Қазақстан • 24 Қаңтар, 2018

Жолдау: Ұйымдасқан қылмыс сыбайлас жемқорлықты тудырады

1245 рет
көрсетілді
11 мин
оқу үшін

Прездиенттің биылғы жылғы Жолдауында заң үстемдігін жетілдіруге, жемқорлықпен күрес жүргізуге тиісінше назар аударылған. Өйткені Конституция бойынша Қазақстан құқықтық мемлекет. Осыған дейін мемлекеттің өркендеуі үшін заң үстемдігінің маңызы ерекше. Құқықтық мемлекеттің өркен жаюына өзіндік кедергі, зиян келтіріп жатқан мәселе – жемқорлық. Жолдауда атап көрсетілгендей, соңғы 3 жылда республикада жемқорлық қылмыс үшін 2,5 мыңнан астам адам сот­талған. Осы уақыт ішінде олардың 17 миллиард теңге кө­ле­мін­де залалы болған. 

Жолдау: Ұйымдасқан қылмыс сыбайлас жемқорлықты тудырады

Біздің еліміз тәуелсіздік ал­­ған­­­нан бері сыбайлас жем­­қо­р­­лық­қа қарсы күрес үнемі жүр­гі­зі­ліп келеді. Мысалы, 2009 жылғы 22 сәуірде Пре­­зи­­дент­тің «Қазақ­стан Респуб­ли­ка­сындағы қыл­мысқа және сыбайлас жем­қор­лыққа қарсы күресті күшей­ту және құқық қор­ғау қыз­метін одан әрі жетіл­діру жөнін­дегі қо­сымша ша­ра­лар тура­лы» Жар­лығы шық­ты. Бұл Жар­лық­та сыбай­лас жем­қор­лық­қа қарсы пәр­менді тосқауыл қоятын көп­теген құқықтық шара­лар көр­сетілген.

Атап айтқанда, мем­ле­кет­тік органдардың, мем­ле­кет­тік ұйымдардың және мем­ле­кет­тің қатысу үлесі бар ұйым­дар­дың басшыларына сы­бай­лас жемқорлыққа қарсы пәр­менді іс-қимыл жасау жауаптылығы белгіленеді. Енді­гі жерде өзіне белгілі болған сы­байлас жем­қор­лық, құқық бұзу­шы­л­ық тура­лы әрбір басшы тиісті ор­ган­­­­дар­ға, лауазымды адам­дар­ға дер ке­зін­де хабарлауға мін­дет­­ті. Яғни ол осы міндетін орын­­да­ма­­­са, заңда белгіленген тәр­тіп­пен жауаптылыққа тартыла­ды. Аза­­­мат­тардың сыбайлас жем­қор­­­­лыққа қарсы күресу қызметі көтер­меленеді, мұндай ретте олар­ға ынталандыру шаралары қол­да­нылады. Бұл дегеніміз, сы­бай­лас жемқорлыққа қарсы бүкіл халық­ты жұмылдырудың нақты көрі­нісі болып отыр. Мем­ле­кет­т­ік қызметшілердің, сондай-ақ мем­­лекеттік қызметтен босаған адам­дардың ресми табысынан асып түсетін мүліктің шығу тегі ту­ра­лы ақпарат ұсынуы оларға мін­деттеледі.

Бүгінгі күні сыбайлас жем­қор­лық ұғымы азаматтық қоғам­да үйреншікті құбылысқа айнал­са, ал екінші жағынан Қазақ­стан­ның қауіпсіздігіне, елдің эко­но­­ми­­ка­сының дамуына керағар әсер ететін факторға айналуда. Ста­­­­тис­­­тикалық мәліметтерге қа­ра­­­­­ған­­­да, рес­публикада сыбайлас жем­­қор­­­лық­тың нәтижесінде кө­лең­­келі бизнес дамып, жылы­на мем­­­ле­­­кеттік қазынаға түсетін едәуір кіріс желге ұшқандай болады.

Сыбайлас жемқорлық қыл­мы­сы­ның қоғамға қауіптілігі Қазақ­стан өз тәуелсіздігін ал­ған­нан кейін-ақ біліне бастады. Мемлекеттік аппарат ше­н­еуніктерінің сыбайластыққа салынуы әу бастан белгілі бола бастады. Осыған байланысты елімізде бұл құбылысқа қарсы бағытталған заңдылық және ұйым­­дастырушылық шаралары қолға алынды.

Ал сыбайлас жемқорлық­­­тың қазіргі кездегі етек алу ауқы­мы өте үлкен. Өз өкілеттігін сату­­мен бірге, оны сатып алушы адам­­дардың көбейе түсуі билік тармақтарының сыбайлас жем­қорлық кеселіне душар болғанын көрсетеді. Мұны соңғы жылдарда жүргізілген криминологиялық зерттеулер айқын көрсетіп отыр. 

Сыбайлас жемқорлар өз мақ­саттарына жетуде ұйымдас­қан қылмыстық топтарды пай­да­ланады. Солардың арқа­сында ұйым­дасқан қылмыс экономи­ка­ның маңызды секторларына өз ықпалын жүргізеді, бұл тұр­ғы­да олар шын мәнінде жаңа сапа мен түрге ие болды. Осы ай­тыл­ғандар және басқа да жағ­дай­лар Қазақстанда да халықара­лық деңгейде бұл құбылыс­қа соң­ғы кездері ерекше көңіл бөліп отырғанын көрсетеді. Мі­не, сол шаралардың бірі «Сыбай­лас жем­­қор­­лықпен күрес туралы» Қазақ­стан Республикасының заңы. Бұл заң ТМД елдері ішін­де бірінші рет бүкіл мем­лекет­тік дең­гейде сыбайлас жем­қор­лық­­пен күреске бағыт­тал­ған заң­­ды­­лық нормаларды бел­гіле­ді. Бірақ заңда сыбайлас жем­қор­­лық­тың субъектісінің нақты анық­­тамасының, ал ең бастысы, осы заңды қолданудың құқықтық механизмнің болмауы қиындық келтірді. Осыған орай сыбайлас жемқорлықпен күрес жайлы заң нормалары бірнеше рет өзгеріске ұшырады. 

Біздің пікіріміз бойынша, сы­байлас жемқорлықтың кең көлем­­дегі түсінігін қолдану дұ­рыс сияқты. Өйткені сыбайлас жем­­қорлықты парақорлыққа тел­іп қою дұрыс емес. Осы­ған бай­ланыс­ты сыбайлас жем­қор­лыққа анықтама бермес бұрын осы құбылысқа тән негізгі сипат­тарды теориялық жағынан бел­гі­леген мәнді болады. Ком­мер­ц­иялық құрылымдардың қыз­мет­керлерімен өзге де ұйым­дар­­­дың қызметкерлері қызмет ба­бын асыра пайдаланған жағ­дай­да мемлекеттік органдар мүд­­­десіне ондай нұқсан кел­ме­й­ді және олардың әлсі­реуі­не әке­ліп соқпайды. Әрине осындай өкілеттіктерді теріс пай­да­ла­нушылық көп мате­риалдық шығынға ұшыра­туы және басқа да ауыр жағдайға ұрындыруы мүмкін.

Бұл ретте «корпоратив­тік сыбайлас жемқорлыққа» қар­сы іс-шаралар туралы сөз болуы шарт. Жергілікті өкілді және мем­­­­лекеттік басқару орган­дары­на ке­летін болсақ, оларда сы­бай­лас жемқорлықтың орын ала­тын саласына қосу прин­ципті түр­­де маңызды болып табы­лады. Сыбайлас жемқорлық­­тың субъек­­тілері мемлекеттік қыз­мет­ті атқаруға уәкілетті адамдар, не оған тексерілген адамдар, лауазымды адамдар, лауа­зым иелері болып табылмайтын мемлекеттік қызметкер­лер та­ны­лады. Егер лауазым иелерінің сыбайлас жемқорлық субъектілеріне қатысы жайлы әдебиетте бірыңғай пікір қа­лып­­тасқан болса, лауазым иесі болып табылмайтын мемле­кет­тік қызметкерлердің осы са­нат­­қа жату мәселесі даулы бо­лып табылады. Алайда мем­ле­­к­ет­­­тік билікпен жергілікті өзін-өзі басқару органдарына қар­сы кез келген қызметкер бел­гілі дәре­жеде қауіп төндіре алады. Олар­ды қылмыстық жауап­кер­шілікке тартудың міндетті шарты заң қор­ғайтын мүддені – елеулі түр­де бұзу болып табылады, ал мұн­дай әрекетті олар өздерінің қыз­мет бабына байланысты әдет­те жүзеге асырады. Егер мемле­кет­тік қызметкер өзінің қызмет бабын жеке мақсатта пайдаланып, құқық қорғау мүддесіне орасан зор нұқсан келтірсе, онда оны жауап­қа тарту керек.

Қазақстан Республикасының 2014 жылғы Қылмыстық кодексі сыбайлас жемқорлықпен күрес­те қазіргі заман талаптарына то­лы­ғырақ жауап береді. Кодекс­те сыбайлас жемқорлық қы­лмыс­тарының нақты тізбегі және оған жауапты болатын тұлғалар­дың түсінігі берілген. Бірақ онда кей­бір кемшіліктер де бар. Сыбайлас жемқорлық көрінісі құбыл­ма­лы, міндетті түрде және тез жаңа түрге өзгеріп тұрады. Жеткілікті қыл­мыстық құқықтық нормасыз онымен күресу мүмкін емес. Сондықтан да бұл құбылыспен қарсы күресте үнемі қылмыстық заңдылықты жетілдірудің белгілі қажеттілігі туындайды. Бұл процесс мақсат болып табылмайды, ол нақты теориялық базаға, ішкі және халықаралық тәжі­рибе­лер­дің тарихи дәстүрлері мен ерек­шеліктеріне негізделуі тиіс. Сон­дықтан осы қауіпті құбы­лысқа қарсы күрес жүргізудегі пай­да болған қажеттіліктерді объек­тивті жағдайларда абайлап және орынды түрде өзгерту керек.

Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып өз қызмет бабын пай­даланып қылмыс жасаған адам­дарға міндетті түрде белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір кәсіппен айналысу құқығынан айыру сияқты жазаны қолданған өте дұрыс болады. Қазақстан Республикасы ҚК-нің 41-бабын осыған байланыс­ты тиісті мазмұнда толықтыру ұсынылады. Заң шығарушы әділ түрде көптеген қылмыстарды тұл­ғаның өз қызмет бабын пай­да­лану арқылы жасайтынын көр­се­теді. Осының өзі бұл қы­л­мыс­­тың қоғамдық қауіптілігін арттырады.

Дегенмен біздің пікірімізше, заң шығарушының бұл мәселеде белгілі бір дәйектілік ұстанымы жоқ. Кейбір қылмыс құрамын белгілеген кезде қызмет бабын пайдалану іс-әрекеттің қоғам­ға қауіптілігін арттыратын белгі ретінде көрсетілмеген. Адам­ның қызмет бабын пайдаланып қылмыс жасауы белгілі бір іс-әрекеттің қоғамға қауіп­тілі­гі дә­ре­­жесін арттырады, сон­дық­тан бұл белгі заңда тиісінше көрі­ніс табуы қажет. 

Әрине сыбайлас жемқор­лықпен күреске бағытталған шаралар деп нені түсінуге болады деген сұрақ тууы мүмкін. Мұны түсіндіру үшін Жоғарғы соттың жаңа арнайы нормативтік қаулылары керек. Осы қаулыда сыбайлас жемқорлыққа байланысты заңды бұзушылық деп мемлекеттік міндеттерді атқа­ратын, сондай-ақ соларға теңес­тіріл­ген адамдардың лауазым­дық өкі­лет­тілігін және соған бай­лан­ыс­ты мүмкіндіктерін және бас­қа да өзінің өкілеттіктерін пай­­­да­­лана отырып, жеке өзі н­еме­­се делдалдар арқылы заңда кө­­з­­дел­меген мүліктік игілік­тер мен ар­тық­шылықтарды құқық­қа қар­сы беруі, сатылуы тиіс деп көрсетілуі тиіс. 

Осылайша мемлекеттік билік органдарында сенімді және кең сыбайлас жемқорлық байланысы болмаса ұйымдасқан қылмыс өмір сүре алмайды. Бұл біздің елімізде 2008 жылы 6 маусымда ратификацияланған БҰҰ-ның Трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа қарсы конвенциясына толық сәйкес келеді. Осыған байланысты өз өкілеттіліктерін ұйымдасқан қылмыстық топ, ұйым, бірлестік мүддесі үшін пайдаланған субъектілердің қылмысын аса ауыр қылмыс санатына жатқызылып, олар үшін жаза мөлшері жоғары деңгейде белгіленгені дұрыс. Сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жасады деп жалған мәлімет, хабар берген субъектілердің көпе-көрінеу жалған іс-әрекеттерге барғаны үшін жауаптылы­ғын күшейту қажет. Мұндай іс-әре­кеттер қылмыстың аса ауыр санатына жатқызылуы керек. Бұл тұрғыда арнайы заң нормасын қылмыстық кодексте көрсету керек. Сыбайлас жемқорлық қылмысын сылтау етіп кінәсіз адамдарды қылмыстық жауапқа тарту өте ауыр қылмыс санатына жатқызылуы қажет.  

Аты-жөні жоқ арыз, шағым­дар тексерілуі тиіс, ондай арыз-шағымдарда жалған мәліметтер берілсе, ондай хабарлама берген субъектілер қылмыстық жауап­тылыққа және жазаға тартылуы қажет. Заң нормаларымен осы айтылған ұсыныстар рет­телсе, сыбайлас жемқорлыққа тос­­қауыл қойылар еді. Бұл атал­­­ған­­­дар­дан басқа сыбайлас жем­қор­­­лық­­­пен табанды күрес жүр­гізу үшін бұқаралық ақпарат құрал­дарын­да жария етіл­ген осындай іс-әре­кеттерді құқық қорғау орган­дары дер кезінде тексеріп, оқыр­ман­дарды тиісінше хабардар ету керек. Сыбай­лас жемқорлыққа қар­сы бағыт­талған құжаттардың әлі де өзара қайшылықтарын жойып, олардың нақты қолданылу меха­низмін жетілдірген жөн. 

Сыбайлас жемқорлық қыл­мы­сымен күрес жүргізу оңай шаруа емес, ол ұзақ мерзімге бағыт­тал­ған мемлекеттік шара. Ең бас­тысы осы кеселге қатаң бағыт­талған мемлекеттік бағ­дарлама жоғары деңгейде жауап­тылықпен іске асырылуы тиіс. Сонда ғана Президенттің халыққа Жолдауы толық жүзеге асады.

Арықбай АҒЫБАЕВ,
заң ғылымдарының докторы, профессор