БҰҰ ҚК-де Терроризмнен азат әлемге қол жеткізу тәртібі кодексінің жобасы таныстырылды

БҰҰ штаб-пәтерінде Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен Терроризмнен азат әлемге қол жеткізу тәртібі кодексінің алғашқы жобасы таныстырылды. Бұл туралы СІМ баспасөз қызметі хабарлады. 

Егемен Қазақстан
20.01.2018 5337

Құжатты Қазақстан Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов ресми түрде жариялады.

Іс-шара БҰҰ-да үлкен қызығушылық тудырды. Жобаны таныстыру мен оны талқылауға 100-ден астам ұйымға мүше-мемлекет делегациясы қатысты. Жоғары дәрежедегі қатысушылар арасында Кувейттің премьер-министрі - сыртқы істер министрі шейх Сабах аль-Халед ас-Сабах пен Ауғанстан сыртқы істер министрінің орынбасары Хикмет Карзай болды. БҰҰ Контртеррористик басқарма басшысы - Бас хатшының орынбасары Владимир Воронков пен БҰҰ Бас хатшысының саяси мәселелер жөніндегі көмекшісі Мирослав Енча баяндама жасады.

Қазақстаннның сыртқы саяси ведомствосының басшысы Қ. Әбдірахманов отырысты аша отырып, Қазақстанның халықаралық лаңкестікке қарсы күреске қосқан үлесі ретінде бастамашылық жасаған кодекс бойынша жұмыстың мақсаттары мен негізгі мазмұнын атап өтті. Құжаттың негізгі мақсаты - терроризмнен азат әлем құру мақсатында 2045 жылы БҰҰ-ның жүз жылдығына қол жеткізу және контртерроризм бойынша серіктес-елдердің кең халықаралық коалициясын құру.

В. Воронков қауіпсіздікті қамтамасыз ету және оны тұрақты дамыту жолындағы Қазақстанның қосқан үлесін жоғары бағалады. Сондай-ақ, ол БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіндегі Астананың рөлі мен жұмысын атап өтті.

М. Енча өзінің баяндамасында контртерроризм бойынша Қазақстан мен БҰҰ мақсаттарының сәйкес келетінін тілге тиек етіп, осы бастамада Астанаға сәттілік тіледі.

Ауғанстан сыртқы істер министрінің орынбасары Тәртіп кодексінің жобасына жоғары баға беріп, халықаралық ынтымақтастық пен БҰҰ контртеррористік архитектурасын нығайтудағы маңызды қадам екенін атап өтті.

Отырыста сөз сөйлеген Қауіпсіздік кеңесінің мүше-елдері делегациялары Қазақстанның бастамасын қолдады және болашақта жобаны жетілдіру мақсатында талқылауға дайын екендіктерін жеткізді. 

 

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

17.08.2018

Қазақстан Президенті «Журавлевка 1» ауыл шаруашылығы кешенін аралап көрді

17.08.2018

Роман Григорчук «Астана» клубының бас бапкерлігінен уақытша кетті

17.08.2018

Қазақстандық велотрекші әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

17.08.2018

Тау туризмін дамыту қажет

17.08.2018

Еңбек ері – ұрпаққа үлгі

17.08.2018

Тарихи текетірес:Олжабай ма, Жаяу Мұса ма?

17.08.2018

Мемлекет басшысы «Агрофирма Эксимнан» ауыл шаруашылығы кешенін аралап көрді

17.08.2018

«Нұрлы жер» аясында миллионнан астам шаршы метрі пайдалануға берілді

17.08.2018

Өзбекстанға Қазақстан арқылы өтетін автокөлік ағыны көбейді

17.08.2018

Озық идеядан – өндіріске

17.08.2018

Қазақстан және Германия Сыртқы істер министрлері екі елдің ынтымақтастығын талқылады

17.08.2018

Балаларға лагерь, лагерьлерге қаражат жеткіліксіз

17.08.2018

Елбасы Ильичевка ауылындағы тұрғын үй құрылысымен танысты

17.08.2018

Нұрсұлтан Назарбаев «Тайынша май» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне барды

17.08.2018

«Корея» синдромы

17.08.2018

Жақсы іс жалғасын табады

17.08.2018

ШҚО-да Шәкәрімнің160 жылдығы тойланып жатыр

17.08.2018

Шекарадағы құқық бұзушылық азайып келеді

17.08.2018

Сүт өнімдеріндегі баға теңсіздігі белең алып тұр

17.08.2018

Ауыл кооперативінің артықшылығы

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Қорғанбек АМАНЖОЛ, «Егемен Қазақстан»

Тілтолғақ пен тілтұтқа

Әлеуметтік желіден «Астана қаласы­ның қаракөз балдырғандары қазақша сөй­лемейтіні несі?» деген сыңайдағы сұрау­лы сөйлем, қобалжулы пікірді көзіміз шалып ойланып қалдық, қапаландық. 

Жылқыбай ЖАҒЫПАРҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Ертеңгі ұрпақтың да еншісі бар

Қойнауы құт қазақ жері тәуел­сіз­дігі­міздің ширек ғасырдан асқан шежіресінде ел экономикасын тұралап қалу қасіретінен сақтап келеді. 

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Мәдениетке мән берсек...

Үйіміздің жанындағы азық-түлік сататын дүңгіршекке соңғы кезде сатушы құтаймай-ақ қойды, жиі-жиі ауысады. Бұрын тіпті мұнда сатушы қыздардың Павлодардан қатынап істейтінін естіп-біліп жүретінбіз. «Екі апта Астанада сауда жасасақ, екі апта бала-шағамыздың қасында болғанға мәзбіз. Ауылдан қалаға қатынап істеудің азабы мен машақаты мұндайды бастан өткізген адамға ғана мәлім. 

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

«Арбамен қоянға жетер» күн қайда?

1998 жылы Kodak фирмасында 170 мың адам жұмыс істеген екен және әлем бойынша саудаланған фотоқағаздың 85 проценті дәл осы фирманың үлесіне тиген. Небәрі бірнеше жылдың ішінде олардың бизнес-моделі жойылып, фирма банкрот болған. Бұл нені білдіреді?

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Аграрлық саладағы болашақ мамандықтар

Сарапшылардың болжамдарына қарағанда, әлемдік аграрлық салада 15-20 жылдың ішінде революциялық өз­герістер жүзеге асырылады. Жаңа тех­нологиялардың шапшаң қарқынмен дамуы, ғарыш кеңістігін игеруге көптеген елдердің құлшыныс танытуы, гендік инженерия ықпалының күшеюі, азық-түлікке сұраныстың артуы, бос жатқан жерлердің азаюы секілді факторлар әлем бойынша жаңа технологиялармен қаруланған жаңа тұрпатты ауыл ша­руашылығын қалыптастырады. Сөйтіп ауыл шаруашылығы өзгерістерге барынша баяу бейімделетін ең консервативті сала деген бұрынғы түсініктің көбесі сөгіледі.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу