Аймақтар • 23 Қаңтар, 2018

Атырауда пойыз жолдан шығып кетті

322 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

23 қаңтар күні сағат 09.43-те Атырау облысы Жылыой ауданы Шоқпартоғай разъезі «Мақат-Құлсары» учаскесінде бидай тиелген бес вагон жолдан шығып кетті.

Атырауда пойыз жолдан шығып кетті

«Мақат-Маңғышлақ» бағытындағы жүк пойызында 67 вагон болған. Оқиға басқа пойыздардың қозғалысына әсер еткен жоқ. Жапа шеккендер мен қаза болғандар жоқ. Қазір «ҚТЖ» ҰҚ АҚ жұмыс күші апаттық-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Бақытгүл БАБАШ,
«Егемен Қазақстан»