Аймақтар • 21 Қаңтар, 2018

Павлодарда металлургтерге 10 көлік берілді

219 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Еуразиялық Топ (ERG) құрамына кіретін «Қазхром» ТҰК» АҚ филиалы – Ақсу ферроқорытпа зауытының 50 жылдық мерейтойы  аталып өтті.

Павлодарда металлургтерге 10 көлік берілді

Фото: Константин СКОРИКОВ

Ал «Skoda Rapid» көліктерінің кілттері дәнекерші-жөндеушілер Еркін Теміртеков, Назымбек Қазенов, аға шеберлер Ерік Әли, Павел Столер, электрмонтер Қайырбек Оспанов, кран машинисі Екатерина Алферова, балқытушы Григорий Поморгайло, тепловоз машинисі Иван Потапов, цех басшысы Владимир Чернов, электродшы Жанат Кенжеғалиевтерге табыс етілді. Еуразиялық Топ, «Қазхром» компаниясы және кәсіпорын басшылығы 30 дан аса металлургтерді марапаттады. Оларға «ERG Еңбек айбыны» белгілері, «Еңбек данқы» медальдері, «Қазхром» ТҰК» АҚ Еңбек сіңірген және Құрметті қызметкері» атағы, ал №6 балқыту цехының басшысы Михаил Никитенкоға «Құрметті металлург» атағы берілді.  

Біз БАҚ өкілдері де 50-жылдық мерейтойы құрметіне қатыстық. Жалпы саны 900-ден аса металлург марапатталды. Елу жылда ел жаңа. Бұл күндері өндіріс орнында 7 мыңдай адам еңбек етіп жүр. Жылына 1,2 миллион тонна ферроқорытпа өндіреді. Бүгінде зауыттан 28 пештен тұратын төрт балқыту цехы, агломерациялық цехы, басқа да өндірістік бөлімшелер бар.

Жергілікті ферроқорытпа Жапония, Корея, Қытай, АҚШ және Еуропа елдеріне экспортталады. Зауыт директоры С.Прокопьевтің айтуынша, қазір №6, №4 цехтарда жаңғырту жұмыстары басталмақ. Жалпы, кәсіпорын жыл сайын алып пештерін жаңалап, жаңғыртып тұрады. Пештерде жоғары көміртекті феррохром балқытылады. Жаңа заманауи жүйе-тетік қондырғылармен жабдықталуда. Цехтар автоматтандыру жүйесіне ауыстырылды. Зауыт мамандарының айтуынша бір пеш жылдық өнімділігі – шамамен 50 мың тонна жоғары көміртекті феррохром өндіреді. Топтың қуатты инвестициялық бағдарламасы барлық филиалдарға жоспарлы жөндеулерді уақытында жасауға, жабдыққа кезеңмен жаңарту жүргізуге, экологиялық бағдарламаны жүзеге асыруға, зауыттықтардың еңбек жағдайларын жақсартуға, еңбек өнімділігін және жоғары сапалы өнім көлемін арттыруға мүмкіндік беруде. Зауытта өндірісті модернизациялау, қайтадан жарақтандыру жұмыстары кезең-кезеңмен жүргізілуде. Өндірістің озық технологияларын қолдану және жаңғырту арқылы жоғары көміртекті феррохром өндірісін арттыру болып есептеледі.

Фарида БЫҚАЙ,
«Егемен Қазақстан»

Павлодар облысы,

Ақсу қаласы

Соңғы жаңалықтар