Сыртқы істер министрі Нью-Йоркте бірнеше кездесу өткізді

Қазақстанның Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің отырысы аясында 18 және 19 қаңтар күндері Нью-Йоркте бірқатар екіжақты кездесулер өткізді. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Егемен Қазақстан
21.01.2018 5104

Атап айтқанда, қазақстандық сыртқы саясат ведомствосының басшысы Ресей, Қырғызстан, Тәжікстан мен Кувейт елдеріндегі өз әріптестерімен, сондай-ақ БҰҰ Бас хатшысымен кездесті.  

Ресейдің Сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен кездесуде әріптестер достық мәндегі дәстүрлі қалыпта екіжақты қарым-қатынастың дамуын талқылап, жаһандық және аймақтық мәселелерге байланысты пікірлерімен бөлісті. Кездесу барысында БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің күн тәртібіндегі мәселелер айтылып, аталған сұрақтарға байланысты Астана мен Мәскеудің ұстанымының жақындығы дәлелдене түсті. Қайрат Әбдірахманов 2017 жыл бойы Астананың БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі құрамындағы жұмысына қолдау білдіргені үшін ресейлік әріптесіне алғыс білдірді. Өз кезегінде Сергей Лавров Қазақстанның Қауіпсіздік Кеңесіндегі төрағалық қызметіне жоғары баға берді.

Қырғызстанның Сыртқы істер министрі Эрлан Абдылдаевпен болған кездесуде Қазақстанның сыртқы саясат ведомствосының басшысы аймақтық және жан-жақты мәселелерді талқылап, екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін, соның ішінде Қырғызстан Президенті Сооронбай Жээнбековтың өткен жылдың соңында Астанаға ресми сапары барысында қол жеткізілген келісімдердің іске асырылуын қаузады.

Қайрат Әбдірахманов Тәжікстанның сыртқы істер министрі Сироджид Асловпен Астана ме Душанбенің аймақтық және екіжақты ынтымақтастығын талқылады. Тәжік дипломаты Қазақстанның Қауіпсіздік Кеңесіндегі бірінші рет төрағалық етуіне және Ауғанстан мен Орталық Азиядағы қауіпсіздік мәселелеріне байланысты дебаттың шақырылуына жоғары баға берді.

Қазақстанның Сыртқы істер министрі сонымен бірге Кувейт Мемлекетінің сыртқы істер министрі - Премьер-министрдің орынбасары Шейх Сабах әл-Халед Ас-Сабахпен кездесу өткізді. Кездесу барысында тараптар екіжақты ынтымақтастықты дамыту жолдарымен қатар, ортақ мүдде тұрғысында бірқатар халықаралық мәселелер бойынша пікір алмасты. Қайрат Әбдірахманов БҰҰ аясында бірсыпыра халықаралық жобалардың бастамашысы болып жүрген Кувейттің белсенді рөлін ерекше атап өтіп, Қауіпсіздік Кеңесіндегі тұрақты емес мүше ретінде бұл елдің жаһандық қауіпсіздікті нығайтуда өз үлесін қосатынына сенім білдірді.

19 қаңтар күні Қазақстан СІМ басшысы дәстүрлі түрде ай сайын өтетін БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриштің Қауіпсіздік Кеңесіне тұрақты мүше-мемлекеттердің өкілдерімен кездесуіне қатысты. Қайрат Әбдірахманов қатысушыларды Сирия мәселесі бойынша Астана процесінің жұмыс барысымен таныстырды. Қазақстандық дипломат өз сөзінде Астана алаңы Сириядағы қарулы қақтығысты тоқтатуға айтарлықтай үлес қосып, БҰҰ ұраны бойынша Женевадағы келіссөз процесіне қосымша дем беріп отырғанын атап өтті. Кездесуге қатысушылар сонымен бірге, Колумбиядағы ахуалды, сондай-ақ БҰҰ бітімгерлік миссиясының қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңызды шарттарын талқылады.

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

19.02.2018

Астана қаласы әкімінің халықпен дәстүрлі есептік кездесуі өтеді

19.02.2018

«Қазақконцерт» ұйымының жаңа басшысы тағайындалды

19.02.2018

Теңiз кеме қатынасы қауiпсiздiгiне қатысты заң жобасы қаралды

19.02.2018

Сенаттың баспасөз қызметінің жетекшісі ауысты

19.02.2018

Мемлекет басшысы Тәжікстан Президентімен телефон арқылы сөйлесті

19.02.2018

Алматы облысында «Әдебиет – руханияттың діңгегі» атты әдеби жобаның тұсаукесері өтті

19.02.2018

Айнұр Әбдірәсілқызы: Мемлекет үшін заңнама – қастерлінің қастерлісі

19.02.2018

Алмас Батанов ҚР ИДМ комитет төрағасы болып тағайындалды

19.02.2018

Түрік, Корей фирмалары Қазақстанда құны $470 миллион болатын айналма жол салады

19.02.2018

Алматыда БҰҰ-ның Қазақстандағы Кеңсесінің 25 жылдығы аталып өтті

19.02.2018

82 жастағы қарияның әңгімесі: Әдемі қартаюдың үш сыры

19.02.2018

Сыртқы істер министрі Алматыда БАҚ басшыларымен кездесті

19.02.2018

«Қаракемер» балалар театрында «Алдаркөсенің сиқырлы дүрбісі» миниспектаклі қойылды

19.02.2018

Ғасыр жасаған Еңбек Ері – Мәрзия Ибрагимова

19.02.2018

Қайран, Рахымжаным!

19.02.2018

Қысқы олимпиада: Үміт оты сөнер емес

19.02.2018

Жекешелендірудің түйткілді тұсы көп

19.02.2018

Цифрлық теңсіздікті жою – уақыт талабы

19.02.2018

Апатты үйлердің тұрғындары баспанасыз қалмауы тиіс

19.02.2018

Ауаның ластануы алаңдатып отыр

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Жылқыбай ЖАҒЫПАРҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Әлеуметтік әділеттілік жолы

Енді ғана тағайындалған Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау ми­нистрі Мәдина Әбілқасымова Үкімет отырысындағы өзінің алғашқы баян­дамасында « МӘМС жүйесін енгізуді бастау үшін үстіміздегі жылы толық­қанды дайындық жұмыстары қам­тамасыз етілетін болады» деп атап көр­сетті. 

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Жаһандық қауіп арта бастады

Жақында АҚШ өзінің жаңа ядро­лық стратегиясын жариялады. Он­да қандай қауіп болған жағдайда Пента­гонның аждаһа қаруға жүгіне­тіні нақты айтылған. 

Қорғанбек АМАНЖОЛ, «Егемен Қазақстан»

Пассионар

Гумилев анықтамасына жүгін­сек,­ пассионарлық – жұлдыздардың әсе­рімен, табиғат пен тарихаттың қи­лы­ дүмпулерімен қайталанып тұра­тын­ заңды құбылыс. Пассио­нарлар бой­­­ларында тасыған күш-қуат­ты, жү­рек­теріндегі жалын жі­гер­ді айнала тө­ңірегін, келе-келе күллі қауым-жұр­тын өзгерту ора­йын­дағы мақсатты жұ­мысқа жұм­сайды. Олай болса, пассио­нарларды қоғамдық қозғалыстың не­ғұрлым белсенді тегершіктері, жа­ңа­шылдар, жасампаздар десек те жа­раса­ды.

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Айтушың қандай, ағайын?

«Айтушы ақылды болса, тыңдау­шы дана болады» дейді халық ма­қа­лы. Осы бір тәмсілдің өн бойында үл­кен ұлағат жатқанына шек кел­ті­ру­дің өзі күнә. 

Думан АНАШ, «Егемен Қазақстан»

Блокчейн: сый мен сын

Таяуда Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Қаржы министріне қарата айтқан сөзінде блокчейн технологиясын са­лық жинау жүйесінде қолдануды құп­таған болатын. Бұл – бүкіл әлем­ге сыйы мен сынын қоса әкеле жат­қан төртінші өнеркәсіптік рево­лю­цияның бір жаңалығы.

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу