Астана тұрғын үй құрылысына тартылған инвестициялардың көлемі бойынша көш бастап тұр

Елорда әкімдігінде жаңа мемлекеттік органдарды құру және мемлекеттік өкілеттіктерді қайта бөлуге қатысты орын алатын өзгерістер талқыланды. Астана қаласы әкімінің бірінші орынбасары Сергей Хорошунның төрағалығымен өткен кеңесте тұрғын үй құрылысы аясында жүзеге асқан жобалардың қорытындылары шығарылды деп хабарлайды astana.gov.kz.

Егемен Қазақстан
20.01.2018 5149

Кеңесте 2017 жылдың қорытындысы белгілі болып, проблемалы нысандарға қатысты мәселелер көтерілді.

Мем лекеттік архитектуралық-құрылыс бақылау басқармасының басшысы Төлеген Құлышев өткен жылы жүргізілген жұмыстың нәтижелеріне тоқталған болатын.

Оның деректерінше 2015-2017 жылдар аралығында құрылыстың сапасы біршама жоғарылап, салынып жатқан ғимараттардың сапасына қатысты түскен шағымдар едәуір кеміген.

«Заңға қайшы келетін құрылыстың жолы кесілгеннен кейін өз еркімен ғимаратты салу деген де жоғалды. 2017 жылы әкімшілік жауапкершілікке 655 субъект тартылды. Келтірілген залал 114 173 568 теңгені құрады. Бүгінге дейін 520 субъектен 76 363 653 теңге өндірілді. Әкімшілік сот арқылы жауапкершілікке 460 субъект тартылып, 35 815 940 теңге өндірілді», - деп мәлімдеді Т. Құлышев.

Өз сөзінде ол соңғы үш жыл ішінде басқарудың әкімшілік тәжірибесі де арта түскенін атап өтті.  

«Егер бұрын әр жетінші істің сот пен прокуратура күшін жойса, бүгін ондай факт жоқ. Бұдан бөлек, заңсыз құрылыс бойынша пәрменді санкциялардың жоқтығы салдарынан 2016 жылы құрылысты заңсыз деп тану және оны сүру жөніндегі шағымдарды түсіру ісінің сот тәжірибесі реттеле басталады. Бұрын соттар әкімшілік тәжірибенің негізінде мұндай шағымдарды қабылдамайтын», - деді Т. Құлышев.

Спикердің айтуына қарағанда, соттарға жыл баснынан жеке және заңды тұлғаларға қатысты құрылысты уақытша тоқтату, нысандарды пайдалану және құлату жөніндегі 41 шағым түскен. Олардың он алтысын сот қанағаттандырса, жиырмасы соттың қарауында жатыр.

2017 жылдың басынан ведомствоның сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласын қамтитын жобаларды басқару бойынша мекемені аккредитациялау сияқты қосымша функциясы бар.

«Үш жылдың ішінде басқарма 3587 лицензияны берді. Ал 2017 жылы 1654 құрылыс лицензиясы берілді. Қазіргі таңда жұмыс істеп тұрған компаниялардың квалификациялық талаптарға сай келетіндігі тексеріліп жатыр. Білікті мамандардың жұмыс істеуі, арнайы жабдықтармен, техникамен жарақтандырылуы нысандар құрылысының сапасына әсер етеді. Өткен жылы осындай негіздегі 30 лицензияның күші тоқтатылды», - деп атап өтті басқарма басшысы.

Әкімдік қаулысының негізінде ақпанда жаңадан «Астана қаласы ортасының бақылауы мен сапасы басқармасы» құрылатын болады. Аталмыш ведомствоға мем лекеттік архитектуралық-құрылыс бақылау басқармасының функциялары мен өкілеттіктері, архитектура, еңбекті қорғау, тұрғын үй инспекциясы, ветеринария инспекциясына қатысты кейбір сұрақтар, жер қатынастары басқармасының бақылау-қадағалау функциялары беріледі. Алдағы уақытта құрылыс жұмыстары жүріп жатқан нысандарды тексеру кезінде сұрақтар кешенді түрде қамтылатын болады.

Инспектор ҚР заңнамасының  архитектуралық-құрылыс, тұрғын үй заңнамасы, еңбекті қорғау, жер заңнамасы және т.б. тұрғысында сақталуын тексеретін болады. 

Сондай-ақ проблемалы нысандармен жұмыс бойынша басқарманың қолдауымен ВАК-ның жұмысы аясында 100-ден астам нысанның құрылысы аяқталды.

Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде баспананың 380 мың шаршы метрі пайдалануға беріліп, 6370 адам қоныс тойын тойлады.

Төлеген Құлышев құрылысқа үлескерлікпен қатысудың негізгі проблемаларына да тоқталып өтті.

Оның ойынша, тиісті рұқсат хатынсыз үлескерлерден ақша жинау, құрылыс компаниясының өз міндеттерін орындамауы, қаржының мақсатсыз жұмсалуы құрылысқа үлескерлікпен қатысудың негізгі проблемалары болып табылады.

ВАК жұмысының аясында 2015-2017 жылдар аралығында 100-ден астам құрылыс нысанындағы пәтерлерді заңсыз жолмен сату оқиғаларының жолы кесілді.

Осының нәтижесінде құрылыс компаниясының жетекшілеріне қатысты 28 қылмыстық іс қозғалды. Алаяқтық және заңсыз кәсіпкерлік қызмет фактісі бойынша компаниялардың 30 лауазымды тұлғасы сотты болды.

Заңды аттаған жетекшілердің 53 нысаны бүгінгі таңда әкімдіктің жіті бақыдауында. Былтыр мұндай нысандардың саны 69-ды құрайтын.

«Құрылыс жұмыстары жүріп жатқан тұрғын үй кешендеріндегі пәтерлердің заңсыз сатылымының алдын алу мақсатында Астана қаласының прокуратурасы 2017 жылдың қазанында тиісті рұқсатсыз пәтерлерді жарнамалап, сатумен айналысатын құрылыс компаниясының жетекшілігіне қатысты шаралардың алгоритмін әзірледі. Басқарма да бұл бағыттағы жұмыстарын жалғастырып жатыр», - деп түйіндеді Т. Құлышев.

Кеңес қорытындысы бойынша Астана қаласы әкімінің бірінші орынбасары Сергей Хорошун ведомствоның жұмысына бағасын беріп, құрылым қызметінің тиімділігін арттыру бойынша осы жылға арналған мақсат-міндеттерді белгіледі.

«Құрылыс жұмыстарының көлемі жөнінде айтар болсақ, 2017 жылы бұл көрсеткіш 608 млрд теңгені құраған болатын. Бұл - республикадағы ең үздік нәтиже. Былтыр біз баспананың 2 млн 357 мың шаршы метрін пайдалануға бердік. Соңғы бірнеше жылдағы рекорд міне осы. Тұрғын үй құрылысына тартылған инвестиция көлемі 228 млрд теңгені құрады», - деп мәлімдеді Сергей Хорошун. 

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

15.08.2018

Қазақстан 2019 жылы 5G интернетке қол жеткізеді

15.08.2018

Мемлекет басшысы Италия Республикасының Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады

15.08.2018

Бақытжан Сағынтаев денсаулық сақтау саласын дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді

15.08.2018

БҚО: Шалқар көлінде 4 адамды құтқарылды

15.08.2018

«Хат қоржын»

15.08.2018

Елбасы Парламент Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевты қабылдады

15.08.2018

Сақтандыру шарттарын 2019 жылдан бастап онлайн режимде жасауға болады

15.08.2018

Түріктер «Қазақфильмнің» туындыларын көрсетпек

15.08.2018

Алдағы тәулікте күн суытады

15.08.2018

Астананың апорты

15.08.2018

«Егеменнің» қолдауымен «Ұлы Дала рухы» фотокөрмесі өтті

15.08.2018

Адам Пжегодскийдің Жетісудағы көпқырлы қызметі

15.08.2018

Қыркүйек айынан бастап «Астана-Теміртау» күре жолы ақылы болады

15.08.2018

Дәметкен Сүлейменованың «Жаһанша Досмұхамедов һәм қазақ автономиясы» кітабы жарық көрді

15.08.2018

Жазықсыз атылған жампоз

15.08.2018

Астананың білім беру мекемелерінің 45 басшысы тәртіптік жазаға тартылды

15.08.2018

Қарулы күштерінің сержанты ер-азаматқа лайық батылдық жасады

15.08.2018

Атыраудағы «КасХим» жылына 27 млн полипропилен мен полиэтилен шығарады

15.08.2018

Керекулік өрендер жазды ойдағыдай өткізуде

15.08.2018

Алексей Цой жеке қабылдауына жазылған азаматтармен кездесу өткізді

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Мәдениетке мән берсек...

Үйіміздің жанындағы азық-түлік сататын дүңгіршекке соңғы кезде сатушы құтаймай-ақ қойды, жиі-жиі ауысады. Бұрын тіпті мұнда сатушы қыздардың Павлодардан қатынап істейтінін естіп-біліп жүретінбіз. «Екі апта Астанада сауда жасасақ, екі апта бала-шағамыздың қасында болғанға мәзбіз. Ауылдан қалаға қатынап істеудің азабы мен машақаты мұндайды бастан өткізген адамға ғана мәлім. 

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

«Арбамен қоянға жетер» күн қайда?

1998 жылы Kodak фирмасында 170 мың адам жұмыс істеген екен және әлем бойынша саудаланған фотоқағаздың 85 проценті дәл осы фирманың үлесіне тиген. Небәрі бірнеше жылдың ішінде олардың бизнес-моделі жойылып, фирма банкрот болған. Бұл нені білдіреді?

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Аграрлық саладағы болашақ мамандықтар

Сарапшылардың болжамдарына қарағанда, әлемдік аграрлық салада 15-20 жылдың ішінде революциялық өз­герістер жүзеге асырылады. Жаңа тех­нологиялардың шапшаң қарқынмен дамуы, ғарыш кеңістігін игеруге көптеген елдердің құлшыныс танытуы, гендік инженерия ықпалының күшеюі, азық-түлікке сұраныстың артуы, бос жатқан жерлердің азаюы секілді факторлар әлем бойынша жаңа технологиялармен қаруланған жаңа тұрпатты ауыл ша­руашылығын қалыптастырады. Сөйтіп ауыл шаруашылығы өзгерістерге барынша баяу бейімделетін ең консервативті сала деген бұрынғы түсініктің көбесі сөгіледі.

Әлисұлтан ҚҰЛАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Бесінші саммит және Каспий «бестігі»

Кеше Ақтау қаласында Каспий маңы мем­лекеттері басшыларының Бесінші саммиті өтті. Аса маңызды халықаралық жиынға Қазақ­станның, Ресейдің, Әзербайжанның, Иранның және Түрікменстанның президенттері қатыс­ты. Тараптар Каспий теңізінің құқықтық мәрте­бесі, теңізде экономика, көлік-транзит, эколо­гия, қауіпсіздік және басқа да салалар бойын­ша ынтымақтастық орнату мәселелерін талқылады. 

Қорғанбек АМАНЖОЛ, «Егемен Қазақстан»

Шалдың баласы

Қазақ менталитетінің өзіне тән тағы бір ерекшелігін айқындап, бекзат болмысын ажарлап әмбе сақтап келе жатқан әдет-ғұрыптарының бірі отбасындағы үлкен баланы, әсіресе ұлдың тұңғышын ата-әжесінің бауырына салу дер едік. Ол атасының баласы болып өседі. Шалдың баласы құдайдың еркесі, оны ешкім бетінен қақпайды. 

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу