Қазақстан • 20 Қаңтар, 2018

Алматыда автобус ағашқа соғылып, 8 адам жарақат алды

279 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы қаласында Сүйінбай көшесімен келе жатқан 416-шы бағдардағы автобус апатқа ұшырады. Салдарынан 8 адам жарақат алды.

Алматыда автобус ағашқа соғылып, 8 адам жарақат алды

Автобус жүргізушісінің айтуынша, белгісіз көлік оның жолын қиып кетпек болған. Осыдан кейін, ол көлік рөліне ие бола алмай, жол жиегіндегі ағашқа соғылған. Жол апатынан 8 жолаушы зардап шеккен, оның біреуі ауыр хәлде. Автобуста барлығы 20 жолаушы болған.