездесу барысында тараптар Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі төра­ғалығымен байланысты өзекті мә­селелерді талқылады.

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше