Қазақстан • 23 Қаңтар, 2018

«Тұмар» бәйгесіне өтінімдер қабылдау басталды

262 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

18 қаңтардан бастап II «Тұмар» ұлт­тық телевизиялық бәйгесіне қатысуға өтінімдер қабылдана бас­­­тады.

«Тұмар» бәйгесіне өтінімдер қабылдау басталды

Байқауға 2017 жылы эфирге шыққан бірегей теледидарлық жобалар қатыса алады. Жүлде­ге ұлттық және аймақтық телевизия­лық компания­лар, студиялар, про­дюсер­лік орталықтар және теле­дидарлық контент шығаратын бас­қа да медиа-индустрия мекеме­лері үміткер бола алады.

Үміткерлердің өтінімдері 1 нау­­­рыз­­ға дейін қабылданады.

Биылғы жылы жеңімпаздар келесі номинациялар бойынша­ анық­талады: үздік деректі фильм, үз­дік телехикая, үздік әлеумет­тік жоба, үздік ақпараттық бағдар­лама, үздік аймақтық телеарна, үздік білім беру бағдарламасы, теле­визиялық маусымның үздік оқи­ғасы, «телевизияға 60 жыл» – телевизия дамуына қосқан үлесі үшін және үздік ойын-сауық жобасы.

Сонымен қатар, үздік режис­серлік жұмысқа, үздік операторлық жоба үшін, жылдың үздік теле­жүргізушісіне және үздік тележур­налиске де арнайы жүлделер та­ғайын­далған. Еліміздің бас қаласының 20 жылдық мерейтойы­на арналып «Астана туралы үздік жоба» номинациясы бо­йынша жүлде беріледі.

Лауреаттарды ұсынылған мате­риал­дардың сараптамалық қоры­тын­дылары негізінде жүргізілетін қазылар алқасының жабық түрде дауыс беруі анықтайды. Қазы­лар алқасы қазақстандық телеви­зияның білікті мамандарынан құралады.

«Тұмар» ұлттық телевизия­лық бәйгесі Қазақстан Республика­сының Ақпарат және коммуника­циялар министрлігі тарапынан еліміздің ең жоғары сапалы және заманауи теледидарлық маз­мұнын анықтау, талантты мамандар­ды қолдау, отандық телевизия маз­мұнын жетілдіруге және қазақ­стан­дық жоғары сапалы теледидарды дамытуға ынталандыру мақсатында құрылған.

Бәйге ұйымдастырушысы – «Қаз­медиа орталығы».

Толық ақпарат арнайы сайтта: http://tumar.kz

Ақпарат және коммуникациялар министрлігі баспасөз қызметі