Астана Қазақстанның жаңа дәуіріне жол ашты

«Нұр Отан» партиясы Астананың 20 жылдығы аясындағы іс-шаралар легін бастап кетті. Осы орайда елордада партияның ұйымдастыруымен «Астана – даму мен инновацияның 20 жылы» атты ауқымды тақырыптық форум өтті. Іс-шара Астананың қазіргі заманғы технологиялардың, сапалы білімнің, инвестиция мен жаңа креативті идеялардың орталығы ретінде бағындырған белестері мен жеткен жетістіктеріне арналды.

Егемен Қазақстан
29.01.2018 372

Сондай-ақ форумда Ел­ба­сы­ның «Төртінші өнеркәсіптік ре­волюция жағдайындағы даму­дың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында көрсетілген басым бағыттарды жүзеге асыру ке­зіндегі мегаполистің даму перс­пективасы кеңінен сөз болды.

Форум жұмысына «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бі­рінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммед, Астана қала­сы­ның әкімі Әсет Исекешев, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының орынбасары Эльдар Жұмағазиев, Парламент Мәжілісінің депутаттары, «ақылды қала» технология­ларын енгізуге тікелей қатысқан IT-компаниялардың, елордалық жоғары оқу орындарының, ин­но­вация орталықтарының, индус­триялық-инновациялық ком­па­ниялардың, сондай-ақ шағын және орта бизнестің өкілдері қа­тысты.

Жиынды ашқан «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммед елорданың 20 жылда қол жеткізген жетістіктеріне назар аударды. Ол өз сөзінде Астана Тәуелсіз Қазақстанның мүлде жаңа дәуіріне жол ашқанын ерекше атап өтті. «Тәуелсіздік жылдары біз ұлттық идея туралы көп әңгіме қозғадық. Егер шындығын айтар болсақ, Елбасының ға­жайып жобасымен дүниеге келген елордамыз 20 жыл бойы ең басты ұлттық идея ретінде халқы­мызды өркениет биігіне бастап келеді. Астана бүгінде жаһан­дық саяси үдерістер мен бітімгер­шілік бастамалардың белді қа­ты­сушысы ретінде әлем картасы­нан ойып тұрып орын алды. Аз уақыттың ішінде Астана дүние жүзіне конфессияаралық келісім мен ұлтаралық татулықтың ал­тын бесігі ретінде танылды. Ел­ордамыз бүкіл әлемді бейбіт­шілікке шақырған ха­лық­аралық форумдардың ұйыт­қысы­на да айналып үлгерді. Әлем­ге әйгілі инвесторлардың қызы­ғу­шылығын оятқан бас қаламыз шын мәнінде ірі қаржы орта­лығына айналып, халқымыздың ұлттық бренді болып қалыптасты. Аса зор табыспен өткізілген ЭКСПО-2017 халықаралық көр­месі де Астананың инновациялық әлеуетін айқын көрсетіп берді», деді М.Құл-Мұхаммед.

Форум аясында Астананың дамуы және әлеуметтік-эконо­ми­калық жетістіктері туралы қала әкімі Әсет Исекешев есеп берді. Одан бөлек әкім елорданы жаһандық деңгейдегі ақыл­ды цифрлы қалаға айналдыру стратегиясын жүзеге асыру жұмыстарына да тоқталды. «Соңғы 20 жылда жалпы өңірлік өнім 190 есеге өсті. Мемлекеттік бюджетке түсімдер 80 есеге артты, яғни 1997 жылдағы 13 миллиард теңгеден 2017 жылдағы триллион теңгеге дейін жетті. Жиырма жылда тұрғын үй құрылысына 1 триллион 600 миллиард теңге салынып, 180 мыңға жуық пәтерді қамтитын 1 265 тұрғын үй пайдалануға беріл­ді. Соңғы бес жылда Астанада 9 мил­лион шаршы метрден астам баспана тапсырылды. Атап айт­қанда, 5 жыл ішінде 300 мың адам­ға арналған қала салынып шық­ты, яғни бұл орташа облыс ор­талығы секілді аумақ Астанада пай­да болғанын білдіреді», деді ол.

Осы орайда Ә.Исекешев бұл көрсеткіштер үлкен жетіс­тік­терді білдіретінін, дегенмен алдағы уақытта да елеулі жұ­мыстар күтіп тұрғанын атап өтті. «20 жылда Астанада 1 172 өндірістік, әлеуметтік-мәдени әрі қоғамдық маңыздағы нысандар салынды. Негізгі капиталға инвестициялардың жылдық көлемі 1997 жылдан бері 44 есеге өсті және 20 жылда жалпы 8 триллион теңгені немесе 47 миллиард долларды құрады. Бұл үдеріс 2017 жылы да жалғасын тапты, яғни ЭКСПО-ны өткізудің арқасында бізде оң экономикалық көрсеткіштер байқалды. 2017 жылы елорданың экономикасына 945 миллиард теңге инвестиция тартылған болса, оның 70 пайызы жеке инвестиция үлесіне тиесілі», деді Астана әкімі.

Сондай-ақ отырысқа қатысқан спикерлер «Сергек» бейне­бақылау бағдарламалық жүйесі, бас шаһардағы туризмді дамыту, Smart City жүйесін кешенді енгізу және инновациялық бастамаларға астаналық жоғары оқу орындарының қатысу деңгейі жөнінде кеңінен айтты. «Цифрлы Қазақстан» мем­ле­кеттік бағдарламасын жүзеге асы­рудағы нақты міндеттер жөнінде пікір алмасып, Мемлекет басшысы Жолдаудағы басым бағыттар арқылы еліміздің технологиялық және инфрақұрылымдық дамуына тың серпін берудің тетік­терін сөз етті. Бұл бастамалар Астананың одан әрі дамуына да оң әсерін тигізері сөзсіз.

Сол сияқты дамудың инно­ва­циялық бағытын «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Э.Жұмағазиев те қол­дап, бүгінде астаналық кәсіп­кер­лерге бизнес үшін барлық жағдай жасалғанын тілге тиек етті. Мұндағы қызмет көрсету сапасы мен түрлері бизнес-қауым­дастықтың жұмысын айтар­лықтай жеңілдетеді. Осындай инновациялық бастамалардың басты тұтынушысы саналатын бизнес өкілдері де тапсырыс беру арқылы Астананың дамуына өз үлестерін қосуда.

«Нұр Отан» партиясы Төр­ағасының бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммед жа­ңа технологияларды енгізу баста­масын қолдап, «ақылды қала­лар» өңірлердің дамуына, инновацияның кеңінен тара­луына, еліміздің әр түкпірін­дегі халықтың тұрмыс жағ­дайын жақсартуға үлкен үлес қосатын негізгі күш екенін айтты. «Астананың «ақылды қала» ретінде салынуы оның табиғаты таза, өмір сапасының жоғары стандарттарына сай шаһар болып қалыптасуына зор мүмкіндік береді. Бүгінде еліміздің инвестициялық ахуалы ірі мегаполистердің құрылуына жол ашуда. Өйткені инвесторлар барлық жағдай жасалған, жұмыс істеуге қолайлы, қауіпсіз жерлерге келеді. Дубай – Таяу Шығысқа, Сингапур Оңтүстік Шығыс Азияға қалай үлгі болса, Астана да Орталық Азияға үлгі болуы керек. Біздің елдің оған күш-қуаты, әлеуеті, инновациялық және инвестициялық деңгейі әбден жетеді. Сондықтан «Нұр Отан» партиясы алдағы уақытта Астананың цифрлы технология мен инновацияны енгізудегі тәжірибесін Қазақстанның бар­лық қаласында жүзеге асы­руға жан-жақты қолдау көрсетуге әрқашан дайын», деді М.Құл-Мұхаммед.

Айта кетейік, форум соңында қатысушылар Астананың дамуы­на оң әсерін тигізетін бірқатар нақты ұсыныстарды қабылдады.

Нұрлыбек ДОСЫБАЙ,

«Егемен Қазақстан»

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

21.05.2018

Лионель Месси «Алтын бутса» сыйлығын бесінші рет жеңіп алды

21.05.2018

Қазақстан мен Халықаралық ҚҚДБ арасындағы Қарыз туралы келісім туралы заң жобасы қаралды

21.05.2018

Қ. Тоқаев Толеранттық және бейбітшілік жөніндегі жаһандық кеңестің басшысымен кездесті

21.05.2018

Шымкент-2 жаңа теміржол вокзалы салынады

21.05.2018

Елбасы Өзбекстан Республикасының Президентімен телефон арқылы сөйлесті

21.05.2018

ОҚО-да Нобель сыйлығы лауретының қатысуымен ғылыми-практикалық дөңгелек үстел өтті

21.05.2018

Қазақстанның аграрлық ғылымының дамуына арналған баспасөз конференциясы өтті

21.05.2018

Филиппо Оноранти: Алқалы жиынның алар орны да ерекше

21.05.2018

Ханс-Пол Бюркнер: Мұнай мен газ ғана емес, басқа салалардың да дамуы керек

21.05.2018

Мырзакелді Кемел: Болашаққа бағдарланған форум

21.05.2018

«Нұр Отан» Атырау мен Павлодарда ІТ-мамандарын дайындатын ІТ-орталықтар ашты

21.05.2018

Бурабай ұлттық паркіне арналған «A day in Burabay» бірегей фотоальбомы жарық көрді

21.05.2018

Алматыда 5 жасар бала менингиттен көз жұмды

21.05.2018

Мекен-жай анықтамасын Telegram-бот арқылы алуға болады

21.05.2018

Нұрлан Ноғаев: Бизнес субъектілеріне мемлекеттің қолдауы аймақтың экспорттық әлеуетін арттыруға септігін тигізеді

21.05.2018

Алматылық педагогтар СДУ-да бас қосты

21.05.2018

Қазақстанда тұңғыш рет көз іші қатерлі ісігіне шалдыққан балаларға СИАХТ отасы жасалады

21.05.2018

Самал Еслямова: Біз бұл кинокартинаны түсіру үшін 7 жылымызды сарп еттік

21.05.2018

Жезқазған қаласының әкімі өз еркімен қызметінен кетті

21.05.2018

Айдос Қыдырма ҚР Премьер-Министрінің баспасөз хатшысы қызметінен кетті

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Қамбар Ахмет,

Каспий мен Қара теңіздерді жалғау кімге тиімді?

Мамырдың екінші онкүндігінде ақпарат һәм саясат алаңында қызу тал­қыланған тақырыптың бірі – Қазақ­стан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Каспий мен Қара теңіздің арасын жал­ғайтын «Еуразия» каналын салу жөніндегі пікірі болды. 

Жұмабай ШАШТАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Кешегінің жұрнағы, бүгінгінің көнесі 

Әдебиетке әркімнің-ақ таласы бар заман өтіп кеткенін мойындау қалай болған күнде ауыр. Нарық зама­нының елең-алаңында қолына қалам ұста­ған жігіттердің арасынан адамдар кітап­қа оралады әлі дегенді сеніммен айт­қандарына қарағанда әдебиеттің өмірдегі артықшылығына үміттері күшті болған-ау, шамасы. 

Қорғанбек АМАНЖОЛ, «Егемен Қазақстан»

Қолдан жасалған қасірет

Жылда мамырдың соңындағы Аза тұту күні жақындаған сайын мен қазақпын деген әрбір адамның жүрегі қарс айрылмауы, 30-шы жылдардағы саяси қуғын-сүргіннің, ғаламат ашаршылықтың құрбандарын еске алып күңіренбеуі мүмкін емес дер едік. 

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Оразаның нығметі

«Зор сүйінші айтайын, Мұсылман болып туғанға. Ислам дінін қуғанға...» деп Майлықожа бабамыз жырлағандай, исламды дінім, Мұхаммедті пайғамбарым деп таныған мүміндер үшін қасиетті рамазан айы туды. Аллаға бойұсынушы қауым бұл айды «Айлардың сұлтаны» деп ерекше әспет­тесе, үлкен сахаба Абдулла Аббас «күн­­дердің қайырлысы – жұма, айлардың қайыр­лысы – рамазан» деген екен.

Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан»

Жол апатын азайту жүргізуші мәдениетіне байланысты

Өткенде екі көлік соқтығысып қал­ды. Олар көшенің бағдаршамы жоқ қиылысында бір-біріне жол бермеген. Содан екі жүргізуші бірін-бірі кінәлап жатыр. 

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу