Қазақстан • 22 Қаңтар, 2018

Электронды қызмет – халыққа ең қолайлы тәсіл

1291 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Елбасы биылғы Жолдауында тиімді мемлекеттік басқару аясында мемлекеттік әкімшілендіру кезінде кәсіпкерлер мен тұрғындардың шығындарын қысқартуға байланысты жұмыстарды жалғастырып, «бір өтініш» қағидаты бойынша жекелеген мемлекеттік қызмет көрсетуден кешенді қызмет көрсетуге көшу қажеттігі жөнінде бірқатар тапсырма жүктеді. Осыған байланысты Үкімет үйінде брифинг өтіп, бұл бағыт бойынша қолға алынған жұмыстар нақтыланды.

 

Электронды қызмет – халыққа ең қолайлы тәсіл

Журналистерге мемлекеттік қызмет көрсетуді электронды форматқа көшіру жөнінде то­лыққанды мәлімет берген Ақ­­парат және коммуникация­лар вице-министрі Қайрат Ба­лық­баев электронды үкімет пор­талының дамуы мен «Аза­мат­тарға арналған үкімет» мем­лекеттік корпорациясының қыз­метін жетілдіруге ерекше маңыз беріліп отырғанын жеткізді. «Бұл – мемлекеттік қызметтерді халыққа қолайлы, қолжетімді етудің ең ыңғайлы жолы. Қазіргі таңда 746 мемлекеттік қызметтің 621 түрі, яғни 83 пайыздан астамы «Азаматтарға арналған үкімет» жүйесіне өткізілген. Электронды үкімет инфрақұрылымы арқылы бүгінде 452 мемлекеттік қызмет көрсетіледі», деді вице-министр.

Министрлік мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру, олар­ды электронды форматқа көші­ру жұмыстарын әлі де дамы­та түспек. Осыған байла­нысты былтырдың өзінде жұрт­шылыққа ыңғайлы бірқатар жобалар іске асқан екен. Мысалы, өткен жылы бала тууға байланысты көрсетілетін мем­лекеттік қызметтер проактивті тәсіл ар­қы­лы оңтайландырылған. Бұл жо­баға сәйкес жаңа босанған әйел бұрынғыдай халыққа қыз­мет көрсету орталықтарына келіп жатпай-ақ, телефон арқы­лы сәбиін тіркетіп, туу тура­лы куәлікті жасатып, балабақ­шаға кезекке қойып, тіпті нәрес­тенің өмірге келуіне байла­ныс­ты берілетін тиісті жәрдем­ақы­ны ресімдеген. Вице-минис­тр­дің айтуынша, бұл жерде ха­лық мемлекеттік қызметке жү­гін­бейді, мемлекеттік органдар тие­сілі қызметті ұсынып, халыққа өздері шығады. Айталық, бүгінгі таңда тиісті мамандар жаңа бо­санған 11 590 әйелге өздеріне тиесілі қызметті алу жөнінде SMS-хабарлама жолдаған екен. Олардың 4 мыңға жуығы хабар­лама бойынша проактивті тәсілге жүгінген. Осылайша, 715 туу туралы куәлік беріліп, 261 нәресте балабақшаға кезекке қойылған. 

Бұған қоса, қазір министрлік мемлекеттік қызметтерді электронды цифрлы қолтаңбасыз көр­сету жөніндегі шараларды қол­ға алған. Қазірдің өзінде ЭЦҚ-сыз 30 электронды қызмет түрін алуға болады.

Брифингке қатысқан «Аза­маттарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының бас­қарма төрағасы Абылайхан Ос­панов елімізде жыл сайын 37 млн-нан астам мемлекеттік қыз­мет көрсетілсе, олардың 24 млн-ға жуығы электронды форматта екенін атап өтті. Қазіргі таң­да кез келген мемлекеттік қыз­метті уақтылы көрсету қатаң бақылауға алынған. Осы жұ­мыс­тарды реттеп отыратын арнайы Ахуалдық орталық ашыл­ған. Сон­дай-ақ ақпараттық ашық­тық­ты қамтамасыз ету мақ­са­тында мемлекеттік корпора­ция веб-сайт форумы іске қо­сы­лып, халықпен кері байланыс ор­нату, қызмет көрсету са­па­сын жақсарту мақсатында ұсы­ныс­тарды қабылдай бастаған. А.Ос­пановтың айтуынша, форумда талқыланған мәселелер, кез келген азамат тарапынан жасалған ескертулер назардан тыс қалмай, мұның бәрі саланы жетілдіру барысында ескерілетін болады. 

Жиында «Ұлттық ақпарат­тық технологиялар» АҚ бас­қар­ма төрағасының орынбасары Ботагөз Қасабек Жолдауда аталған «бір өтініш» қағидасы бо­йынша ке­шенді қызмет көр­сетуге кө­шуге мүмкіндік беретін ақпараттық жүйелерді интеграциялау туралы айтып берді. Оның айтуынша, бүгінде электронды үкімет порталы 237 қызмет көрсету мен сервисті, eLicense.kz электронды лицензиялау порта­лы 440 автоматтандырылған қыз­мет алуды ұсынып отыр. Олар­дың ішінде бизнесті тіркеу және дамыту, лицензиялау, салық­тар, банк ісі, субсидиялау сынды онлайн-қызметтер бар.

Қызметтерді электронды формат­қа көшіруге байланысты халық­тың уақыты үнемделіп, қағаз­бас­тылық азай­ғанын атап өт­кен Б.Қасабек оңтай­ланды­ру­дың арқасында бизнесті онлайн тіркеу де жеңілдегенін айта­ды. Ол келтірген мәліметке сүйен­сек, еgov арқылы 2012 жылдан бас­тап 177 824-тен астам компания ашылса, былтыр 48 367-ден астам заңды тұлға тіркелген.

Қымбат ТОҚТАМҰРАТ,
«Егемен Қазақстан»