Тәрбие сағаты: Информатиканы терең меңгеру – игілік 

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер – бүгінгі мектеп оқу­шы­лары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол дең­гей­де болады. 

Егемен Қазақстан
24.01.2018 475

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер – бүгінгі мектеп оқу­шы­лары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол дең­гей­де болады. Сондықтан ұстазға жүктелетін міндет ауыр», деп атап көрсеткен болатын. Ұрпаққа тәрбие беру, білім нәрімен сусындату – қызмет қана емес, қасиетті парыз. Сондықтан ұстаз болуды жүректің батырлығы деп бағалауға болады.

Мен өскен ортада сабақты жақ­сы оқығандар мұғалім болуға тиіс секіл­ді саналатын. Аттестатым қолға тиісімен мұғалімдікті таң­дауым сол тәртіптің нәтижесі бо­­лар. Айлығынан қағазы көп бол­­са да, мектебін өзге кәсіпке айыр­бастамай келе жатқан ұстаз­дардың еңбегі ерен. Шәкірт са­насына білім нәрін сеуіп, ел болашағының өрендерін тәр­биелеп шығару шектеусіз еңбекті, терең білімді қажет етеді. Ұс­таз болу – жүрек жылуын, ме­йі­рім шуағын, адамгершілік ұлы­лығын баланың бойына дарыту. Әр үй­дің ерке баласына талап қоя отырып, тәртіпке шақыру оңай емес. Алай­да мұғалімнің басқа ешкімде жоқ бір қаруы бар, ол – білімі мен тәжірибесі. Тәсілін тапқан ба­­луандай ол да әр сабағының со­ңында жеңіске жетіп отырады. Жыл­дар бойы оқу мен үйренуден жа­лықпайтын бір жан болса, ол – мұғалім! Соның нәтижесінде өз ісінің шебері, үздігі анықталатын сайыстарға білімді мұғалім қорық­пай қатыса алады. Қоғамның мұға­лім­ге көңіл аударғаны, еңбегіне лайық марапаттағаны, әрине, қуан­тады. 

«Ұстазыңды ұлы әкеңдей сыйла» деген сөз бар. Мұғалімнің өз тәртібі мен мәдениеті, өзін өзі ұстауы мен киіну өнегесі де оқу­шының болашақ азығы. Қанша уа­қыт өтсе де, адам ұстазы үшін шә­кірт қалпында, ал ұстаз тәлім егу­ші қалпында қалады. Еске алар сәттің жақсы болғаны, айтылған әңгіменің маңызды болғанына не жетсін? Адам баласы құндылық деп танитын атаулардың бірі – сыйластық сөзі мұғалімге қарата айтылғандай. Оқушыны сыртқы әлеммен байланыстыратын бірден-бір жанды ақпарат көзі – мұғалім, құралы – оның сабағы. Ендеше, мұғалім әр сабағын мазмұнды әрі қызғылықты өткізуге тиіс. Бұл – өмір талабы. Ұрпақ болашағы, халқымыздың келешегі қазіргі ұстаз­­дардың қолында. 
Қазіргі мұғалім имиджі қан­дай? Жаңа заманның мектебіне қан­дай мұғалім лайық? Оқушы­ларға қандай мұғалім ұнайды? Міне, бүгінгі қоғамды, министр­ден бастап, мектеп басшылары­ мен қоғамдық ұйымдарды осы мәсе­лелер ойлантуы керек. Бү­гін­гі таңда еліміздің білім беру жү­йесінде оқыту процесін тың идея­ларға не­гіз­делген жаңа мазмұнмен қам­тамасыз ету міндеті тұр.

Білім берудің басты мақсаты – келешек өмірге белсенді араласуға дайын құзыретті тұл­ғаны қалыптастыруға ық­пал ету. Мен еңбек ететін оқу ордасы – түрлі пәндерді те­рең­детіп оқытатын дарынды ба­лаларға арналған облыстық ма­мандандырылған мектеп-интернат аталған мақсатты жүзеге асы­­руда өзіндік тәжірибесі мен жо­лы бар мектеп. Мұғалімдеріміз түгелдей дерлік жаңаша оқыту мазмұнына негізделген арнайы курстардан өткен. Осы білім меке­месінде информатика пәнінен са­бақ бере жүріп, республика деңгейінде танымал үздік педагогтармен иықтаса жұмыс істейтініме еліміздің білім беру қызметіне өз үлесімді қоса алғаныма қуанамын. Ал менің алдымда өз жолымды қалыптастыруға бағытталған жаңа идеялар мен смарт-мақсаттарым бар. 2014 жылдың қазан айында Астана қаласында өткен «ZIAT» ғылыми-әдістемелік орталығы ұйымдастырған «Менің үздік презентациялық сабағым» атты мұғалімдер сайысында «Сабақ беру кезіндегі презентацияның қолданылуы» тақырыбындағы жұмысым қазылар тарапынан жо­ғары бағаланып, І дәрежелі дип­ломмен марапатталдым. Ізденуші-педагог ретінде жаңа мақсаттарды бел­гілеп, оқушыларды ғылыми жобаларға қызықтыруыма та­ғы бір жол ашылды. Мен жас мұға­лімдердің алар асуы әлі де көп еке­ніне сенемін.

Мақсатыма жету үшін, ең ал­­­­ды­мен білім берудің жаңа тә­сіл­дерін бойыма сіңіруді жал­ғастырып келемін. Еліміздің педа­гог қызметкерлерінің біліктілігін арт­тыру мақсатында жасалған бағ­дарламаның басым бөлігінде түрлі тәсілдерді, сындарлы­ оқы­ту теория­сы негіздерін қам­ты­­ған. Міне, осы сын­дарлы оқы­ту­­ды негізге алған бағ­дарла­маны игеру барысында жеті мо­­дуль­ді оқып, сабақтың қай же­рінде қалай кіріктірілуі ке­рек екендігін үйрендім. Бұл мен үшін үлкен жаңалық болды. Сү­йік­ті кәсібіме жаңашыл бастама­ ен­гізуді қашанда қолдаймын. Ин­фор­­матика білімінің негізі мек­­теп­те қаланғаны жөн.

Оқушы­лары­мыз жаһандану заманында­ үй­де отырып-ақ дүниенің төрт бұры­шын еркін шарлай алатын­дай білімді болуы керек. Оқу­шы­ларымның өзін ғана емес, отбасы мүшелерін де әртүрлі хакер­лер­ден сақтандыруды білгені жақ­сы. Ғаламтор арқылы жастарды ажал­ға айдап отырған зиянды ойындар мен ақпараттардан қалай құтылуға болады? Қаптаған жар­­­­намалардың жетегінде кет­пеу­ді қалай үйрену керек? Өз пәні­ме аса жауапкершілікпен қа­ра­уы­ма осы мәселе түрткі болып отыр. Келешекте тәуелсіз елі­міз­дің тізгінін ұстар азаматтар – бүгінгі мектеп оқушылары. «Ха­лықты халықпен, адамды адам­мен теңестіретін – білім», деп ұлы жазушы Мұхтар Әуезов айт­қандай, елімізді өркениетке апарар жолдың бастауында мектеп тұ­рады. Мектептегі білім – барша әлем тыныс-тіршілігінің алғашқы ірге­тасы. Осы бағдарламаның не­гіз­гі міндеті – қазақстандық мұ­­ғалімдерге педагогикалық тә­жірибелерін жетілдіру мен ба­ғалауға көмектесу.

Сондықтан оқы­­ту мен оқудың қазіргі за­ман­­ғы әдістері мұғалімнің күн­делікті тәжірибесі және кәсіби құ­зы­­реттілігімен өзара байланыс­та қарастырылады. Осы курс­тың бірінші «Бетпе-бет» кезе­ңін аяқтағаннан кейін, тың идея­лар нәтижесінде, өзімнің бағ­дарламаның негізгі деңгейін оқу арқылы өзгергенімді көрсететін сәттің келгенін түсіндім. Дәстүрлі оқыту арқылы алған білімнің жаттанды, оқушылар үшін келешек өмірде көп іске аспайтынын білдім. Осы бағдарлама аясында жеті модуль бойынша сындарлы оқыту арқылы алған теориялық білімнің терең, өмірде, мектептен басқа жерде де қолдануға бо­­ла­­тынына көзім жетті. Бұл кез­­де өзімнің көшбасшылық дағ­дыларым жетілдірілді. Сабақ барысында метатануды тиімді іске асыру арқылы оқушылардың когни­тивті қабілеттерін жетілдіруге болатындығына көз жеткіздім. 

Келешекке жоспар құра оты­рып, мен осы курс барысын­да ал­ған білімдерім мен тәжіри­бемді ұштастырып, сабақ беру үрдіс­терімді үлкен бағытқа өзгертемін деп ойлаймын. Жаңаша әдістер мен тәсілдерді қолдана отырып оқушыларға дұрыс бағыт-бағдар беруге тырысамын. Менің ойымша, барлық ұстаздар да өзгеруі тиіс. Өйткені заманымыз рухани құндылықтарды сақтай отырып, жаңашылдыққа бет бұруымызды қажет етіп отыр. Қазақ мектебінің бола­шағы туралы М.Жұмабаев «Әрбір елдің келешегі мектебіне байланысты», деген екен. Педагог үшін осы сөз басты ұстаным бол­мақ. Рухани жаңғыру аясында жаса­латын барлық шараның өзегі бі­­лім мен тәрбие, өркенді жас ұр­пақ болып қала береді.

Рысжан АҚҚҰЛОВА,
Түрлі пәндерді тереңдетіп оқытатын дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-интернат мұғалімі

АҚТАУ 

Жаңашылдық жаршысы болған «Өрлеу»

2012 жылдан бастап елімізде педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру үшін деңгейлік курстар оқытыла бастады. Бағдарламаға енгізілген жаңа тәсілдің бірі – мұғалімнің өз тәжірибесі туралы ойлануы.  

Өз ісіне деген сенімі мен мақсаты айқын әр маман иесі «Мұғалім де, оқушы да риза болуы үшін сабағымды қалай өткізсем болады? Оқушы болашақ маман ретінде бүгінгі қоғам талабына дайын болу үшін не істеу керек?» деп толғанатыны белгілі. 

Батыс Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты базасында Үшінші (базалық) деңгей бойынша білімімді жетілдірдім. Институт директоры, педагогика ғы­лым­дарының кандидаты Софья Измұханбетова бас­таған ұжым заманауи тәжірибелерді зерделеу және қолдану бағыты бойынша мұғалімді дамытуға бағытталған бағдарлама негізінде білім алуыма толық мүмкіндік жасады. Әр тыңдаушыға қолайлы орта, оң ахуал қалыптастырды, әр оқу сессиясы сауатты құрылымдалып, мұғалімнің белсенді жұмыс жасауына, өзара әрекеттестік арқылы оқуына бағытталды. Бапкерлеріміздің шеберлігі, теориялық білімдерімен қатар пәндік білімдерінің тереңдігі, мектеп тәжірибесін білуі, әр мұғалімге жол тауып, оның ішкі әлеуетін ашуға ұмтылысы, алға жетелеуі, азаматтық және адами қасиеттерінің биіктігі тиімді оқуға, көзқарасымыздың өзгеруіне септігін тигізді.

Курстың әсерінен қазіргі таңда өзіме баға бере отырып, кемшілігімді түзеп және жаңа жол іздеп, жұмысымды жаңаша талқылайтын болдым. Әр сабағымды сұрақпен бастап, сұрақпен аяқтауды дағдыға айналдырдым. Сабағымда жүйелі қойылған сұрақ оқушылардың сыни ойлауын дамытатынын байқадым. Оқушылардың табысты істері мен тың идеялары жұптық, топтық жұмыстарымның іргетасы бола бастады. Сыни тұрғыдан ойлау қабілетімді дамыта отырып, жаңашыл идеяларға көңіл көкжиегін аша білдім. Курстан алған білім мен тәлімімнің арқасында ұжымдағы әріптестерімнің арасында беделге ие болдым, тәжірибеммен бөлісуге, сабақ көрсетуге, жаңа идеялармен бөлісуге құлшынысым өсті. Орал қалалық үздік тәрбие сағаты байқауында – бас жүлде, «Жеті модуль ықпалдастырылған орта мерзімді жоспарлар үлгісі» байқауында – І орын, Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімдерінің олимпиадасында – ІІ орын және І, ІІ, ІІІ деңгей бойынша сертификатталған қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімдерінің арасында өткен «Эрудит мұғалім» байқауында ІІІ орын иеленгенім үшін Құрмет грамотасымен марапатталдым. Республикалық «Bilim media group» компаниясы ұйымдастырған «Жаңашыл мұғалім-2017» байқауының екінші кезеңіне жолдама алдым.

Курсты аяқтап, қолымызға сертификат алғаны­мызға биыл 6 жыл болады екен. Дегенмен, бапкер­леріміз әлі күнге дейін бізбен байланысып, қандай шара, байқау болмасын әдістемелік көмек беріп, қолдау көрсетуге дайын тұрады. Әр кездескен сайын зор ілтипатпен, қуанышпен қарсы алуы бізді одан әрі құлшындыра түседі. Курстан кейінгі әдістемелік қолдау семинарлары, түрлі конференция, онлайн семинар мен вебинарларға шақырып, қатыстыруы бізді одан әрі дамыта түсті, ұмтылысымызды кү­шейт­­ті.

Нәтижесінде, 2014 жылы «Өзгеріс. Тәжірибе. Ой­толғау» атты облыстық онлайн режіміндегі пе­да­гогикалық идеялар жәрмеңкесіне қатысып, өз идеяларыммен бөлістім. 2016 жылы «Жаңа формация мұғалімі: тәжірибе және кәсіби диалог» тақырыбындағы облыстық ғылыми-тәжірибелік онлайн вебинарына қатысып, сертификатпен, қатысушы куәлігімен марапатталдым. 2014 жылы құрас­тырылған «Қадыртану» курстық және «Сындарлы теориялық оқытуға негізделген тәсілдің түйінді идея­ларын тәрбие үрдісінде қолдану» атты авторлық бағдарламаларым облыс көлемінде таратылды. 

Қол жеткізіп жүрген жетістіктерім мен табыстарым осы «Өрлеу» қабырғасында өткен біліктілік курсы мен бапкерлердің қолдауының нәтижесі деп білемін. 

Жазира ИШАНҒАЛИЕВА, 
№30 жалпы орта білім беретін мектеп директорының әдістеме ісі жөніндегі орынбасары

ОРАЛ 

Әкенің бала тәрбиесіндегі рөлі 

Жас ұрпаққа тәрбие беруде ең алдымен ата-ана, содан кейін­гі орында мектеп, яғни ұс­таз тұрады. Адамгершілік, кіші­пейілділік, қайырымдылық, әдеп­тілік сияқты игі қасиеттердің бә­рі баланың бойына отбасынан дариды. Отбасылық қарым-қаты­наста оның әрбір мүшесінің өз міндеті мен орны бар. Ана ба­ланы өмірге әкеліп, ақ сүтін бе­ріп, әлдилеп, мәпелеп өсірсе, өскелең ұрпақ тәрбиесінде әкенің өзін­дік рөлі зор. Әке – шаңырақ иесі, үйдің асыраушысы және тәр­биешісі. Өкінішке қарай, қазір күйбең тіршіліктің қамымен бала тәрбиесін назардан тыс қал­дырған әкелер де аз емес. Әке­лердің бала тәрбиесіндегі рөлін арттыру мақсатында жақында Баршатас ауылындағы Оспанқұл Меңаяқұлы атындағы жалпы білім беретін орта мектепте ал­ғаш рет «Әке жолы – ізгіліктің із­дері» атты әкелер конференция­сы ұйымдастырылды. Аталған ша­ра барша әкелердің құрметіне ұлан­дардың әке туралы жыр шумақ­тарымен басталып, әкелі-бала­лы Әжібековтер отбасының орын­дауындағы «Әке туралы жыр» әнімен жалғасын тапты. Сахнаның безендірілуіне атсалысқан педагог-ұйым­дас­­ты­рушы Кенжебай Базар­бай­ұлының ер адамға лайық бес қа­ру мен ұлттық құндылығымыз саналатын киіз үй керегесінің қойы­луы тақырыптың мән-мағы­насын толық аша түскендей бол­ды.

Мектеп директоры Гүл­нұр Рғызбайқызы өзінің құт­тық­тау сөзінде Елбасының «Бо­ла­шаққа бағдар: рухани жаң­­ғыру» мақаласында құнды мұра­ларымызды құрметтеуге ерекше ден қойылғанына тоқ­талып, ұр­пақ тәрбиесінде әкенің орны әр­кез бөлек екендігін атап өтті. Кон­ференцияны директордың тәр­бие ісі жөніндегі орынбасары Алтынжан Зейнекәрімқызы «Отбасы тәрбиесіндегі әкенің рөлі» тақырыбындағы баяндамасымен жалғастырып: «Әке көр­ген оқ жонар, шеше көрген тон пішер» дегендей, бала, әсіресе, ұл бала әкесі мен атасына қарап бой түзейді. Олардан көрген, ес­тігендерін бойына сіңіріп өседі, ер азаматқа тән қасиеттерді үй­ре­неді. Осы ретте мектепте жос­­парлы түрде өтетін тәрбие ба­ғы­тындағы іс-шараларға, ата-ана­лар жиналыстарына әкелер қа­уымы жиі қатысып отырса деген тілегіміз бар. Өйткені әке­нің отырғанының өзі бір тәр­бие», деді. Конференция ба­­рысында шараға келген әке­лердің назарына күнделікті тұр­мыс-тіршілікте кездесіп жататын әртүрлі жағдайлар, балалар жайында бейнесюжеттер ұсы­нылды. Көрсетілген үш түрлі сюжет бойынша бейнероликтерді көр­ген соң бірқатар ата-ана өз ой-пікірлерін ортаға салды. Олар­дың пікірі тыңдалғаннан кейін мектеп психологі Жазира Аман­гелдіқызы әр бейнесюжетке пси­хологиялық тұрғыдан талдау жүргізді.

Тағылымда шара соңында қорытынды сөз сөйлеген аудандық бірінші әкелер конфе­ренциясының делегаты, үлгілі әке, ауылдық аурухананың бас дә­рі­гері, мектептің тұрақты де­меу­шісі, түлектер кеңесінің төр­­аға­сы Марат Өнербаев тәрбие ісі­не үнемі атсалысып, мектеппен тығыз байланыста болуға ша­қырды. Ал мектептегі ата-аналар комитетінің төрайымы Самал Қанапиянова осындай тәрбиелік мәні зор іс-шараның жоғары деңгейде өтуіне мұрындық бол­ған ұжымға алғыс айтып, кон­ференцияның дәстүрлі түрде жыл сайын өткізіліп тұруына ата-аналар комитеті тарапынан да қолдау көрсететіндіктерін жет­кізді. Сонымен қатар бұл күні бір топ үлгілі әкелер мектеп дирек­торының алғыс хаты және естелік белгілерімен марапатталды. 

Самал ҚАНАПИЯНОВА, 
ата-аналар комитетінің төрайымы

Шығыс Қазақстан облысы,
Аягөз ауданы, 
Баршатас ауылы
 

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

25.02.2018

Астанада ашылатын төртінші ауданға Байқоңыр атауын беру мақұлданды

25.02.2018

Павлодар облысында жергілікті ЖОО үшін 200  грант  бөлінді

25.02.2018

Алакөл жағасын абаттандыру жұмыстары биыл да жалғасады

25.02.2018

Берлин-2018 кинофестивалінің жеңімпаздары анықталды

25.02.2018

Олимпиада-2018: Ресей құрамасы тұңғыш рет хоккейден алтын алды

25.02.2018

Мәлік Мырзалин: Ақмола облысына 257 миллиард теңге инвестиция тартылып, 12 мың жаңа жұмыс орны құрылды

25.02.2018

2018 жыл Ақтөбе облысында «Бала жылы» деп жарияланды

25.02.2018

Оралда құсбегілердің республикалық «Қансонар-2018» турнирі өтіп жатыр (ФОТО)

24.02.2018

Премьер-Министрдің Бірінші орынбасары Асқар Мамин Түрікменстан Президентімен кездесті

24.02.2018

Заң бұзған мыңға жуық шетелдік елден шығарылды

24.02.2018

Олимпиада - 2018: Шаңғышы Денис Волотка жарыс жолынан шығып қалды

24.02.2018

Былтыр Маңғыстау облысының жергілікті атқарушы органдары халыққа 1 253 841 қызмет көрсеткен

24.02.2018

Францияның Ұлттық Ассамблеясында қазақстан-француз стратегиялық серіктестігінің болашағы талқыланды

24.02.2018

Минскіде Қазақстан мен Беларусь СІМ арасындағы саяси консультациялар өтті

23.02.2018

Сенатор Д.Назарбаева Сингапурда болды

23.02.2018

ШҚО әкімі тұрғындар алдында есеп берді

23.02.2018

Қазақстандық парламентшілер ЕҚЫҰ ПА қысқы сессиясына қатысты

23.02.2018

Энергетика министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісі өтті 

23.02.2018

Оралхан Бөкейдің ағылшын тілінде жарық көрген кітабының тұсаукесері өтті

23.02.2018

СҚО-да Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Елбасы Қорының күндері өтуде

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Ғабит ІСКЕНДЕРҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Мәселе заманда емес, адамда...

  Адамның азаматтығы, жауап­кер­шілігі туралы қай кезде де кеңі­нен сөз болады емес пе? Сондай әңгіме барысында кейбіреулер әңгі­ме арқауына айналған жандарға ая­ныш білдіріп, «олар сатқындық жа­с­айын деді дейсің бе, амалдың жоқтығынан жасады ғой, бәріне заман кінәлі» дегені бар-тын. Сонда Ұшыға апам былай деген еді: «Күн де орнында, сол баяғыша шығады, сол қалпында батады. Ай да орнында сол бұрынғыша туады. Өзгерсе адамның пейілі, ниеті өзгерген. Заманға жауапкершілік жүктеудің жөні жоқ...».

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Эфирде бейбастақтыққа неге жол беріледі? 

Әуе толқынынан хабар тыңдап отырмын. Әңгіме бойтұмар жайында өрбуде. Радио хабарын жүргізуші әлемге танымал адамдардың бой­тұмар ретінде нені ұстайтынын айта келе Кэмерон Диазды мысалға алды.

Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан»

Даму үшін әділдік ауадай қажет

Әділдік қашанда адамзаттың арманы болып келеді. Жасыратыны жоқ, кейде бір ұжым түгілі, бір отбасының өзінде әділдік кемшін қалып жатады. Осындай жағдайда оның тұтас мемлекетте орнауы орындалмас армандай көрінетіні рас.

Зарема ШӘУКЕНОВА, ҰҒА корреспондент-мүшесі

Конфессияаралық диалогтың қазақстандық алаңы

Атақты америкалық саясаттанушы Самуэль Хантингтон 1996 жылы өзінің әлемдік ғылыми қоғамдас­тық арасында кең талқылауға түс­кен «Өркениеттер қақтығысы және әлемдік тәртіптің трансформациясы» атты кітабын жарыққа шығарды. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Қайтқан малда қайыр бар

Осының алдында газет бетінде жарияланған «Бай бол­­саң, халқыңмен бол!» атты мақа­ламызда («Егемен Қазақстан», 09.02. 2018 жыл) меншік иелері­нің елімізден астыртын жолдар арқылы шығарып әкетіп жатқан капиталының түбі оларға қайыр бермейтіндігін, қазіргі күні Батыс әлемінде жүріп жатқан саяси-эко­номикалық үдерістердің екпі­німен бұл қаржылар сол жақ­тың өзінде ерте ме, кеш пе, қақпан­ға түсірілетіндігін, ал оның идеологиясы қазірдің өзінде әзір екендігін жазған едік. 

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу