Парламент • 26 Қаңтар, 2018

Өзара іс-қимыл жөніндегі жұмыс жоспары бекітілді

246 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сенатта жергілікті өкілді органдармен (мәслихаттармен) өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестің алғашқы отырысы өтті, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.

 

Өзара іс-қимыл жөніндегі жұмыс жоспары бекітілді

Кеңес Төрағасы, Парламент Сенаты Төрағасының орынбасары Сергей Громов Кеңестің негіз­гі міндеті жергілікті мемле­кет­тік және өзін өзі басқару мен аймақтарды дамыту сала­сын­дағы заңнаманы жетілдіру жөніндегі ұсыныстар әзірлеу екенін еске салды. С.Громов атап өткендей, Мемлекет басшы­сының конституциялық рефор­маларын іске асыру аясында Парламент пен барлық деңгей­дегі мәслихаттар алдына биліктің әр тармағына жауап­кершілік пен өкілеттікті толық көлемде іске асыру туралы маңызды міндет қойылып отыр. 

Отырыс барысында Кеңес­тің 2018 жылғы жұмыс жоспары бекітілді. Президент Н.Назар­баевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауын іске асыруға арналған Кеңес мүшелерінің отырысы, сондай-ақ Қарағанды облысында өтетін көшпелі отырысы жоспардағы негізгі шаралар қатарында көрсетілген. Көшпелі отырыста аймақтағы жергілікті мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру мәселелері талқыланбақ.

Отырыста ұйымдық мәсе­лелер де қаралды. Сенатор Асқар Бейсенбаев Кеңес төраға­сының орынбасары, ал сенатор Төлеубек Мұқашев хатшысы бо­лып сайланды.

Соңғы жаңалықтар