Түйткіл: «Креще­ние­ні» православие қау­ымынан артық атап өте бас­тағандаймыз

Аяз буып тұр ғой – табиғат тіліне дауа жоқ. Ашу да буып тұр – ағайынның діліне дауа жоқ. Күрмелген тіліңді қалай кесерсің, дүбәра діліңді қалай шешерсің?! Қаржасар қауқар қайсымызда, Арқада жүрген ағайын да, Алтайда жүрген ағайын да аяз буғалы «крещенский мороз» деп жүр. Шіркін, «Алтайдың аязы», «Арқаның аязы» деген аяулы сөзді естісек, жарғақ құлағымыз садақа ғой. Арқар­дың сақасындай сыпа сөзімізден неге жиренеміз?

 
Егемен Қазақстан
24.01.2018 914
2

Бұл бұл ма?! Біз «Креще­ние­ні» де күллі православие қау­ымынан артық атап өте бас­тағандаймыз. Қараңыз, Астана қаласы төтенше жағ­дай­­лар басқармасы бас­шы­сының орынбасары Бейбіт Садықов биылғы діни ғұрыпқа Есіл өзенінің Салтанат сарайына жақын тұсы­нан екі бірдей мұз ойық әзірленгенін мәлімдеді. Себеп, жылдан жылға жергілікті жұртшылық арасында діни рәсімге қаты­су­шылар артып келе жат­қан көрінеді.

Әрине елорда тұрғындарының дені өз қа­ра­көздерімізбен толығып жа­тыр. Бірақ қаракөздеріміз өзіміз болғанымен, көкірек көзі өзіміздікі емес сияқты. Әйтпесе интернет желілерінде өзге ұлыстың қасиетті мереке­сінің бел ортасында мәз-мей­рам болып шомылып жүр­ген қазақтардың бейнетаспалары таралмас еді ғой. Иә, өзгеріп барамыз. Ой жарысы жағынан емес, дарақылық додасы жағынан өзгергеніміз қынжылтады. «Сынықтан бас­қаның бәрі жұғады» дегенде, бөтегеге бүккен санадағы сырқат, иммунитеттегі әлсіздік дәл осылай қалқып шығады деп әсте ойламаған екенбіз. Орға омақасатын олақтығымызға орын жетпей бара жатқандай ма, қалай?

Парламент Сенатының төрағасы Қасымжомарт Тоқаев «Твиттердегі» парақшасына «Меніңше, қасиетті Крещение кезінде қазақтардың топырлап жапа-тармағай суға түсуі орынсыз әрекет сияқты. Сырттан, әсіресе шетелден келген адам­дар­ға бұл әрекет ерсі болып көрінеді» деп жазды. Қа­з­ақ елі бүкіл дүниеге түркі әлемі­нің от жаққан ошағы, онан кейін Орталық Азиядағы туыс­­тас халықтар сияқты емес, тілі, ділі мұсылман болса да көпконфессиялы қоғам құруы­мен танылды. Яғни біз дәл осы «Крещениеде» шоқыну туралы ойдан ада болсақ та, олармен (діні басқалармен) жарысып ойыққа түспеуіміз керек еді. Осының өзі өзге сенім мен нанымға құрмет көрсеткеніміз болар еді. Дін тұрғысынан қарағанда, Иса пайғамбардың Иордан өзеніне түсуінен бастау алатын Крещениедегі мұздай суға шомылу шіркеу қатарына қабылдауды, яғни шоқындыруды білдіреді. Сондықтан бұл «шоқынуға» жол болсын!? Әрине әлдекім­дер мұны шынығудың бір түрі деуі де мүмкін. 

Ілкіде университетте бір оқытушымыз болды. Жарықтық, қыстыгүні де жалаңаяқ жүретін. Соның сырын сұрағанымызда, атақты Порфирий Ивановтың суық су құйыну әдісімен өзін дәрі­гер­лердің емі жетпеген ауру­дан жазып алғанын айтқан еді. Бірақ бұл күнделікті өмір сал­ты ғой. Есілге, Ертіске мұз ойық­қа мұңсыз сүңгіп шығып жат­қандар шынымен саламат­тылық салтын қуаласа, осы жолмен неге жүрмейді деген сауал туады. Абай айтады: «Қазақ та адам баласы ғой, көбі ақылсыздығынан аз­бай­ды, ақылдың сөзін ұғып алар­лық жүректе жігер, қайрат, бай­лау­лылықтың жоқтығынан азады». Хәкім он төртінші қара сөзінде осылай дейді. Жал­пы, жан қиналған кездегі бағдаршамымыз – Абай. Ал дін мен діл мәселесінде абайлау­ды білмейтін ұрпаққа Абай ғақлияларын жиі-жиі оқыт­­қан абзал. Бір заманда байтақ далада әскери бекі­ніс­тер салынғанда зеңбірек тұмсығымен бірге ұмсына енген шіркеу қоңырау­лары бабалар жүре­гін шайлықтырса, бейбіт күндегі бұл «шоқыну» бетке шіркеу болып тұр. 

Думан АНАШ,
«Егемен Қазақстан»

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

15.10.2018

Қазақстан Президенті «Ақтөбе» индустриялық аймағына барды

15.10.2018

Елбасы «ACE Tennis Center» теннис орталығына барды

15.10.2018

Нұрсұлтан Назарбаев Мұз сарайын аралап көрді

15.10.2018

Мемлекет басшысы Ақтөбедегі «Аяла» балаларды сауықтыру орталығына барды

15.10.2018

Елбасы «DaruZharygy» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің офтальмология орталығына барды

15.10.2018

«Қазақ радиолары» ЖШС-ның Бас директоры тағайындалды

15.10.2018

Брексит: келісімге қол жетпеді

15.10.2018

Геннадий Шиповских: Мұғалім мәртебесін асқақтату еліміз үшін аса маңызды (ВИДЕО)

15.10.2018

Сенаторлар Атырау қалалық Бизнес және құқық колледжінде кездесу өткізді

15.10.2018

Станимир Стоилов: Әлеуетін толық көрсете алмай жүрген футболшылар бар

15.10.2018

Павлодарда құрылысы ұзаққа созылған 25 нысан анықталды

15.10.2018

Елбасы жұмыс сапарымен Ақтөбе облысына барды

15.10.2018

Қыздар университеті «Туған жерге тағзым» жобасын жүзеге асыруға кірісті

15.10.2018

«Ұстаз мәртебесі туралы» заңды әзірлеуге салалық кәсіподақ белсенді түрде атсалысады

15.10.2018

Өзбекстанда импорт өсіп, экспорт көрсеткіші төмендеді

15.10.2018

Нұрсұлтан Назарбаев Арыстанбек Мұхамедиұлын қабылдады

15.10.2018

Мұратхан Шүкеев Жамбыл облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды

15.10.2018

Теннисшілердің әлемдік рейтингі жаңартылды

15.10.2018

Ұшқындағы үшем

15.10.2018

Армения әскері Таулы Қарабаққа қатысты атысты тоқтату режимін бұзды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Жолдыбай БАЗАР, «Егемен Қазақстан»

Izgilikke shaqyrý iriliktiń belgisi

Bıylǵy 10-11 qazan kúnderi Astanada ótken Álemdik jáne dástúrli dinder kóshbasshylarynyń dástúrli siezi óziniń halyqaralyq aýqymdaǵy asa mańyzdy únqatysý alańy ekenin taǵy bir ret dáleldedi.

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Jer emgender oza ma, toza ma?

Jalpy, bizdiń halyqtyń arman-maqsatynyń bir ushyǵy qashan da jermen baılanysty sıaqty. Jerdi keńeıtý, jerdi qorǵaý, jerdi óńdeý, jerdi qurmetteý... Mentalıtetimiz jerge jaqyn. Bul basqa halyqtarda olaı emes degen sózimiz emes, biraq bizdiń halyq úshin tym erekshe sıaqty. 

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Qatygezdik vırýsy

О́tken ǵasyrdyń 80-jyldary rejısser R.Bykovtyń «Chýchelo» atty fılmi Odaq kólemindegi búkil eldi shýlatqan bolatyn. Kishkentaı ǵana 6 oqıtyn balalardyń boıynan sonshalyqty qatygezdikti kórgen qazaq qaýymy, bálesinen aýlaq, qalada ósken ózge ulttyń qatybastary ábden buzylyp ba­rady eken, bizdiń balalarymyzdan, keleshegimizden aýlaq dep shoshyǵan. Ol kezde mundaı zulymdyq qazaq balasynda kezdespeıtin jat qylyq sanalatyn. 

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

О́mir kúzetindegi meıirim

Otbasylyq jáne jeke basynyń jaǵdaıyna baılanysty Germanıadaǵy oqýynan eriksiz qol úzip, týǵan jerge oralǵan Ǵabıt Nurhanuly esimdi azamattyń feısbýktegi jazbasy kóńilge túrli oı saldy. Elimizdegi densaýlyq saqtaý salasyndaǵy kóptegen túıtkildi synaǵan avtor nemis halqynan kóp nárseni úırenýimiz kerek deıdi.

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Týrızmdi damytý qonaqjaılyqtan bastalady

Tetigin tapqan elder týrızm salasyn sarqylmaıtyn tabys kózine aınaldyryp alǵan. Qyzyǵa qarap otyrsaq, bul saladan qyrýar qarajat túsetinin aıtpaǵanda, kóptegen jumys orny ashylyp,  eldiń tórtkúl álemge jaqsy aty shyǵyp jatady eken.  Al kez kelgen qonaqtyń kóńilin tabýǵa eń birinshi ashyq-jarqyn qabaǵyń, odan keıin dámdi tamaǵyń kerek ekeni álmısaqtan belgili aksıoma emes pe.  

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(1)

Біржан Тусупбеков (25.01.2018 06:08:25)

Ашаршылық кезінде жетім балалар орыс ауылынан айналып жүрген аш болса да, қорыққан олар доңыз етін жегізеді, шоқындырады деп. Қазіргі Қазақ тойып, ерігіп не істерін білмей адасып жүр. АДАСҚАНДЫ АЛЛА одан сайын адастырады. Адаспандар ҚЫМБАТТЫ БАУЫРЛАРЫМ.

Пікір қосу