Қазақстан • 26 Қаңтар, 2018

Елбасы Жолдауы – ел өміріндегі елеулі оқиға

1780 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Елбасының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы – ел өміріндегі елеулі оқиға.

Елбасы Жолдауы – ел өміріндегі елеулі оқиға

«Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек» деп Шәкәрім қажы айтқандай, биылғы Жолдаудың – жөні бөлек, жолы басқа. Олай дейтініміз, заманауи технологиялар өзгеріске ұшырап, жаһандық ілгерілеушіліктер өзімен бірге сын-қатерлерді де ала келуде. Әлемді алқымынан алар дағдарыстардың қаупі де аса зор. Қарқынды жүріп жатқан жаһандану да ұлт алдына аса күрделі міндеттер қойып отыр. Осындай сын кезеңде келешекте болуы әбден ықтимал қиын­дықтардың алдын алып, оны ең­серудің адастырмас ақ жолын көрсеткен, терең ойлы, текті сөз!... Бұл – Жолдау көрегендіктің тағы бір көркем де кермиық, керемет көрінісі!...

«Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы даму­дың жаңа мүмкіндіктері» Ел­басы Жолдауында тайға таңба бас­қандай ап-айқын көрініп тұр. Бұл Жолдаудың әр бөлімі, әр абзацы ғана емес, әр жолы – «Мәңгілік Елге» алып баратын «Нұрлы жол».

Бұл жолғы Жолдауда бұ­рын айтылмаған өзекті, өткір мә­селелер алшы түсер сақаға құйылған қорғасындай көкейге қона кетеді. Бір ғана мысал, Елбасы алға қойған жетін­ші міндет: «Адами капитал – жаңғыру негізі». Қазақстанның ең басты байлығы – алтыны, мұнайы, газы ғана емес, жаңарған өмірге сай жаңа сападағы білімді, еңбекқор халқы.

Ел бастаған көсемі – кемел ойлы кемеңгер, халқы ел сүйсінген еңбеккер болса, ең­серілмес қиындық, алынбас асу жоқ. Бүгіні – нұрлы, келешегі – кемел Қазақстан соның айқын айғағы!

Президент ерекше мән беріп отырған «адами капитал» жайлы айтсақ, кез келген мемлекеттің үш алып тірегі бар. Олар: жерасты байлығы, өндіріс орындары мен адам капиталы. Осы үш алыптың негізгісі – Елбасы Жолдауында айтылған «адами капитал». Осы тұста, Билл Гейтстің: «Біз баюды мақсат етіп бар күшті байлыққа жұмсадық. Нәтижесінде, адами құндылықтардан айырылып қалдық», – деген сөзі қалам ұшы­на оралып тұр. Президент Жол­дауының әр жолы ерен еңбекке жұмылдырып, жігеріңді жанып, рухыңды асқақтатады.

Бір сөзбен айтсақ, биылғы Жолдау – өткен жолдауларды мүлде қайталамайтын жаңа ой­ларға толы, өзгеше Жолдау!..

Елбасы Жолдауы – ел өмі­ріндегі елеулі оқиға.

Сәбит ДОСАНОВ,
Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, жазушы