Досжан хазірет, Майлықожа ақын секілді асылдар неге еленбейді?

Қызыл империяның, оның бас идеологы Коммунистік партияның ай­дарынан жел есіп тұрған кезде де, тілімізден, дінімізден, салты­мыз­дан, тарихымыздан айырыла жаздаған заманда да хал­қы­мыз­дан шыққан атақты қайраткерлеріміздің мерейтойлары алдымен астанамыздың төрінде, одан соң туған жерінде өтіп жататын.

Егемен Қазақстан
26.01.2018 1260
2

Бүгінде тұлғаларымыздың мерейтойларын тек туған жерінде өткізу әдетке айналып барады: Абылайдың тойы – Көкшетауда, Төле бидің тойы – Оңтүстік өңірде, Қаздауысты Қазыбек бидің тойы – Қарағандыда, Абайдың тойы – Семейде, Сүйінбай мен Жам­былдың тойы Жетісуда өтті. Сөй­тіп асылдарымыз өздерінің ту­ған жерлеріне, еліне қарай жік­теле бастады. Осылай жалғаса берсе, бұл түбінде қазақты бөлуге апарып соға ма деп қорқамын. Елдің тізгінін ұстап отырған азаматтар мұны ескергендері жөн. Біз ендігі жерде: «Қазақ Үш жүзге бөлінбейді, Үш жүзден құралады» деп өмір сүруіміз керек. 

Өткен жылы Елбасының «Бола­шаққа бағдар: рухани жаң­ғыру» дейтін мақаласы жария­лан­­ды. Тари­хи мақала. Автор көптен бері кө­кей­імізде жүрген, үнемі айтып та келе жатқан ұлттық болмыс, рух жаңғыруы, елдің келешегі туралы күрделі, тағдырлы мәселелерді терең толғады. Осыған орай еліміз­де рухани орталықтар ашылып, ту­ған жер, Отанымыздың киелі, қа­сиетті жерлерін, тарихы­мызды, мәде­ни­етіміз бен дәстүрі­міз­ді қай­та жаңғыртатын пәрменді жұмыс бас­талды.

Десе де, әлі де ойландыратын, толғандыратын мәселелер аз емес: ақылға сыймайтын шоулар, жөн-жосықсыз тойлар көбейіп барады. Ән өнерінің, оның ішінде қазақ эстрадасының да қайда кетіп бара жатқаны белгісіз. Бүгінгі композитор дегендеріміздің көбі өзге елдердің әнін ұрлауға көшті. Соның салдарынан қазақ әні өзі­нің табиғатынан, болмысынан, ырғағынан айырылып барады. Ата-бабасына арнап мешіт салу етек алды. Оның есесіне еліне сөзі ем болған, халқының санасына нұр құйған, жүрегіне нәр берген, қазаққа қалтқысыз қызмет еткен ұлыларымыздың көбі әлі еленбей, атаусыз қалып, басқан іздері білінбей барады. Өкініші, бүгінгі ұрпақ оларды ұмыта бастады. Солардың ішінде Досжан хазірет пен Майлықожа ақын да бар. 

Досжан Қашақұлы Ақтөбе облысы, Ойыл өңірі, Қарақамыс (Көкжар) деген жерде 1815 жылы дүниеге келеді, тегі – Жетіру тайпасының ноқтағасы Табыннан, Кіші жүздің пірі болған, Меккеге үш рет барған.

Әкесі Қашақ молда сабырлы, ақылды, білімді, қадірлі кісі болған екен. Досжан он бес жасқа дейін әкесінің қолында оқып, сауатын ашып, кейін Қарғалыда медресе бітіріп, Ойылдағы аулына келіп бала оқытады.

Қазақтың атақты шайыры Әбубәкір Кердерінің «Табын Дос­жан хазіретті жоқтап айтқаны» дей­тін ұзақ жырында Қашақ мол­даның да, Досжан хазіреттің де бол­мысы, қасиеттері кең жырлана­ды.

– Дүниеде бір нәрсеге 
мұқтаж болмай,
Дәреже, бақыт, 
ғылым бітті тегіс,
немесе 
Досеке пірі болды Кіші жүздің,
Раушан нұры болды түсіміздің, – дейді ақын.

Досжан хазірет Меккеге қажы­лық­қа алғаш рет 1858 жылы бар­ған. Мұның дерегін Әбубәкір Кердерінің жоқтау жырынан да, Мәшһүр-Жүсіптің «Қазақ шежіресі» дейтін кітабынан да оқимыз. Әрхам Кәкітайұлының жазуына қарағанда со жолы Дос­жан хазірет, Құнанбай қажы, Мырқы, Аңдамас дейтін кісілер жиналып:

– Біз осында құдай жолы деп келдік. Қаражатымыз бар. Қара­жаты жоқ кісілер келсе қайда жата­ды, қазаққа арнап тәкия (қонақүй) салайық, – деп пәтуаласып, үш жүз кісілік тәкия салған екен. Сөй­тіп оның маңдайшасына «Қазақ Құнан­бай тәкиясы» деп жаз­дырған екен.

Үшінші рет қажылыққа барған­да Құнанбай қажы:

– ­Досжанның еңбегі де көбірек сіңді, қаржысы да көбі­рек жұм­сал­ды. Сондықтан тәкия­ны сол кісі­нің атымен атау керек, – деп, маң­дайшасына «Досжан тәкиясы» деп жаздырады. Осыдан қазақ арасында: «Шіркін, бар қазаққа Құнанбай мен Досжанның достығын берер ме еді» дейтін сөз қалған екен.

1872 жылы (әлде 1870 ж.) Досжан хазірет Меккеге қажы­лық­­қа екінші рет барады, Медине­ге зиярат етіп қайтады. Бұл жо­лы Жәңгірханның ұлы генерал Ғұбайдулла Шыңғысханмен, Құнан­­­бай Өскенбайұлымен бірге бола­­ды. Бұл жайында біраз дерек Шә­кәрім қажының «Түрік, қазақ-қыр­­ғыз һәм хандар шежіресі» дей­тін кітабында кездеседі. 

Осы жолғы сапардан оралған соң Досжан хазірет Шұбарқұдыққа, Ойылдың бір саласы Шилісудың бойына көшіп келіп, өз қаражатына зәулім, керемет, айшықты, мұна­ра­лы, алыстан көз тартатын бес мың кісілік мешіт, мінәжат үйін, 150 орындық медресе салдырады. Мешіттің қабырғалары құраннан, хадистен алынған әдемі қия жазулармен нақышталады. Кірпіштерін биенің, түйенің сүтіне илепті. Жұртшылық бұл мешітті «Ақши мешіті» деп атайды.

Ғажайып нақыштары 
әрбір түрмен, 
Жазулы аят, хадис, 
қызыл сыр мен.
Көргенде тәнің балқып,
сүйек еріп,
Толғандай мұсылманның көңілі бүрмен, – деп жырлайды Әбубәкір Кердері.

Досжан хазірет, осылай, қалың елдің батасын алып, жұртты имандай ұйытады.

Досжан хазірет дәулетті адам болған. Оны Әбубәкірдің:

– Салтанат, бақыт, дәулет бірдей қонып, 
Келісіп біреуіне бірі ұласты – дейтін сөзінен де аңғарамыз.

Ақши мешіті сол заманда Ұлы Даланың діни-ағартушылық, руханият орталықтарының бірі болыпты. Осы мешіттен әр кезеңде қазақ даласына нұр құйып, сәуле шашқан, небір ахундар, қажылар, мақсымдар, халфелер, хазіреттер шығады.

1874 жылы Досжан хазірет қажы сапарына үшінші рет шыға­ды. Бұл жолы Мәшһүр-Жүсіп­пен бірге барған.
Қажылықтан оралып, өзінің Шилісудағы қонысына келген сәтін Әбубәкір Кердері былай су­рет­тейді:

– Қазаны сахуаттың беті қайнап,
Миуа тұр екен дәрхат күндей жайнап.
Өзінің кең жайына келіп жетті,
Қаз ұшып, мамыр қонған, бұлбұл сайрап.

Жырда әрі қарай хазіреттің бақтағы алпыс екі түрлі құлпырған миуасы, жайқалған орманы сурет­те­леді. Хиуадан алма, жүзім алдырып еккен; күріш салып, шәй плантациясын ұстаған. Иісі аңқыған шырын қауын, арша, қызыл ағаш, терек, қарағай, жиде ағаштары төгіліп, мәуелеп тұр екен. Бақтың аумағы он шақырым болған. Қалың тоғайдың арасына жұрт демалатын қарағайдан үй де салдырған.

Әбубәкір Кердері хазіретті асыл сөзді, кең көкірек, орта бойлы, терең ойлы, жұмсақ мінезді, сабырлы, берекелі, дәулетті, құдай жо­лында көп еңбек еткен, дұш­панға пәле ойламаған, бұ­қа­раға сөзі ем болған; сабырда – хазіреті Аюбқа, мақамда – Дәуітке ұқсас, пиғылда – Расулымдай жайлы, дәулетте – хақ Сүлеймендей салтанатты болған деп суреттейді.

Досжан хазірет 1890 жылы дүние­ден өтеді. Алты алаш бұршақ­таған көзін сүртіп, дұға қылады. Аяқ жетер жерден топырақ салуға ынтызар боп келген жамағатта есеп болмапты. Жер қайысыпты. Жаназаға бес мың адам ұйыпты. Соңында қалған малын халыққа үлестіріп беріпті. Сонда жан басына бір қойдан тиіпті.

Хазіреттің ұрпақтарының дені ата жолын қуады, қажы, хазірет атанады; мешіт, медресе ұстайды, имам болады. Амал не, кеңес дәуірінде олардың басына нәубет келіп – атылады, сотталады, айдалады.

Бертінде Швейцария банк­терінің бірі баяғы Мекке, Медине­дегі хазіреттің тәкиясынан түс­кен­ қаржысын бермек боп мұра­герлерін іздестіргенде, жарық­тық­тың немере-шөберелері ақшадан ат-тонын алып қашыпты.

Қазақтан шыққан заманының аса ірі қайраткері Досжан Қаша­қ­ұлы­ның артында өнегелі ісі, пәтуалы сөзі, жарқын ізі, биік парасат, кісілікті жолы қалды. Ол кісінің мек­тебінен талай қазақ жастары оқып, тәлім, білім алды. Солардың ішінен атағы елге кең жайылған Халел Досмұхамедовті, Сағитжан Қаратаевты, Сәтқали Құтқожинді, Сағындық және Аққағаз Дос­жанов­тарды, Құдайберген Жұба­нов­ты, Ғұмар Есенқұловты, Жиен­ға­ли Тілепбергеновті атасақ та жеткілікті.

Хазіреттің өз кіндігінен тараған ұрпағы бүгінде екі жүз түтіннен асатын көрінеді.

Ақтөбе өңіріндегі Шұбар­құдықтан үш шақырым жердегі Шибұлақ мешітінің жанындағы Досжан хазіреттің бейітіне ел бүгін де ағылуда. Құран оқиды, садақа береді. Зиратының басына түнеп, тілейді, аруағына сыйынады. Қалың ел жиылып, хазіретке 2000 жылы (қайтыс бол­ғанына 110 жыл толғанда), 2015 жы­лы (туғанына 200 жыл толғанда) ас беріп, Ақшидегі мешіттің орнын ай­қындап, сол мешітті қалпына кел­тіру, басына кесене тұрғызу жөнін­де пәтуаласқан екен. Осы шаралар жүзеге асса, әрі Ақтөбедегі орталық мешітке және облыстағы кейбір руханият нысандарына ғұламаның есімі берілсе құба-құп болар еді. Сонда ұлтына мінсіз қызмет еткен бабамыздың рухы алдындағы парыз да өтелер еді.

«Аруақ риза болмай, тірі байымайды» деген сөз бар қазақта. Осы бір игілікті іске еліміздің ұлт­жанды азаматы, жүрген жерін кө­гертіп жүретін қадірлі інім, облыс әкімі Бердібек Сапарбаев өзі мұрындық болса дұрыс болар еді. 

Енді бірер сөз Оңтүстік Қазақстан облысы, Отырар ауданына қарасты Қожатоғай деген жерде туып-өскен Майлықожа Сұлтан­қожаұлы жайында. Майлы­қожаны қазаққа түсіндіріп жату артық болар еді. 

Майлықожа – қазақ жырының өрісін кеңейткен, мәртебесін өсір­ген, терменің, мысал өлең­дердің бағын жандырған, өсиетімен, на­қыл сөздерімен қалың елді тәрбие­ле­ген ұлы ақын.

Қаздай қалқып ерінбей, 
Өлең тердім жасымнан.
Майкөт ақын, Құлмамбет,
Орын берді қасынан.
Майлықожа, Құлыншақ,
Пірім еді бас ұрған.
Айтқандары нұсқа еді,
Жаралған сөзі асылдан, – дейді кемеңгер Жамбыл.

Майлықожаның кім екенін бұдан асырып айту мүмкін емес шығар. 

Өкініші, Майлықожаның атын­д­а Шымкент қаласындағы кіш­­кене көшеден басқа ештеңе жоқ көрінеді. Ұлы ақынның есі­мін мәңгі есте қалдыратын тиіс­ті шешімдерді облыс әкімі, қа­дір­лі інім Жансейіт Түймебаев қабыл­дайды, сөйтіп қалың елді риза қы­лады деп сенемін.

Мырзатай ЖОЛДАСБЕКОВ

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

18.02.2019

Орал қатты қалдықты өңдеуге кірісті

18.02.2019

ҚХЛ: «Барыс» «Адмиралдан» ұтылды

18.02.2019

Семейде математикадан аймақтық олимпиада өтті

18.02.2019

Шымкентте өртеніп жатқан үйден сәбилерді аман алып қалған жас батыр марапатталды

18.02.2019

Семейде татар халқы  «Самавыр янында» бас қосты

18.02.2019

Жетісу кәсіпкерлері көшелерді  жарықтандыруға кіріседі

18.02.2019

Мәскеуде Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің кезекті отырысы өтеді

18.02.2019

Жапония мен Түрікменстан өкілдері кездесті

18.02.2019

Баку қаласында Каспий теңізі мәселелері жөнінде отырыс өтеді

18.02.2019

Алматыда 120 көшеге энергия үнемдейтін жарықдиодты жарықтандыру орнатылады

18.02.2019

Астана-Қарағанды тас жолы қатты бұрқасын салдарынан жабылды

18.02.2019

Алматы облысында 365 күнде 365 кәсіпкерден өтініш қабылданды

18.02.2019

Атақты дизайнер қиын жағдайға тап болған әйелдерге 50 киім үлгісін сыйлайды

18.02.2019

2018 жылы қызылшамен ауырғандар саны өскен

18.02.2019

«Батыс» өңірлік қолбасшылығының әскери бөлімдері дабыл бойынша көтерілді

18.02.2019

Ақтаулық ата-аналар Оксфордтық курсты оқыды

18.02.2019

Қостанай ювеналдық сотында «Отбасы бөлмесі» ашылды

18.02.2019

Донецк қаласында бірнеше жарылыс болды

18.02.2019

Үндістан үкіметі Эверестің биіктігін қайта өлшемек

18.02.2019

Қазақстанда қанша қасқыр бар?

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Rýh jaıly áńgime

Marqum alashshyl tulǵa Aqseleý Seıdimbektiń «Rýhy azat halyq qana uly ister atqara alady» deıtin myzǵymas ustanymy boldy. Osy uǵymdy Ahań ári qaraı tápsirlep: «Rýhsyz halyqty altynǵa bólep qoısań da báribir, rýhy myqty qaýymnyń aldynda eńkish tartyp turady. Rýh degenimiz ol kózge kórinbeıdi, halyqtyń gendik bıosferasynda bolatyn úreıdi jeńý qýaty. Úreı qan arqyly urpaqtan urpaq jalǵasyp kete beretin asa qaterli qubylys. Qandaı bir qaýymnyń rýhanı erkindigi (táýelsizdigi) halyqtyń boıyndaǵy úreıdiń az-kóptigimen ólshendi» deıtin edi jaryqtyq.

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Elorda: kósheler, avtobýstar, aıaldamalar

Astana jyl sanap ósip keledi. Bir kezderi oblys ortalyǵy bolǵan shaǵyn ǵana qala az ýaqyttyń ishinde elimizdegi iri shaharlardyń qataryna qosyldy. Munyń bári qarqyndy júrgizilgen qurylys jumystarynyń nátıjesinde júzege asyp otyr. Ras, qazir 2000 jyldardyń basyndaǵydaı ekpin joq. Degenmen áli de bolsa jańa ǵımarattar men turǵyn úıler turǵyzý isinde alǵa basý bar. Bas qala, jańadan turǵyzylyp jatqan elorda bolǵandyqtan, qurylys jumystarynyń jalǵasa beretinine kúmán joq.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Oqıǵalar uǵymdy bolsa ıgi

Tildiń túıtkili qansha aıtsaq ta tarqamaıtyn boldy. Burynǵydaı eshkim zorlamasa da, eshkim tizege salmasa da, ana tilimizde sóıleıik dep urandap jatsaq ta, halqymyzdyń qalada turatyn negizgi bóligi únemi orys tilin qoldanýǵa beıil turatyny qynjyltady. Úlkender túgili qazaqsha oqıtyn balalarymyzdyń ózi orysshany tez qabyldaıdy. Qazaqsha oılanǵansha oryssha jyp etkizip jaýap bere qoıady. Eshkimdi kinálamaı, eshkimdi qaralamaı osynyń sebebin taǵy bir izdep kórelikshi...

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Qatygezdikke bala ǵana kináli me?

Sońǵy kezderi mektep oqýshylarynyń arasynda sotqarlyq órship barady. Teledıdardan kórip, áleýmettik jeliden oqyp otyrǵanda, olar mundaı qatygezdikke qalaı bardy degen saýal kókeıdi tebendeı tesip, oıdy oıran etedi. 

Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан»

Keleli istiń paidasy

Búginde ár kólikke tirkelip beriletin memlekettik nómirlerdiń deni jappaı satylymǵa shyǵaryldy. Olar birkelki sandar men úılesimdi áripter tizbeginen quralǵandyqtan birden kóz tartady. Ony halyq arasynda «ádemi nómirler» deıdi. Atalǵan nómirlerdi alýǵa júrgizýshiler de yntyq. Ásirese qymbat kólik ıeleri úshin sándi nómirdi taǵý, ózine bir artyqshylyqty beretindeı kóredi. Endeshe bul nómirlerdi satylymǵa shyǵarǵannan kim utyp jatyr dep oılaımyz?

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу