Қазақстан • 22 Қаңтар, 2018

Отандық дизайнерлер Парижге аттанады

525 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Париж қаласының «Hotel de Crillon» қонақүйінде 24-25 қаңтар күндері аты аңызға айналған «Oriental Fashion Week» сән апталығы өтеді. Осыған орай Орталық коммуникациялар қызметінде баспасөз мәслихаты өтті. Жиын барысында «фэшн» саласының қызметкерлері сән апталығы туралы кеңінен айтып берді.  

 

Отандық дизайнерлер Парижге аттанады

Олардың сөзінше, бұл – Азия құрлығы дизайнерлерінің ең сәнді киімдерін тамашалау үшін көптеген сән білгірлерінің басын қосатын ең мәрте­белі іс-шара болмақ. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өтетін осы сән көр­сетілімінде өз киімдер топтамасын Aida KaumeNOVA, Naiyl Baikuchukov, Bibisara, Dinara Satzhan сынды қазақстандық дизайнерлер ұсынады. 

Динара Сәтжанның айтуынша, отандық дизайнерлер осымен екінші рет топтасып шетелде көрсетілімге шығады. Өткен жылдың қазан айында дизайнерлер Mercedes-Benz Fashion Week Russia аясында Ресейдің төрінде өз жұ­мыстарын табысты түрде көрсеткен болатын.
Аида Қауменова қазақ­стан­дық дизайнерлер сән арқы­лы ұлттық кодты жеткізе алатынын алға тартты. 

«Бұл – өз елін өзге мемлекеттерде лайықты түрде таныстыра алатын дизайнерлердің жеке бас­тамасы болып отыр», деді ол.

Наиль Байкучуков болса Париж саxнасында үлкен әсер туғызатындығына сенім­ді. Өйткені әрбір дизайнер көрсетілімге арнайы топтама әзірлеуде. Мәселен, Аида Қауменова Париждегі көр­сетілімде Сән үйінің дизай­нер­­лері арнайы әзірлеген экс­к­люзивті авторлық өрнегі бар барқыт топтамасын ұсынады. Топтаманың негізгі бұйымы – қазақтың ежелгі ұлттық киімі шапан-сырмақ болмақ. Ал Наиль Байкучуков Парижде люневиль кестелі топтамасын дайындайды. Бұл ертегі әлеміндегідей әсер қалдыратын тюль мен шифоннан тігілген көйлектер. Олардың сөзінше сән көрсетіліміне барлығы 80 дизайнер қатысады.

Рауан ҚАЙДАР,
«Егемен Қазақстан»

Соңғы жаңалықтар