Әлем • 27 Қаңтар, 2018

Кабулдың орталығындағы жарылыстан кемінде 95 адам мерт болды

198 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін, яғни 27 қаңтар Кабулда болған терактінің салдарынан 95 адам құрбан болды, 163 адам түрлі дене жарақатын алды, деп хабарлайды ТАСС.

Кабулдың орталығындағы жарылыстан кемінде 95 адам мерт болды

Бұл мәліметтерді Ауғанстанның денсаулық сақтау министрлігі келтіріп отыр.

Жанкешті Ауғанстан астанасындағы жедел жәрдем көлігіне қойылған бомбаны жарып жіберген. Жарылыс Үндістан елшілігінің Қауіпсіздік жөніндегі дирекциясы ғимаратына жақын маңда болды.

Жарылысты «Талибан» қозғалысы мойнына алды.

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі құрбан болғандардың арасында қазақстандықтар туралы мәлімет түспегендігін хабарлады.