АХҚО, Atameken Business Channel және Bloomberg серіктес атанды

«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО), Atameken Business Channel және Bloomberg Нью-Йоркте  жергілікті уақыт бойынша 12.30-да үшжақты келісімге қол қойд6 деп хабарлады abctv.kz.

Егемен Қазақстан
19.01.2018 6728

Келісім шартқа сәйкес Atameken Business Channel  АХҚО-ның ресми ақпараттық серіктесі атанды. Келісімнің  жарамдылық мерзімі – ұзарту мүмкіндігімен  екі жыл.   АХҚО мен Bloomberg арасындағы ынтымақтастық туралы алғашқы уағдаластыққа  ҚР премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев АҚШ-қа жұмыс сапарымен барған кезде қол жеткізілген болатын.

2017 жылдың 12 сәуірінде ҚР премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев АҚШ-қа жұмыс сапарымен барғанда Нью-Йорктің экс-мэрі Рудольф Джулиани және Майкл Блумбергпен кездескен еді. Келіссөз барысында телекоммуникация инфрақұрылымын дамыту саласындағы ынтымақтастық, сондай-ақ «Астана» халықаралық қаржы орталығын (АХҚО) дамытуға қатысты мәселелер талқыланған.

Келіссөздің ең басты нәтижесі – Астанада Bloomberg-тің телеарнасын және кеңсесін ашу уағдаластығына қол жеткізу болды. «Atameken Business Channel мен Bloomberg-тің ынтымақтастығы Қазақстан бизнесмендерінің инвестициялық мүмкіндігі туралы ақпаратты әлем бизнесмендеріне жеткізу, біздің елге қаражат тарту және жетекші өңірлік қаржы орталығының дәрежесі деген атаққа ие болу», ­ – деді АХҚО басқарушысы Қайрат Келімбетов. Содан кейін келісімге Atameken Business Channel қосылды.

«Бірнеше минут бұрын Нью-Йоркте біз үшін өте маңызды үшжақты келісімшартқа қол қойылды. Бұл жарты жылдан астам уақыт бойғы күрделі келіссөздердің жемісі.  Біздің үлкен команда келісімшартты алу үшін жұмыс жасады, ал бүгін сол жұмыстың нәтижесін көріп отырмыз. Барлығыңызға үлкен рақмет айтқым келеді. «Астана» халықаралық қаржы орталығы өзінің ресми ақпараттық серіктесі ретінде  Bloomberg-пен қатар ABCTV-ны таңдағаны біз үшін қуанышты жағдай. АХҚО-мен серіктестік бізге Орталықтың ақпаратын қазақ және орыс тілінде таратуға құқық береді. Ал Bloomberg-пен серіктестікке келетін болсақ, онда оның аясында біздің қызметкерлер үздік тренерлерден  үйреніп, Bloomberg-тің Гонконг, Нью-Йорк, Лондондағы кеңселерінде тағлымдамадан өтеді. Осы келісімшарттың аясында іскери журналистиканың әлемдік көшбасшысымен жұмыс істеуге мүмкіндік алдық. Бұл жаңа сапалы деңгейге көтерілуге мүмкіндік береді деп ойлаймыз», ­– деп Atameken Business Channel-дің бас директоры Юлия Синчук келісімшартқа қол қою жайына тоқталды.

16 қаңтар күні «Астана» халықаралық қаржы орталығының баспасөз қызметі ресми түрде жұмыс істей бастағаны туралы хабарлап, компанияларды тіркеу басталды деп мәлімдеді.  АХҚО жанынан қаржылық қызмет көрсетуді  реттеу жөніндегі комитет (АФСА) қызмет құрылып, жұмыс істей бастады. АФСА қызмет көрсетудің кең спектрін, яғни инвестицияларды және активтерді басқару,  private banking, қорларды әкімшілдендіру мен басқару, катодиалдық қызмет, исламдық қаржыландыру ісімен айналысады сондай-ақ өкілдік кеңселердің жұмысын лицензиялайды.

АХҚО аясында алғаш рет посткеңестік кеңістікте ағылшын коммерциялық құқы және Лондон, Нью-Йорк, Гонконг, Сингапур, Дубай сияқты жетекші қаржы орталықтарының стандарттарына негізделген өз құқы бар арнайы заңды құзырет енгізілді. АХҚО-ның тәуелсіз соты құрылды, ол коммерциялық және азаматтық дауларды қарастырады. Сондай-ақ халықаралық төрелік сот құрылды. АХҚО базасында жоғары технологиялық биржа (AIX) жұмыс істейді. Оның стратегиялық серіктестері Шанхай қор биржасы және NASDAQ. Астанаға халықаралық сарапшыларды тартуды жеңілдететін экспат-орталық құрылды. АХҚО бір терезе жүйесін, визаларды беру, тіркеудің жеңілдетілген режимін, жұмысқа тұруға рұқсат және басқа да рәсмдерді  ұсынады.

АХҚО-ның негізгі стратегиялық дамыту бағыттары ­– капитал нарығы, активтерді басқару, жеке тұлғалардың әл-ауқатын басқару, исламдық қаржыландыру, қаржылық технологиялар. Еске сала кетейік, 2015 жылы Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев АХҚО құру туралы конституциялық заңға қол қойды.  АХҚО-ның мақсаты ­ халықаралық деңгейдегі  қаржылық қызметтің  жетекші орталығын қалыптастыру.

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

19.02.2018

Астана қаласы әкімінің халықпен дәстүрлі есептік кездесуі өтеді

19.02.2018

«Қазақконцерт» ұйымының жаңа басшысы тағайындалды

19.02.2018

Теңiз кеме қатынасы қауiпсiздiгiне қатысты заң жобасы қаралды

19.02.2018

Сенаттың баспасөз қызметінің жетекшісі ауысты

19.02.2018

Мемлекет басшысы Тәжікстан Президентімен телефон арқылы сөйлесті

19.02.2018

Алматы облысында «Әдебиет – руханияттың діңгегі» атты әдеби жобаның тұсаукесері өтті

19.02.2018

Айнұр Әбдірәсілқызы: Мемлекет үшін заңнама – қастерлінің қастерлісі

19.02.2018

Алмас Батанов ҚР ИДМ комитет төрағасы болып тағайындалды

19.02.2018

Түрік, Корей фирмалары Қазақстанда құны $470 миллион болатын айналма жол салады

19.02.2018

Алматыда БҰҰ-ның Қазақстандағы Кеңсесінің 25 жылдығы аталып өтті

19.02.2018

82 жастағы қарияның әңгімесі: Әдемі қартаюдың үш сыры

19.02.2018

Сыртқы істер министрі Алматыда БАҚ басшыларымен кездесті

19.02.2018

«Қаракемер» балалар театрында «Алдаркөсенің сиқырлы дүрбісі» миниспектаклі қойылды

19.02.2018

Ғасыр жасаған Еңбек Ері – Мәрзия Ибрагимова

19.02.2018

Қайран, Рахымжаным!

19.02.2018

Қысқы олимпиада: Үміт оты сөнер емес

19.02.2018

Жекешелендірудің түйткілді тұсы көп

19.02.2018

Цифрлық теңсіздікті жою – уақыт талабы

19.02.2018

Апатты үйлердің тұрғындары баспанасыз қалмауы тиіс

19.02.2018

Ауаның ластануы алаңдатып отыр

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Жылқыбай ЖАҒЫПАРҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Әлеуметтік әділеттілік жолы

Енді ғана тағайындалған Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау ми­нистрі Мәдина Әбілқасымова Үкімет отырысындағы өзінің алғашқы баян­дамасында « МӘМС жүйесін енгізуді бастау үшін үстіміздегі жылы толық­қанды дайындық жұмыстары қам­тамасыз етілетін болады» деп атап көр­сетті. 

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Жаһандық қауіп арта бастады

Жақында АҚШ өзінің жаңа ядро­лық стратегиясын жариялады. Он­да қандай қауіп болған жағдайда Пента­гонның аждаһа қаруға жүгіне­тіні нақты айтылған. 

Қорғанбек АМАНЖОЛ, «Егемен Қазақстан»

Пассионар

Гумилев анықтамасына жүгін­сек,­ пассионарлық – жұлдыздардың әсе­рімен, табиғат пен тарихаттың қи­лы­ дүмпулерімен қайталанып тұра­тын­ заңды құбылыс. Пассио­нарлар бой­­­ларында тасыған күш-қуат­ты, жү­рек­теріндегі жалын жі­гер­ді айнала тө­ңірегін, келе-келе күллі қауым-жұр­тын өзгерту ора­йын­дағы мақсатты жұ­мысқа жұм­сайды. Олай болса, пассио­нарларды қоғамдық қозғалыстың не­ғұрлым белсенді тегершіктері, жа­ңа­шылдар, жасампаздар десек те жа­раса­ды.

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Айтушың қандай, ағайын?

«Айтушы ақылды болса, тыңдау­шы дана болады» дейді халық ма­қа­лы. Осы бір тәмсілдің өн бойында үл­кен ұлағат жатқанына шек кел­ті­ру­дің өзі күнә. 

Думан АНАШ, «Егемен Қазақстан»

Блокчейн: сый мен сын

Таяуда Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Қаржы министріне қарата айтқан сөзінде блокчейн технологиясын са­лық жинау жүйесінде қолдануды құп­таған болатын. Бұл – бүкіл әлем­ге сыйы мен сынын қоса әкеле жат­қан төртінші өнеркәсіптік рево­лю­цияның бір жаңалығы.

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу