Саясат • 22 Қаңтар, 2018

Гагик АРУТЮНЯН: Адам капиталына арқа сүйеген жаңғыру

260 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2018 жыл­ғы 10 қаңтардағы Қазақстан хал­қына Жолдауы 1997 жылдан бастап есептегенде жиырма бірінші Жолдау екен. 

Гагик АРУТЮНЯН: Адам капиталына арқа сүйеген жаңғыру

Осынша уақыттан бері республиканың бірінші тұлғасының экономикалық және әлеуметтік саладағы жеткен жетістіктерді қамтитын және нақ­­ты көрсеткіштерімен бекіті­летін, сондай-ақ әрі қарайғы қыс­қа­мерзімді, ортамерзімді, ұзақ­мерзімді басымдықтар мен жос­пар­лар, бағыт-бағдарларға бейім­делген халық алдындағы есеп беруі дәстүрлі түрде өтіп келеді. 

Биыл бұл құжат дамыған елдерде орын алып жатқан төртінші өнеркәсіптік революцияға бағыт­­талды. Қазақстан да осы үде­ріс­тің үдесінен табылуы тиіс. Ең маңыз­дысы, бұл жоспар бір жағы­нан ұлт­тық даму идеологиясын жан-жақты қам­тыса, екінші жағынан алғанда жос­пар­лы келешекті жүзеге асыруды қам­тамасыз етуге, оны нақты ре­сурс­тар жүйесімен бекітуге өзек болып отыр. 2025 жылға де­йінгі Қазақстан Рес­публикасын дамы­ту­дың стратегия­лық жоспары мен «Қа­зақ­стан-2050» Ст­рат­е­гия­сы өте ма­ңыз­­ды бағ­дар­­лама­лық құ­жаттар екені бел­гілі. Биылғы Жолдау осы бағдар­ла­маларды орын­дау тетік­­терін байы­та түсті.  

Жолдауда он негізгі басымдық айтылды. Соның ішінде жаңа технологиялар­ды енгізу, иннова­циялық орталықтар мен технологиялар трансфертін құру, қазақстандық өнеркәсіптік кәсіп­­орындарды цифрландыру, мен­шікті экожүйенің цифрлан­ды­рылған және басқа да инновация­лық шешімдерін табу, ІТ мен ин­жирингтік қызметті да­мытуға негізделген индустрияландыру мақсатына басымдық беріліп отыр. 

Сонымен бірге өнеркәсіптің инновациялық дамуы шеңберінде әлеуметтік тәуекелдердің тууына байланысты мәселелерді де есепке алуымыз керек. Мәселен, ауқымды жұмыс күші жұмыс орнынан босауы мүмкін. Осы ретте оларды ең­­бекке орналастыру саясатын да­­мыту үдерісін қалыптастыру қа­­жет­тілігі байқалады.

Он міндеттің барлығы бір-бірі­мен тығыз байланысты. Бұл рет­те адам ка­питалын жаңғырудың не­гізі ретінде дамытуға арқа сүйе­ген абзал. 

Гагик АРУТЮНЯН, 
«Нораванк» ғылым-білім қорының директоры

ЕРЕВАН (Армения)

Соңғы жаңалықтар