Қазақстан • 26 Қаңтар, 2018

Джонатан Гранофф: Қазақстан бейбітшілік көпірі іспетті

394 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Джонатан Гранофф: Қазақстан бейбітшілік көпірі іспетті

Джонатан Гранофф, 
Жаһандық қауіпсіздік институтының президенті (АҚШ):

Қауіпсіздік үшін ядролық қаруға ие мемлекеттердің басқа­ларды одан бас тартуға ша­қыруы әділдік емес. Сон­дықтан Нұрсұлтан Назарбаевтың шартарапты атом бомбасынан азат ету туралы бастамасы өте маңызды. Әлем елдерінің көш­басшылары Қазақстан Пре­зидентінің бұл бастама­сына бірауыздан қолдау біл­діруі керек. Мәселен, АҚШ өзі­нің ядролық қаруды таратпау келісіміне сай өз міндетін орындап, оқтұмсықтарынан бас тартуы тиіс. Мұндай әрекетті Ресей, Қытай, Ұлыбритания және Франция елдері де орындауы қажет. Былтыр шілдеде 122 мемлекет ядролық қаруға тыйым салу келісіміне қол қойды. Егер оқтұмсықтары бар мемлекеттер бұған келіспесе, өзара әріптестік орнатып, ядролық қарудан бірлесе бас тартуы тиіс. 
Осы орайда, Қазақстанның БҰҰ-дағы қызметі талайларға үлгі бола алады. Әсіресе, Қауіпсіздік Кеңесіне төра­ғалық етуінің маңызы зор. Өйт­кені бұл мемлекеттің екі та­рапқа көпір болуға қабіле­ті бар. Сонымен қатар Қазақ­стан Қытай, Ресей, АҚШ, Үндіс­тан сынды әлемнің көпте­ген елдерімен  жақсы қарым-қатынас орнатқан. Ауған­стандағы мәселені бейбіт жолмен шешуге батыл қадамдар жа­сап жатыр. Қазақстанда көп­теген этностар тату-тәтті өмір сүріп жатқаны белгілі. Осы тұрғыдан көпұлтты, бей­біт және дамыған қоғам құру­дың озық үлгісін де көрсетіп келеді.

Соңғы жаңалықтар