Қазақстан • 26 Қаңтар, 2018

Қазақстанның Пәкістандағы Төтенше және өкілетті елшісі тағайындалды

237 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қазақстанның Пәкістандағы Төтенше және өкілетті елшісі тағайындалды

Мемлекет басшысының Жарлығымен Барлыбай Кәрімұлы Садықов Қазақстан Республикасының Пәкістан Ислам Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі қызметіне тағайындалды.

Мемлекет басшысының Жарлығымен «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес зейнеткерлік жасқа толуына байланысты Бақытбек Сейсебайұлы Шабарбаев Қазақстан Республикасының Пәкістан Ислам Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі қызметінен, Қазақстан Республикасының Бангладеш Халық Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарудан босатылды.