Дипломатиялық қарым-қатынастың жаңа белесі

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың АҚШ-қа ресми сапары жоғары деңгейде өтті деп айтуға толық негіз бар. Елбасының Ақ үй басшысы Дональд Трамппен кездесуі, америкалық іскер топ өкілдерімен жолығуы және БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі жиынға қатысуы сапардың маңызын арттырды. 

Егемен Қазақстан
22.01.2018 2847
2

Елбасы Н.Назарбаев пен АҚШ Президенті арасындағы екіжақты кездесуде бірқатар ерекшеліктерді байқадық. Осы сапардан ақпарат тарату үшін аттанған бір топ журналист екі сағат бұрын Ақ үйдің алдына жиналдық. Тексеруден өтіп, ішке кіргенше біраз уақыт өтіп, сол аралықта қарауылдардың маңызды кездесуге дайындығын қайта-қайта пысықтап жатқанының куәсі болдық. Сарбаздардың күтіп алу салтанатын мүлтіксіз өткізуге талпынуы - құрметті қонақтың абыройы.

Д.Трамптың әрбір қимылы батыс медиасының жіті назарында. Оның айтқан сөзі, әлеуметтік желіге жазған пікірі, тіпті, қол беріп амандасуына дейін АҚШ-та қызу талқыланады. Ақ үй басшысының мұндай әрекеттері талай тақырыпқа тұздық болған-ды. Әсіресе, Д.Трамптың қол алысуы – өзінше бір «ғылым». BBC, CNN секілді мүйізі қарағайдай батыс басылымдары Трамптың кездесудегі әрекетін жан-жақты талдап, жілігін шағып, майын ішкен. Мәселен, Д.Трамп әріптесіне өзі бірінші болып қолын ұсынады. Содан кейін не әріптесінің қолын жібермей қысып ұстайды немесе өзіне қарай бірнеше рет тартып қалады.

Ақ үй басшысы бірқатар елдің басшыларымен кездескенде мұндай әрекетті қайталаған-ды. Әсіресе, Жапония премьер-министрі Синдзо Абенің қол алысу рәсімінен кейінгі келбеті көпке дейін БАҚ бетінен түскен жоқ. Путин, Макрон, Тюрдо секілді ел басшыларымен амандасуы да талайға дейін жырға айналды. Батыс сарапшылары Д.Трамптың әрекетін моральдық тұрғыда басымдыққа ие болуға талпынысымен түсіндіреді. Дегенмен, Елбасымен кездесуде Д.Трамп ешқандай шалт қимыл жасаған жоқ. Жалпы, көпшіліктің көзінше Н.Назарбаев пен Д.Трамп төрт мәрте қол алысты. Соның ешқайсында Ақ үй басшысы сыралғы тәсіліне сүйенген жоқ. Бір жағынан бұл – дипломатиялық құрмет. Сонымен қатар АҚШ Президенті сыпайы қол алысуы арқылы Нұрсұлтан Назарбаевты сыйлайтынын анық байқатты.

Бұл жолғы кездесудегі тағы бір ерекшелік мынау. Әңгіме барысында Н.Назарбаев та, Д.Трамп да әріптесі жөнінде де, оның мемлекеті туралы да жылы пікір білдірді. Елбасы Ақ үй басшының қызметін кіріскеніне бір жыл толу мерейтойымен құттықтап, экономикалық табыстарға қол жеткізгенін атап көрсетті. Өз кезегінде Д.Трамп АҚШ-тың Қазақстанды Орталық Азиядағы сенімді серіктес, стратегиялық әріптес санайтынын мәлімдеді. Мемлекет басшысы Н.Назарбаев әр сөзін мұқият ойланып сөйлейтін көреген саясаткер ретінде танылған. Сондықтан, кездесудегі Елбасының әр сөзі дипломатиялықтың жоғарғы деңгейін көрсетті. Ал АҚШ Президенті жиі-жиі орынсыз пікір айтатынымен есте қалды. Мысалы, оның Намбия деп әлемде жоқ елді атауы, ағылшын тіліндегі good пен well сөздерін ретсіз жерде қолдануы, кейбір мемлекеттерді shithole countries деп айта салатыны баршаға белгілі. Бірақ Д.Трамп Елбасымен кездесуінде «ыңғайсыз» жағдайға жол бермей, әр сөзіне мұқият мән берді.

«Біз алдағы уақытта Қазақстанға салынатын инвестиция көлемін арттыруды көздеп отырмыз. Әсіресе, энергетика секторына маңыз беру жоспарда бар. Қазіргі таңда Қазақстанмен стратегиялық әріптестігіміз алға жылжып келеді. АҚШ пен Орталық Азия арасындағы әріптестік көпшіліктің күткенінен әлдеқайда жедел жүріп жатыр», деген Д.Трамп Қазақстан жөнінде жылы пікір білдірді.

Ақ үй басшысы еліміздің Ауғанстандағы ахуалды жақсарту мақсатында атқарған жұмыстарына жоғары баға берді. Сонымен қатар Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі төрағасы қызметіне кірісуімен екі ел арасындағы ынтымақтастықтың одан әрі нығайғанын атап өтті. Д.Трамп Қазақстанды көршілеріне құрметпен қарайтын, өз тағдырына өзі жауапты тәуелсіз ел ретінде есептейтінін жеткізіп, «тоғызыншы территорияның» егемендігі берік, келешегі жарқын болуына тілектестігін жеткізді. Сапар қорытындысы бойынша екі ел Президенттері кеңейтілген стратегиялық әріптестік туралы Бірлескен мәлімдеме қабылдады. Онда ХХІ ғасырдағы Қазақстан мен АҚШ арасындағы байланыстарды одан әрі тереңдету мәселелері қамтылған.

Бұдан кейін Мемлекет басшысы Н.Назарбаев америкалық іскер топ өкілдерімен әңгіме өткізді. Сапар нәтижесі бойынша авиация және ғарыштық зерттеулер, мұнай химиясы және ауыл шаруашылығы, сондай-ақ инфрақұрылымды дамыту саласындағы жобаларды жүзеге асыруға бағытталған 7 миллиард долларға жуық қаржы көлеміндегі инвестиция және сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы 20-дан астам коммерциялық құжатқа қол қойылды. Бұдан бөлек, үш үкіметаралық келісім жасалды.

Жалпы, Қазақстан мен АҚШ арасындағы қатынастың маңыздылығы мен стратегиялық сипаты қарқын алып келеді. Америка Қазақстан экономикасына салынған тікелей инвестициялардың көлемі бойынша екінші орында тұр.  Тәуелсіздік алғалы бері америкалық компаниялар Қазақстанға 50 миллиард доллардан астам инвестиция құйды. Өткен жылы екі ел арасындағы тауар айналымы екі миллиард долларға жетті. Энергетика, көлік, инновация, медицина және басқа да салаларда Америка капиталының қатысуымен 500-ден аса компания табысты жұмыс істеп келеді. Ірі серіктестердің қатарында «Шеврон», «Эксон Мобил», «Дженерал Электрик», «Хэллибёртон» және басқа да компаниялар бар.

Елбасының бұл жолғы сапарына батыс медиасы да, сарапшылар да жоғары баға берді. Мәселен, Daily Signal басылымы Н.Назарбаевтың ресми сапары АҚШ-қа қандай пайда әкелетініне көз жүгіртіп көрген екен. Мақала авторы Қазақстанның географиялық орнына байланысты АҚШ, Ресей, Қытай арасындағы қатынастарды реттейтін әлеуеті бар екенін жазады. Сондай-ақ Д.Трамп Орталық және оңтүстік Азия елдеріне қатысты даму стратегиясын бекіткені белгілі. Daily Signal аталған мақсатқа жету үшін өңірде қуатты әріптес керек екенін келтіріп, бұл орынға лайық жалғыз мемлекет Қазақстан деп есептейді.

АҚШ Стратегиялық және халықаралық зерттеу орталығының жобалар жөніндегі директоры Дэниел Рунденің айтуынша, Елбасы сапарының бірнеше маңызды тұстары бар. Біріншіден, ол Қазақстанды жеке ел ретінде емес, үлкен нарық ретінде қараған жөн деп есептейді. Өйткені ел арқылы Орталық Азиямен сауда-экономикалық байланыс жасауға мүмкіндік мол. Екіншіден, Қазақстанмен тауар айналымын әртараптандырып, инвестиция көлемін ұлғайту АҚШ үшін тиімді болмақ. Үшіншіден, еліміздің Қытай және Ресеймен тығыз қарым-қатынас орнатуы алпауыт державалар арасындағы келіспеушілікті шешіп отыруға жағдай жасайды.

Елбасы АҚШ-қа сапары аясында БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің «Жаппай қырып-жоятын қаруды таратпау: сенім шаралары» тақырыбы бойынша жоғары деңгейдегі пікірталасқа қатысты. Бұл жиында талқыланған мәселелер Қазақстанның нақты ұстанымымен үндес шықты. Іс-шара барысында БҰҰ Бас хатшысы Антонио Гутерриш жаппай қырып-жою қаруларынан азат әлем құру жолындағы еліміздің атқарған елеулі еңбектерін жоғары бағалады. Оның айтуынша, Қазақстан көтеріп отырған сенім мәселесі алпауыт державалар арасындағы қатынасты реттейтін құрал.

Еліміз Кеңес үкіметі тұсында ядролық қарудың қасіретін аз тартқан жоқ. Атом бомбасының адамзатқа төндіретін қаупін дер кезінде түсінген Мемлекет басшысы Семей сынақ алаңын жабу және оқтұмсықтардан бейбіт түрде бас тарту жөнінде шешім қабылдағаны мәлім. Содан бері Қазақстан ядролық қауіпсіздік саласындағы барлық іргелі халықаралық келісімдердің қатысушысына айналып, ядролық қаруы жоқ мемлекет ретіндегі мәртебемізді заңды түрде бекітті.

Қазіргі таңда ядролық қарудан төнген қауіпті халықаралық қоғамдастық жақсы түсініп отыр. Солтүстік Корея секілді мемлекеттердің атом бомбасын игеруге талпынып, жиі-жиі құрлық аралық баллистикалық зымыран ұшыруы аталған мәселені қайта қарау керек екенін көрсетіп берді. Осы орайда, сенім шаралары жаһандық қауіпсіздікті қолдаудың, бүкіл планета көлемінде бейбітшілікті нығайтудың аса маңызды элементі ретінде күн тәртібінен түспеуі тиіс. Елбасы Н.Назарбаев атап өткендей, ядролық қарудан өз еркімен бас тартқан мемлекет ретінде Қазақстанның әлемдік қоғамдастықты атом бомбасынан бас тартуға шақыруға моральдық құқығы бар.

Отырыс қорытындысы бойынша тарихи құжат ‒ БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі төрағасының өңірлік деңгейде превентивті дипломатия және шиеленісті болдырмау жөніндегі мәлімдемесі қабылданды. Құжатта қазіргі халықаралық қатынастар тақырыбындағы маңызды мәселелер қамтылып, оның шешімдері ұсынылған. Айта кету керек, мұндай мәлімдеме БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тарихында саяси міндеттеме жүктейтін халықаралық акт ретінде тұңғыш рет қабылданып отыр.

Қорыта айтқанда, Елбасының Америкаға сапары экономикалық тиімділігі жөнінен де, саяси тұрғыдан да табысты өтті. Түрлі террористік ұйымдармен күресуде, Ауғанстандағы ахуалды оңалтуда бірқатар қиындықтарға кезіккен АҚШ тарапы өңірден беделді серіктес іздеп, Қазақстанды әріптес мемлекет ретінде қарауы да жоғарыда айтылған пікірді қуаттайды. АҚШ секілді алпауыт державаның Қазақстанмен әріптестікті нығайтуға талпынуы еліміздің халықаралық аренадағы беделін одан әрі бекіте түсті. Ресми сапардың жоғарғы бағалануы еліміздің әлеуеті артып келе жатқанын айшықтайды.

Абай АСАНКЕЛДІҰЛЫ,

«Егемен Қазақстан»

 

 

 

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

16.10.2018

Станимир Стоилов: Бір ойынды жеңдік деп желпінбейміз

16.10.2018

Кольдо Альварес: Қазақстан бізден бір бас жоғары екен

16.10.2018

Машина жасау саласында меморандумға қол қойылды

16.10.2018

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ресми сапармен Финляндия Республикасына келді

16.10.2018

Қарағандылық оқушылар халықаралық чемпионатта жеңіске жетті

16.10.2018

С.Стоилов: Қазақстанда ұлттық құрамаға лайық шабуылшы жоқ (видео)

16.10.2018

Маңызды қадамдар атап көрсетілді

16.10.2018

Семейде «Екі жұлдыз» байқауы өтті

16.10.2018

Тарбағатайда 4 мың басқа арналған бордақылау алаңы ашылады

16.10.2018

Әскери борышын өтеген сарбаздар туған жерлеріне оралуда

16.10.2018

Қазақстан және Литва жан-жақты ынтымақтастықты кеңейтуге ниетті

16.10.2018

Cенаторлар университеттегі цифрлық хабты аралады

16.10.2018

Қайрат Әбдірахманов дипломатиялық қызмет жүйесін жетілдіру туралы айтты

16.10.2018

Туризм саласының маманы жоқ

16.10.2018

Сенаторлар Ақ Жайық өңіріне келді

16.10.2018

Қаңтар–қыркүйек айларында ЖІӨ өсімі 4,1% жетті — ҰЭМ

16.10.2018

Тоғыз айдың қорытындысы бойынша өнеркәсіптік өндіріс көлемі 4,8%-ға ұлғайды — ҚР ИДМ

16.10.2018

Жекешелендірудің кешенді жоспарын орындау: 444 нысан сатылды

16.10.2018

Қармақшы - елдік пен ерлік мекені

16.10.2018

Маңғыстауда теміржол вокзалында мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің жәрмеңкесі өткізілді

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Megapolıster múmkindigi

Elbasy «Qazaqstandyqtardyń ál-aýqatynyń ósýi: tabys pen turmys sapasyn arttyrý» atty jańa Joldaýynda elimizdiń aýmaqtyq damýyna jańa tásilder engizýdi qamtamasyz etý qajet ekendigin aıta kele: «Búginde jetekshi elderdiń ekonomıkasy kóbine jahandyq qalalar nemese megapolıster arqyly tanylady.

Жолдыбай БАЗАР, «Егемен Қазақстан»

Izgilikke shaqyrý iriliktiń belgisi

Bıylǵy 10-11 qazan kúnderi Astanada ótken Álemdik jáne dástúrli dinder kóshbasshylarynyń dástúrli siezi óziniń halyqaralyq aýqymdaǵy asa mańyzdy únqatysý alańy ekenin taǵy bir ret dáleldedi.

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Jer emgender oza ma, toza ma?

Jalpy, bizdiń halyqtyń arman-maqsatynyń bir ushyǵy qashan da jermen baılanysty sıaqty. Jerdi keńeıtý, jerdi qorǵaý, jerdi óńdeý, jerdi qurmetteý... Mentalıtetimiz jerge jaqyn. Bul basqa halyqtarda olaı emes degen sózimiz emes, biraq bizdiń halyq úshin tym erekshe sıaqty. 

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Qatygezdik vırýsy

О́tken ǵasyrdyń 80-jyldary rejısser R.Bykovtyń «Chýchelo» atty fılmi Odaq kólemindegi búkil eldi shýlatqan bolatyn. Kishkentaı ǵana 6 oqıtyn balalardyń boıynan sonshalyqty qatygezdikti kórgen qazaq qaýymy, bálesinen aýlaq, qalada ósken ózge ulttyń qatybastary ábden buzylyp ba­rady eken, bizdiń balalarymyzdan, keleshegimizden aýlaq dep shoshyǵan. Ol kezde mundaı zulymdyq qazaq balasynda kezdespeıtin jat qylyq sanalatyn. 

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

О́mir kúzetindegi meıirim

Otbasylyq jáne jeke basynyń jaǵdaıyna baılanysty Germanıadaǵy oqýynan eriksiz qol úzip, týǵan jerge oralǵan Ǵabıt Nurhanuly esimdi azamattyń feısbýktegi jazbasy kóńilge túrli oı saldy. Elimizdegi densaýlyq saqtaý salasyndaǵy kóptegen túıtkildi synaǵan avtor nemis halqynan kóp nárseni úırenýimiz kerek deıdi.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу