Аязды күнгі өңірлердегі жағдай қалай?

Ауа райы «Аяз – мүйізді, мүйіз – тұқылды қысадының» көкесін көрсетіп тұрғанына бірнеше күн болды. Қызылшұнақ қаһарына мінерден бірер күн бұрын-ақ синоптиктер, төтенше жағдайлар комитеті елге ескерту жіберіп, қамдану керектігін айтқан-ды. Қазір оқыс оқиғалардың алдын алу мақсатында тиісті шаралар қабылданып, қызу жұмыс жүріп жатыр. 

Егемен Қазақстан
24.01.2018 462
2 Фото: Ерлан Омар

Әңгімені Астанадан бастасақ. Елорда әкімдігі оқыс оқиғаларды болдырмау үшін аяз басталысымен төтенше жағдай жариялаған-ды. Өрт сөндіру қызметі, жедел медициналық қызмет, қалалық ішкі істер департаменті, төтенше жағдайлар департаменті және коммуналдық қызметтер сынды шаһар тіршілігін қамтамасыз ететін мекемелерден өзге мемлекеттік органдарға, базарлар мен сауда-ойын-сауық орталығы сынды кәсіпкерлік нысандарға, бірқатар білім беру мекемелеріне жұмыс уақытын қысқарту ұсынылды. 

Алайда, тоңған халықтың ар­қа­сында қалтасын томпайтып алуды көздегендер де көзге түсті. Та­би­ғат­тың тосын мінезін такси жүргізу­шілері «тиімді» пайдаланып қалуға тырысып баққаны байқалды. Әсіре­се ешқайда тіркелмеген, жеке көлі­гімен жүрген «жабайы таксис­тер» бағаны бірнеше есеге дейін көтеріп жіберді. «Индрайвер» желісі арқылы жұмыс істейтін жүргізушілер бұрынғы бағаға бұрылмауға айналды. Заңды түрде тіркеліп жұмыс істейтін ком­па­нияларға да хабарласып көрген едік. Көпшілігі бос көлік жоқ екенін, бі­раз уақыт күтуге тура келетінін айта­ды. Олар да бағаны біршама көте­ріпті. 

Бір жақсы жері, табиғаттың тосын мінезіне қарапайым астаналықтардың өздері бірлесіп қарсы тұра бастады. Мәселен, шаһардағы 8 мешіт бірігіп, «Астана – мейрімді қала» акциясын ұйымдастырып, тұрғындарды такси­мен тегін тасу, мұқтаж адамдарға көмір түсіріп беру, құрылысшы, көше тазалаушы адамдарға ыстық шай мен тамақ ұсыну сынды қам­қорлық шараларын қолға алды. Қа­ла­лық полиция қызметкерлері тұрақты мекен-жайы жоқ, жаураған адамдарды әлеуметтік бейімдеу орталығына жеткізіп жатқанын да айта кету керек. 

Қыс маусымына қаншама әзір­ленді, жұмыстың бәрі қамтылды де­геннің өзінде, үрген иттің тілін қаритын үскіріктен зардап шеккен жандар, жарылған жылу қазан­дық­тары, жолда қатып қалған көліктер туралы деректер кейбір облыстардан дүркін-дүркін жетіп жатыр. Өңірлердегі жағдай туралы төменде «Егеменнің» тілшілері жіберген материалдарды ұсынып отырмыз.

Қарағандыдан – Қайрат ӘБІЛДА

– Қарағанды облысында қа­қа­ған аяздың зәрі сынар емес. Ауаның температурасы кей жерлерде күндіз –30, –35,  ал түнде –45 градусқа дейін төмендеді. Сино­птиктердің мәлімдеуінше, аяз осы аптаның аяғына дейін сақталуы мүмкін.

Аязды күндері жол бойындағы медициналық-санитарлық бекет бригадаларында тыным жоқ. Олардың көмек сұрағандарға тәулігіне төрт реттен аттанған кездері де болды. 

Жалпы, жол бойындағы медици­на­лық көмек бекеттері елімізде 2012 жыл­дан бастап пайда болған. Қазір олардың саны 70-ке жетті. Оның ішінде жеті бекет Қарағанды облысындағы апат жиі болатын жерлерде  шоғырланған. Медициналық арнайы көліктерде қажет деген құрал-жабдықтың бәрі бар. Бес жыл ішінде жол бекетінің «медиктері» 5 мыңға жуық жәрдем сұраған дабылға шыққан екен. 27 мыңнан астам адамға көмек қолын созған.
– Қарағанды облысы бойынша тек республикалық трассаларда болған жол апаттарының өзіне 632 рет шығыппыз. Сондай-ақ қыстың күні жолда бұзылып қалған авто­көліктерге, қар құрсауында қалған адамдарды құтқаруға барамыз. Тіпті әйелдер жол үстінде босанып қалған оқиғалар да кездесті, – дейді облыстық медициналық апат орталығы бөлімінің бастығы Гүлдана Маханова.

Бұл күндері қатты аяздың қаупі­нен сақтандырған ескертпелерге қара­мас­тан, жолға шығып кеткен 80-ге тарта жолаушыға Теміртаудың құт­қа­ру­шылары көмек көрсетті. Атап айт­қанда, Алматы – Екатеринбург тас жолынд­а тұрып қалған жолаушылар ав­т­обусындағы 80 адам (арасында 7 әйел, 3 бала бар) құтқарылып, Темір­таудағы политехникалық колледждің жатақханасына орналастырылды.

Сондай-ақ Бішкек – Түмен бағы­тындағы автобустың 40 жолаушысына көмек көрсетілді. Сақылдаған сары аязға қарамастан, Сарыағаштан Петропавлға жол тартқан автобустың 47 жолаушысын да құтқарушылар аязға ұрындырмай, Теміртауға аман-есен жеткізді.
Қаңтардың 22-сінен бастап Қара­ғандыда және облыстың кейбір қала, аудандарында мектеп оқушылары сабақтан ішінара босатылды. 

Қостанайдан – Нәзира ЖӘРІМБЕТ:  

– Қостанайда қазақтың «қысқы шілдесі» бәрін бір тарының қауызына тықсырып тұр. Ауа райын болжаушылар айтқан күннен бастап, аяз күндіз –30 градусқа жетіп жығылды. Бірақ қызыл шұнақ аяз бұдан бұрынғы күндері де кешке қарай күшіне мініп тұратын.
Арқалық қаласының іргесіндегі Ашу­тасты ауылында кешке қарай өзі тұратын үйден басқа көшедегі екінші ұлының үйіне қарай шыққан 88 жастағы қария жолдан шығып, адасып кетеді. Атасының бармағанын естісімен балалары қарияны іздей бастайды. Жақын арадан, таныс-туыс­тың үйінен табылмаған соң, дереу Солтүстік өңірлік жедел құтқару отрядының қалалық бөлімшесіне хабарлайды.

Дабыл түсісімен «Марш-Бронто» деп аталатын УАЗ жүрдек көлігімен жеті адам қарияны іздеуге шыққан. Олар жылдамдатып ауылдың айналасын, қатты аязда жаяу жүргіншінің аяғы жетер деген жердің барлығын қарап шығады. Адасқан аз уақыттың ішінде қарт кісі ауылдың сыртына екі шақырымдай шығып кеткен екен. Әбден тоңып, әлсіреген қарияны құтқарушылар оппа қардан аяғын алып жүре алмай тұрған жерінен тауып алды. Үрей мен аяздан есін зорға жинаған қартты жылы машинаға салып, бала-шағасына жеткізді. Бұл кезде қарияны медицина қызметкерлері де күтіп тұрған болатын, жеңіл үсік шалған оны Арқалық қалалық ауруханасына алып кетті. Қазір қарт кісінің жағдайы жақсарып қалды.

Түн ішінде аязда қалып, үсіп кете жаздаған тағы бір адамды Қостанай қала­сының сырт жағында орналасқан УК 161/11 мекемесінің қызметкерлері аман қалып қалды. Аяз басталған түні коло­ния қызметкері, психолог Динара Мадиярова кезекшілікте отырған болатын. Ол ай­қай­лаған адамның даусын естиді де, әріп­тестеріне хабарлайды. Алдымен әділет майоры Ілияс Бұқаев пен капитан Асхат Баламбаев жетеді. Олардың артын ала капитан Нұрсұлтан Жұмашев пен аға лейтенант Диас Нұрахметов келіп үлгереді. Олар дереу іске кіріседі. Қаладан таксимен шыққан жас жігіт пен бойжеткен колонияға жақын Қостанай – Федоров тас жолының бойына келгенде машина салонында келіспей, ұрсысып қалады. Жігітіне өкпелеген қыз қалаға жолсыз төте жолмен кетіп қалады. Ал кешке далада сынап бағанасы –28 градусты көрсетіп тұрған-ды. Жігіт машинадан шығып, қызды іздегенімен одан көз жазып қалады. Қызды іздеп таба алмайтынын білген жігіт амалсыз айқайлап, жұртты көмекке шақырады. 

Колония қызметкерлері тас жолдан үш шақырым жүргеннен кейін адасқан қыздың ізін тапты. Содан әрі қарай тағы үш шақырым жүргенде қар үстінде қимыл­сыз жатқан оның өзін тауып алады. Қатты тоңған қыздың сөйлеуге тілі келмейді. Ілияс Бұқаев оны өзінің тонына орап, машинаға көтеріп алып келіп отырғызады. 

Аязды күнде өкпелесіп қалған ғашық­тарды қызметкерлер мекемеге әкеліп, жылындырып, ыстық шай берді. Психолог қызбен әңгіме өткізген соң, қыз­меткерлер түн ортасында жастарды қайта татуластырып, мекеме көлігімен қалаға жеткізіп салды.

Тараздан – Хамит ЕСАМАН: 

– Жуырда ғана «Қазгидромет» РМК еліміздің оңтүстігіндегі төрт облыста ауа райының күрт суытатыны туралы ескерту жариялады. Мәселен, 24-29 қаңтар аралығында Алматы мен Жамбыл облыстарында, ал 26-29 қаңтар аралығында Оңтүстік Қазақстан мен Қызылорда облыстарында ауа температурасының төмендейтіні хабарланды. 

Кеше Жамбыл облысының орталығы Тараз қаласында күннің суықтығы –15 градус болса, шалғай аудандарда –25, –30 градусқа дейін жеткен. Биыл өңірге қар қалың жауып, бұрын-соңды болмаған қыс орын алды. Ал қызылшұнақ аяз бет қаратпайды. Мұндай кезде әуелі ата-аналардың алаңдайтыны белгілі. Қыстың көзі қырауда балалардың сабаққа қатынауы, тіпті тасымал арқылы басқа мектептерде білім алып жүрген балалардың жағдайы алаңдатпай қоймайды. Дегенмен, облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, бүгінде Әулиеатада жағдай тұрақты. Тек облыс орталығынан шалғай жатқан Мойынқұм ауданының бірқатар мектептерінде сабақ уақытша тоқтатылған, бірақ өзге аудандарда әзірге мұндай жағдай орын алмапты. 

Қарағанды облысымен шектесіп жатқан Мойынқұм ауданында бүгінде күннің суықтығы –20, –25 градус болып тұр. Қақаған қыста балаларды оқыту мүмкін емес болғандықтан, бас­тауыш сыныптарда сабақ тоқтаған. Аудандық білім бөлі­мінің бас маманы Жанар Бажикованың айтуынша, бүгінде 1954 бала білім алатын 15 мектептің бас­тауыш сыныптарында сабақ жоқ. Сабақ уақытша тоқтаған Қашқантеңіз, Мыңарал, Биназар, Хантау, Кеңес, Мойынқұм ауылдарында қар қалың, күн аяз. Ал Сарыөзек ауылындағы Қ.Сәтбаев мектебіне Кіші Қамқалы ауылынан қатынап оқитын 8 бала бар. Бірақ олар үшін көлік қарастырылған екен. 

Павлодардан – Фарида БЫҚАЙ: 

– Қазір өңірде қатты аяз. Облыс орталығындағы жолаушылар тасымалдайтын №153, 152, 157, 151 маршруттағы шағын автобустардың жайы алаңдатады. Бұл автобустарда жолаушы қауіпсіздігі сақталмаған. Аязды күндер тұрмақ жай күндері де сенімсіз. Жаман айтпай жақсы жоқ, онсыз да әбден тозған бұл көліктердің аязды күндері көше бағыттарына шығулары да қауіпті. Бұдан да ескі, әбден тозған көліктер бар. Мұны қалалық әкімдік те өте жақсы біледі. 

Қалалық жолаушылар тасымалы және автомобиль жолдары бөлімінің хабарынша, жағдай тұрақты бақылауда. Бәрі жақсы-ақ. Ауа райының күрт суытуына орай жолаушы тасымалымен айналысатын барлық мекемелер тәулік бойы жұмыс жасауға көшіпті. Жұмыс кестесінен аязға шыдай алмаған көліктерді автобус паркіне жеткізіп, жылытып, жөндеп қайта жолға салуда. Төтенше жағдай бола қалған жағдайда жөндеу жүргізетін бригадалар құрылған. Қосымша бөлшектер дайындалып, көмек беретін жедел экипаждар жасақталды. Жалпы, жолаушы тасымалдайтын қалаішілік, қала сыртына қатынайтын көліктердің барлығы дерлік өз бағыттарында жұмыс жасауда. Сонымен бірге «Трамвай басқармасы» АҚ-тың 73 трамвайы да жолда. 

Айтпақшы, бұған дейін облыс орталығындағы Кутузов – Шөкин көшелерінің қиылысында №22 автобус өртеніп кете жаздады. Облыстық ТЖД басқармасының мәліметінше, жолау­­шылар сыртқа шығып үлгеріпті. Қазір себептері анық­талуда. Одан кейін, екі рет трамвай өртенді. Біріншісі, Толстой – Кутузов көшелерінің қиылысында болған. Екінші оқиға да Торайғыров – Кутузов көшелерінің қиылысындағы байланыс желісінің сымы жана бастаған. Сым үзіліп трамвай вагонына құлаған. Зардап шеккендер жоқ. Апатты жою кезінде трамвайлардың қозғалысы тоқтатылды.

Арнұр АСҚАР,
«Егемен Қазақстан»

 

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

17.10.2018

Халықтың әл-ауқатын арттыру басты назарда

17.10.2018

Сенатор Б.Шелпеков Маңғыстау облысына іссапармен келді

17.10.2018

Финляндияның бірқатар компанияларымен контейнерлік тасымалды дамыту жөніндегі келісімге қол қойылды

17.10.2018

Агенттіктің аумақтық департаментінде өзгеше форматта кездесу өтті

17.10.2018

Йеменде 18 миллион адам азық-түлікке зәру

17.10.2018

Әміре Қашаубаев фестивалінің бас жүлде иегері 1 миллион теңге алады

17.10.2018

Нұрсұлтан Назарбаев Карл Маннергейм бейіті мен «Батырлар кресі» ескерткішіне гүл шоғын қою рәсіміне қатысты

17.10.2018

Елбасы Финляндияға ресми сапарының қорытындысы бойынша БАҚ өкілдеріне брифинг өткізді

17.10.2018

Нұрсұлтан Назарбаев Финляндия Республикасының Президенті Саули Ниинистёмен кездесті

17.10.2018

Дзюдодан ел чемпионаты Астанада өтеді

17.10.2018

Елеусінов Монте-Карлода жұдырықтасады

17.10.2018

Сенаторлар Түркістан облысының тұрғындарымен кездесті

17.10.2018

«Батыс» өңірлік қолбасшылығында армиялық қоян-қолтық ұрыстың үздік жауынгерлері анықталды

17.10.2018

«Егеменнің» тілшісі Хамит Есаман жүлдегер атанды

17.10.2018

Алматы облысында екі ауданға жаңа әкім тағайындалды

17.10.2018

Альварес Головкинмен қайта жұдырықтасуға қарсы емес

17.10.2018

Маңғыстауда Қарақия ауданының 45 жылдығы тойланды

17.10.2018

Мемлекет басшысының Финляндия Республикасына ресми сапары жалғасуда

17.10.2018

Kazakhstan Fashion Week сән апталығы басталды

17.10.2018

«Орда» бағдарламасы-әлеуметтік жағынан аз қорғалған отбасылардың үлкен үміті

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Urpaq azsa – ultqa qater

J.Aımaýytov pen M.Áýezov keıbir qazaq mineziniń minin, sol mindi kórip ósken balanyń jamandyqqa salynatynyn 1917 jyly «Alash» gazetinde jarıalaǵan maqalasynda: «Ultym», – dep oqyp shyqqandar halyq arasyna kelse, qaraıa bastaıdy» dep, artynan: «Saıyp kelgende, qazaqta qalyp turǵan ózgeshe minezder: tili aıtqandy qoly qylmaıtyn – turaqsyzdyq, uıymsyzdyq, basynan aspaıtyn – ózimshildik, ezdik» depti. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Megapolıster múmkindigi

Elbasy «Qazaqstandyqtardyń ál-aýqatynyń ósýi: tabys pen turmys sapasyn arttyrý» atty jańa Joldaýynda elimizdiń aýmaqtyq damýyna jańa tásilder engizýdi qamtamasyz etý qajet ekendigin aıta kele: «Búginde jetekshi elderdiń ekonomıkasy kóbine jahandyq qalalar nemese megapolıster arqyly tanylady.

Жолдыбай БАЗАР, «Егемен Қазақстан»

Izgilikke shaqyrý iriliktiń belgisi

Bıylǵy 10-11 qazan kúnderi Astanada ótken Álemdik jáne dástúrli dinder kóshbasshylarynyń dástúrli siezi óziniń halyqaralyq aýqymdaǵy asa mańyzdy únqatysý alańy ekenin taǵy bir ret dáleldedi.

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Jer emgender oza ma, toza ma?

Jalpy, bizdiń halyqtyń arman-maqsatynyń bir ushyǵy qashan da jermen baılanysty sıaqty. Jerdi keńeıtý, jerdi qorǵaý, jerdi óńdeý, jerdi qurmetteý... Mentalıtetimiz jerge jaqyn. Bul basqa halyqtarda olaı emes degen sózimiz emes, biraq bizdiń halyq úshin tym erekshe sıaqty. 

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Qatygezdik vırýsy

О́tken ǵasyrdyń 80-jyldary rejısser R.Bykovtyń «Chýchelo» atty fılmi Odaq kólemindegi búkil eldi shýlatqan bolatyn. Kishkentaı ǵana 6 oqıtyn balalardyń boıynan sonshalyqty qatygezdikti kórgen qazaq qaýymy, bálesinen aýlaq, qalada ósken ózge ulttyń qatybastary ábden buzylyp ba­rady eken, bizdiń balalarymyzdan, keleshegimizden aýlaq dep shoshyǵan. Ol kezde mundaı zulymdyq qazaq balasynda kezdespeıtin jat qylyq sanalatyn. 

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу