Қазақстан • 21 Қаңтар, 2018

Бүгін еліміздің басым бөлігінде күн ашық болады

187 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

21 қаңтарда елімізде ауа райының қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды "Қазгидромет".

Бүгін еліміздің басым бөлігінде күн ашық болады

Синоптиктердің хабарлауынша, антициклонның әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз болады, тек батыста және солтүстік-батыстың кей жерлерінде аздаған қар жауады.

"Республиканың кей жерлерінде желдің күшеюі, тұман, батысында көктайғақ, солтүстік-батыстың кей жерлерінде бұрқасын күтіледі. Қызылорда, Жамбыл, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетеді", - деп хабарлады синоптиктер.

Сонымен қатар, Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, күндіз жел күшейеді. Ақтөбе облысының кей жерлерінде тұман, желдің жылдамдығы секундына 18 метрге дейін ұлғаяды, ал түнде бұрқасын болады.

"Атырау облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Алматы облысы Жалаңашкөл ауданында жел күшейіп, жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Маңғыстау, Павлодар, түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман болады", - деп ескертті метеорологтар.