Қазақстан • 23 Қаңтар, 2018

Киберқауіпсіздік – уақыт талабы

4573 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Төртінші өнер­кәсіптік революция жағ­дайын­дағы дамудың жаңа мүм­кін­діктері» Жолдауы мемлекеттік стратегияның маңызды бөлігі болып табылады және еліміздің ұзақмерзімді дамуының әлеуметтік-экономикалық жаң­ғыру қадамдарын нақтылап отыр. 

Киберқауіпсіздік – уақыт талабы

Президент Жолдауда кибер­қауіп­сіздік мәселесіне баса назар аударып, цифрлы техно­логия­ларды енгізу барысында ақпараттық қауіпсіздік шараларын күшейтуге шақырды. Ал­дағы міндеттер аясында Елбасы киберқауіпсіздік шаралары Қазақ­станның Ұлттық қауіпсіздік стратегиясында көрініс табуға тиіс екенін атап өтті.

Бүгінгі заман – ақпарат заманы. Жаңалық ашу, жаңалық­­ты жеткізу, хабардар болу өндіріс­тік технологияны қарқынды дамы­туға, өндірісті ұлғайтуға, өнім шы­ғаруды арттыруға, оны жет­кізу мен өткізуге, сондай-ақ табыс көзін көбейтуге мүмкіндік береді. Сондықтан ақпарат – аса көп ресурстарды, оның ішінде еңбек күші мен ой-сана еңбегін жұмсамай-ақ қаржыны үнем­деу мен одан әрі көбейту көзіне айнал­ды. Әлемдегі алпауыт ел­дер­ді былай қойғанда, әйгілі ком­­па­ниялардың өздері жаңадан шы­ға­тын өнімдерін қызғыштай қор­ғап, қашан ресми түрде таныстырылмайынша және жаппай саудаға шығарылмайынша құпия ұстайды. Тіпті, жоғары технология саласындағы алдағы жоспарлары да, көздеген межелері де, қол жеткен нәтижелері де жұрт көзінен тасада болады. Оның мысалын әлемдегі әйгілі автомобиль мен теледидар шығара­тын зауыттар мен кәсіпорындар тәжірибесінен күнделікті көріп те жүрміз.

Өткен ғасырдың 30-40 жыл­­­­дары Кеңес Одағы қару-жа­­рақ, әскери техника, бай­ла­­ныс құ­ралдары және бас­қа да зауыттардағы технологияларды құпия ұс­тауының арқасын­да әлемдік дер­жаваға айналды. Көптеген жа­ңалықшыл ға­лымдар, өнер­тапқыштардың үйі де, жұмысы да қатаң күзеті­ліп, есімдері аталмады. Сондағы мақсат – үздік технологияның жалпақ жұртқа жария бол­мауы еді. Ол міндет қатаң тәртіптің арқасында орындалды.

Бүгінгі таңдағы киберқауіп­сіздікті күшейтудегі басты мақ­сат та осы. Ғалымдар мен өнер­тап­­қыштардың, белсенді азамат­тар­дың өндірісті ұлғайтуға, өнер­кәсіпті дамытуға, шығынды азай­туға, өмірді жақсартуға ар­нал­ған жаңалықтары – елімізге де, оның авторына да пайда әке­лу­ге тиіс екені белгілі. Ол үшін аза­мат­тардың отаншылдық, отан­сүй­гіштік қасиеттерімен қоса киберқауіпсіздік шараларын кү­шейту аса маңызды. Ал жас­тарды отаншылдыққа тәрбиелеу – отбасынан, балабақшадан бас­талуы тиіс.

Киберқауіпсіздікті нығайту – әсіресе, Отанымызды қорғау саласында аса маңызды екені даусыз. Қорғаныс саласы, ең­бек өнімділігі, өндіріс қуаты, үнем мүмкіндіктері кибер­қауіп­сіз­дікпен тікелей байланыс­­ты. Бұл мәселеге алпауыт ком­па­ния­­лармен қатар шағын кәсіп­­орын­дар да назар аударуы тиіс. Сала мамандары осы та­қырып бойынша түрлі жиын­дар мен басқосулар өткізіп, мін­деттерді нақтылауға атсалысуы керек. Бей­қамдық пен ен­жар­лықты қазіргі заман талабы көтермейді.

Елбасы Жолдауда «Мем­лекет пен компаниялар жаңа техно­логияларды енгізе отырып, өз ақпараттық жүйелері мен құ­рыл­ғыларының берік қорғалуын қамтамасыз етуі керек. Бүгінде киберқауіпсіздік ұғы­мы тек ақпаратты ғана емес, соны­мен қатар өндірістік және инфра­құрылымдық нысандарды бас­қару тетігін қорғау дегенді де біл­діреді», деп атап өткен болатын. Сондықтан бұл тақырып, ақпарат дәуірінде аса маңызды мәселелердің бірі болып отыр.

Нұржан НҰРСИПАТОВ,
Парламент Сенатының депутаты