Президент • 19 Қаңтар, 2018

Қазақстан Президенті «ExxonMobil» компаниясының бас атқарушы директорымен кездесті

208 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Президенті «ExxonMobil» компаниясының бас атқарушы директоры Даррен Вудспен кездесті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

 

Қазақстан Президенті «ExxonMobil» компаниясының бас атқарушы директорымен кездесті

Сурет Президенттің баспасөз қызметінен алынды

Мемлекет басшысы Қазақ­стан мен «ExxonMobil» компа­ниясы арасында мұнай-газ са­ла­сында қалыптасқан экономи­калық серіктестікті айрықша атап өтті.

Сонымен қатар бұл ком­па­нияның Теңіз және Қашаған мұ­най-газ кен орындарын игеруге арналған жобаларға атсалысып отырғанын айтты.
Д.Вудс Нұрсұлтан Назар­баевты Қазақстанның БҰҰ Қауіп­сіздік Кеңесіндегі төраға­лы­ғының басталуымен және АҚШ Президенті Д.Трамппен өткен келіссөздердің табысты болуымен құттықтады.


 

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше