Қазақстан • 19 Қаңтар, 2018

Алматыда бастауыш сынып оқушылары арасында футболдан чемпионат өтті

986 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Алматыда  «Қалалық Дене шынықтыру және спорт оқу-тәжірибелік орталығы» бастауыш сынып оқушыларының футбол біріншілігін  дүркіретіп өткізді. Балалар арасында ұзақ уақыт айтылып жүретін әңгімеге айналды. Нағыз Футбол сабағы болып есте қалған шығар дейсіз...

Алматыда бастауыш сынып оқушылары арасында футболдан чемпионат өтті

Жақында доп қуған балалар «Қайрат» ФК клубының С.Квочкин атындағы спорт кешенінде финалдық ойын мәреге жетті. Бұл талдырмаш  балғындар аңсай күткен футбол сабағына ҚБ БҒМ Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы спорт бөлімінің басшысы Б.Рамазанов, Алматы  қаласы Білім басқармасының «Қалалық дене шынықтыру және спорт оқу-тәжірибелік орталығының» директоры Е.Назаров, орталық директорының орынбасары Н.Ковалик, нұсқаушылары Б.Елемесов, Ж.Ризван және «Қайрат» академиясы департаментінің басшысы Қ. Ордабаев, осы академияның ардагерлері Ю.Шадиев, В.Масудов, А.Қожабергенов тағы басқа да ойыншылар қатысты.

Финалдық ойын жоғарғы дәрежеде өтті, жеңімпаздарға спорт орталығы атына «Кока-кола» компаниясының сыйға тартқан футбол доптары сыйлыққа берілді. Нәтиже бойынша футболдан командалық есепте 1-2 сыныптар арасында Жетісу ауданы бірінші орын, Алмалы  ауданы екінші орын иеленсе, жүлделі үшінші орынға Наурызбай ауданы көтерілді. Ал 3-4 сыныптар бойынша  Әуезов ауданы бірінші орын, Түрксіб ауданы екінші орын, Медеу ауданы футболшылары үшінші  орынды қанағат тұтты. Ақтық жарыстың екінші кезеңінде 1, 2, 3 орын алған команда «Қайрат» ФК ұжымының  кубоктарымен, дипломдарымен, медальдарымен сонымен қатар, балалардың жоғары дәрежеде ойын көрсетуіне жаттықтырушылар алғыс хаттармен марапатталды. Жарыс барысында ерекше ойын көрсеткен ойыншыларға, үздік қақпашы, үздік шабуылшы, үздік ойыншы, үздік қорғаушы жүлделері табыс етілді. Қазір балар келесі каникулды асыға күтіп жүр.

Сапарбай ПАРМАНҚҰЛ,
«Егемен Қазақстан»