Президент • 11 Қаңтар, 2017

Шөкеев Елбасына «Самұрық-Қазына» активтерін жекешелендіру жөнінде баяндады

4613 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы Өмірзақ Шөкеевті қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Шөкеев Елбасына «Самұрық-Қазына» активтерін жекешелендіру жөнінде баяндады

Мемлекет басшысына кездесу барысында 2016 жылдың қорытындысы бойынша Қордың даму көрсеткіштері жөнінде мәлімделді.

Сондай-ақ, Шөкеев Қазақстан Президентіне «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамының қарауындағы активтер мен электр стансасының қызметін жекешелендіру барысы жөнінде айтты. Бүгінде Қордың сатуға қойылған 217 активінің 120 нысаны баланстан шығарылған.

«Екінші тізімдегі нысандардың 70%-ы іске асырылып, бірінші тізімнің 11 ірі нысаны жөнінде шетелдік инвесторлармен келіссөздер жүргізіліп жатыр», — деді «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы.

Елбасы бірінші кезекте Қазақстанда Сингапурдың «Темасек» қорының моделі бойынша холдинг құру жөнінде міндет қойылғанына тоқталып, осыған байланысты «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамын трансформациялауды сапалы жүргізудің маңыздылығын атап өтті.

Кездесу қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берілді.