Аймақтар • 23 Қаңтар, 2018

Павлодарда «Мұнай-химия зауыты» ЖШС бас инженері тағайындалды

188 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Павлодарда «Мұнай-химия зауыты» ЖШС бас инженері тағайындалды.

Павлодарда «Мұнай-химия зауыты» ЖШС бас инженері тағайындалды

Дүйсенбек Күжекбаев бұған дейін де 2009-2011 жылдары -зауыттың техникалық директорының орынбасары - өндірістік қызметтің бастығы, жаңғырту және дамыту жөніндегі техникалық директордың орынбасары қызметін атқарып келді. 2011 жылдан 2012 жылға дейін - «ҚазМұнайГаз-өңдеу және маркетинг» АҚ Өңдеу және маркетинг департаментінің директоры. 2012-2014 жылдары - Павлодар мұнай-химия зауыты бас директорының жаңғырту және дамыту жөніндегі бірінші орынбасары. Жуырда Дүйсенбек Күжекбаев - зауыттың Бас директорының өндіріс жөніндегі орынбасары - бас инженері болып тағайындлады.

Ол  1962 жылы туған. 1982 -1989 жылдары – Қазақ химия-технологиялық институты(Шымкент қ.) Отын және көміртекті материалдардың химиялық технологиясы мамандығыбойынша инженер-химик-технолог. Университетті бітіргеннен кейін ол «ЛУКОЙЛ-Волгоград-мұнайөңдеу» АҚ-да цех бастығы болып жұмыс жасады. 1993-2007 жылдары - қондырғы бастығы, №3 отын-кокс өндірісінің каталитикалық риформинг цехы бастығы, отын өндірісінің бастығының орынбасары. 2007 жылдың желтоқсанында Жапонияның «ToyoEngineeringCorporation» (Чибо қ.) компаниясының оқыту семинарында «Мұнайгаз саласының жобаларын басқару» сертификатын алды.

Фарида БЫҚАЙ,
«Егемен Қазақстан»