Түркия Сириядағы күрд жасақтарына қарсы әскери операция жүргізуде

«Анадолу» агенттігінің хабарлауынша, қаңтардың жиырмасында Түркия Қарулы күштерінің Бас Штабы күрдтердің бақылауындағы Сирияның солтүстік-батысында орналасқан Африн қаласында соғыс операциясының басталғанын ресми мәлімдеген.

Егемен Қазақстан
23.01.2018 4291
2

«Зәйтүн бұтағы» деп аталған операцияға түрік әскерінің қолдауына ие Сириядағы оппозициялық күштердің отрядтары тартылған. Сондай-ақ Түркия әскери авиацияға жүгінуде. Анкараның мәлімдеуінше, әскери операцияның мақсаты – Түркияның шекарасын қорғау, аймақтағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету, күрд жасақтары мен ДАИШ-ке қарсы тұру.

Халықаралық қауымдастықта Сириядағы күрдтердің YPG тобына қатысты көзқарас біржақты емес. Түркия YPG (күрд. Yekîneyên Parastina Gel – Халықты қорғау жасақтары – ред.) деп аталатын күрд жасақтары тобын бұрыннан Күрдістанның жұмысшылар партиясымен (PPK) байланысы бар террористік ұйым ретінде бағалайды. Сондықтан да топтың Сирияның солтүстігіндегі аймақтарды ДАИШ әскерінен азат етуін өз территориясына қауіп деп көреді. Ал БҰҰ, ЕО және АҚШ сириялық күрдтердің YPG тобын ДАИШ-ке қарсы тиімді күш ретінде бағалайды. АҚШ Түркияға YPG тобына қарсы әскери шабуылды тоқтату үшін  қысым жасап, сириялық күрдтерді операциялар аумағын кеңейтпеуге шақырып келген. ЕО Түркияны Сирия территориясындағы әскери операциялардан бас тартып, әлемдік алпауыттардың елдегі жағдайды тұрақтандыруға бағытталған талпыныстарын жоққа шығармауға шақыруда. БҰҰ Түркияны халықаралық заң талаптарына сай әрекет етуге үндеуде.

Сарапшылар Түркияның бұл қадамы Сириядағы жағдайды одан әрі ушықтыра түседі деген ойда. Лондондағы Teneo Intelligence компаниясының негізін салушылардың бірі Уолфанго Пикколи Bloomberg-ке «Түркияның Африн қаласындағы бұл операция жеті жыл бойы созылып келе жатқан соғыста жаңа ошақтың тұтануына себеп болып қана қоймай, Анкара мен Вашингтон арасында ушығып тұрған байланысты одан сайын күрделендіре түседі» деген пікірін білдірген.

ВВС-дің хабарлауынша, Түркияның осы уақытқа дейін жалғасып келген шабуылдарына қарамастан АҚШ-тан қолдау тапқан Сириядағы күрдтердің YPG тобы мен арабтардың Сирияның Демократиялық Күштері (SDF) ұйымы арасындағы одақ түрлі террористік ұйымдардың бақылауындағы бірнеше стратегиялық аймақты өз бақылауына алған. Осы айда одақ жихадшыларды Түркиямен шекарадағы Жараблус қаласына қарай шегінуге мәжбүрлеген. Жараблус қаласы ДАИШ-ке қарсы күрестің келесі нысанасы болады деген пікір бар. Ал Түркия болса Сирияның солтүстігінде «буфферлі зона» құру үшін маңызды саналатын шекарадағы Азаз қаласын күрдтер басып алады деп қауіптенуде. 

Күрдтер АҚШ бастаған ДАИШ-ке қарсы коалицияны кезінде Түркия мен Ирактағы Күрдістанның жұмысшылар партиясын (PPK) шабуылдауға пайдаланса, қазір оны Сирияның солтүстігіндегі YPG тобына қарсы пайдалануда деп айыптауда. Күрдтердің айтуынша, Түркияның оларға қарсы шабуылы ДАИШ-тің күшеюіне жағдай жасап, Сирия мен Ирактағы күрд фронттарының әлсіреуіне әкеледі-міс.

 

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

13.11.2018

Egemen Qazaqstan алғашқылардың бірі болып Chartbeat құралын пайдаланады

13.11.2018

Жаңақорған ауданында 116 бас қой белгісіз аурудан қырылып қалды

13.11.2018

Қызылордада қауіпті аймақтар анықталып, даярлық мәселелері күшейтілді

13.11.2018

Ақтөбеде жоғары жылдамдықтағы интернет желісі ұлғаяды

13.11.2018

Елбасы Астана клубының төртінші отырысына қатысты

13.11.2018

Нұрсұлтан Назарбаев Ауғанстан Республикасының бұрынғы президенті Хамид Карзаймен кездесті

13.11.2018

«Айша бибі» мен «Ақыртас» әлемдегі ерекше туристік нысандардың тізіміне енді

13.11.2018

Павлодарда Португалиялық профессор студенттерге дәріс беріп жүр

13.11.2018

Т.Сүлейменов ел өңірлеріндегі жылу бағасының әртүрлілігін түсіндірді

13.11.2018

Тайваньда таеквондодан Президент кубогі додасы аяқталды

13.11.2018

Елордалықтар 14 қарашада жалпыхалықтық диктант жазуға қатысады

13.11.2018

Үкіметте 10 айдағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары қаралды

13.11.2018

Б.Сағынтаев өңірлердегі халықтың нақты табысының көрсеткіштеріне ерекше көңіл бөлуді тапсырды

13.11.2018

Тұрмыстық қатты қалдықтар адамдардың қажетіне жарай бастады

13.11.2018

Шымкентте 5 000 000 теңгеге бағаланған көгершін көрмеге қойылды

13.11.2018

Қызылорда облысында газ құбыры құрылысы басталады

13.11.2018

Елбасы Еуропалық комиссияның бұрынғы төрағасы Жозе Мануэль Баррозумен кездесті

13.11.2018

Венгрияда синхронды жүзуден жасөспірімдер құрамасы бірінші орынды иеленді

13.11.2018

Тарифтерді көтерген монополистер заң алдында жауап береді

13.11.2018

Алматыда мектеп оқушылары арасында шешендік өнер байқауы өтті

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Sheraǵań shertken sher

Qazaq jýrnalıstıkasynyń qara narlary Sherhan Murtaza men Kamal Smaıylovtyń «Egemendegi» hattary kezinde qoǵamdyq sanaǵa serpilis ákelgeni málim. «Qadirli Kamal Dos!», «Qadirmendi Sherhan!» dep bastap, el ómiriniń qaltarys-bultarystaǵy búkil problemasyn jipke tizip kórsetken, odan shyǵatyn jol izdegen eki tulǵanyń hattaryn qazir oqysań, alysty boljaı bilgen kóregendigine eriksiz tańǵalasyń. 

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Sotqa silteı salý sán be?

Qara qyldy qaq jaryp, ádildikti aıtqan qazaq bıleriniń bılik qaǵıdasy: «Týra bıde týǵan joq, týǵandy bıde ıman joqqa» negiz­delgeni málim. Qasqaıyp turyp qamshysyn aldyna tastap: «Baı bolsań halqyńa paıdań tisin, batyr bolsań dushpanǵa naızań tısin. Baı bolyp paıdań tımese, batyr bolyp naızań tımese jurttan ala bóten úıiń kúısin» dep Áıteke bıdiń shamyrqanǵany, judyryqtaı jumylǵan Qazybek bıdiń Qońtajyny bılik aıtý kezegi tıgende: «Sózdi óńmenime suǵyp aıtqan kezde, eki ıyǵynan eki aıý aýzynan ot shashyp «typyr»» etshi, «kóreıin» dep turdy. Kórdińiz be, bılik aıtqan adam sózimen de kózimen de, susymen de yqtyra alady eken. Qazaq bıleri dala zańynyń oryndaýshylary bolǵan. Tek ádildikti tý etip kótergen onyń aldynda han da qara da birdeı jaýap bergen.

Дидар Амантай,

Sóz shyǵyny

Qazir sóz aldyǵa shyqty. Rolan Bart kótergen konnotasıa men denotasıa qaıshylyǵy, demek, sózdiń nársege emes, sózge nemese belginiń zatqa emes, belgige silteıtindigi jalǵan sana qalyptastyratyny jaǵdaıdy kúrdelendire tústi. 

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Qazaq otbasy

Otbasy uǵymy – qazaq úshin qasıetti de qadirli. Túbiri − ot, ot jylý beredi, ómir syılaıdy, tirshiliktiń kózi, úıdiń ishindegi «ýildegen» jeldi, «azynaǵan» aıazdy toıtaryp, otbasy ıesine sanalatyn adamǵa baq-dáýlet darytady. Otanasy, otaǵasy degen eki sózdiń arǵy jaǵyna oı jiberseń – qazaqtyń kemeldigine, bárin qysqa baılammen uǵyndyratyn kemeńgerligine kóz jetkizesiń. Sondyqtan da shyǵar, otbasy qaǵıdasynyń qashan da bıik turatyny. Qazaq otbasyn qurǵanda jetesizdikten jerip, kórgensizdikten boıyn aýlaq salǵan. Ata-ana úlgisin alǵa ozdyrǵan.

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Zaman talqysyndaǵy qazaq

Feısbýktegi paraqshamdy ashyp qaraımyn da oılanamyn. Feısbýkti men ádette merzimdik buqaralyq aqparat quraldarynyń nazarynan tys qalǵan oqıǵalar men jańalyqtardy jáne oǵan degen qoǵamnyń kózqarasyn bilý úshin ashamyn. Meniń paraqshamda úsh jarym myńnan astam jazylýshym bar. Olardyń 95 paıyzdan astamy – qazaqtar.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу