Мырзагелді Әбдірайымов. Болмысы бөлек, мінезге мәрт болатын

Бұл дүниеге кімдер келіп, кімдер кетпеген?! Солардың ішінде ұлттың намыс қайратына айналған жандар ғана адамның жадында қалады.

Егемен Қазақстан
30.01.2018 1109

Өмір деген толғауы тоқсан, жолы сан-сала, кейде оның қыр-сырын саналылар ғана ұғатын жұмыр жұмбақтай көрінетіні ақиқат. Білімі терең, тұлғасы кесектер сол өмір көшінде өзгеден ерек, ой байламы бөлек екені байқалады. Ондай азамат алғашқы қадамынан-ақ қарым-қабілетін танытып, жас болса да бас болар тірлігімен, төңірегіндегілерден төбе бидей ірілігімен дараланып, сөзі өтімді, ісі толымды болып тұрады. Солардың бірі – Қазақ ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясының академигі Мырзагелді Төрекелдіұлы Әбдірайымов.

М.Әбдірайымов – кеңестік кезеңде білім қуып, жоғары оқу орнында оқып, мамандық алып, еңбекке араласқан соң, қалған саналы өмірін еліміздің ауыл шаруашылығы саласының дамуына арнаған жан. Ал кеңестік кезеңде білімі терең, өзі іскер, тәжірибесі мол мамандарға жас болса да үлкен сенім артылатын. Басты талап – істің бабын тауып, ұйымдастыра, ұжымды ұйыстыра алу, сөйтіп жұмыстың нәтижесін көрсету болатын. Жігерлілігін көрсеткен әрі бас бола білген Мырзагелді Төрекелдіұлы – мол тәжірибенің арқасында ерен еңбегі еленіп, басшылық қызметтерді жемісті атқарып, еліне мінсіз қызмет етудің өнегелі жолын көрсеткен арда азамат. Көңілі шуақ, сөзге сараң, іске жомарт, жаны жайсаң жан жайлы білерім де аз емес.

Біздің таныстығымыз еліміз егемендік алған жылдары бастау алды. 1992 жылы Қазақ мал шаруашылығы технологиясы ғылыми-зерттеу институтының директоры, Қазақстан Ғылым академиясының академигі Виктор Андреевич Вернигор зейнеттік де­малысқа кетіп, оның орнына іскер, жас жі­гіт іздегеніміз бар. Сол орынға үміт­кер­лердің бірі Әбдірайымов еді. Тими­ря­зев атындағы Мәскеу ауыл шаруа­шы­лы­ғы академиясын және аспирантурасын біті­ріп, ғылым кандидаты атанған екен. Док­тор­лық жұмысының дайын екенін және бө­лім басқаратынын білдік. Ұйым­дас­тыру, іс­керлік қабілетіне қарап, оны Қазақ ауыл шаруа­шылығы ғылымдары академиясының ұйымдастыру бөлімінің басшысы етіп қызметке қабылдадық. Ол кезде академияға талантты жас кадрлар керек еді. Ал 1994-2002 жылдары ол Қазақ ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясы бас ғылыми хатшысы қызметін абыроймен атқарды. 2002 жылы академия Ауыл шаруашылығы министрлігінің қарамағына өткенде Мырзагелді Төре­келді­ұлы Астана қаласына қоныс аударып, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ғылым департаменті директорының орынбасары, директоры қызметтерін атқарды. Ол кезде мен де Астанаға қоныс аударған болатынмын.

Көптеген істің иірімін тауып, айнала­сын­дағы серіктестерімен кеңесе отырып, келелі істің басын қайырып, жетіс­тіктің желкеніне мініп, тұлғалық тұғы­ры­нан көрінді. Бұл жағынан келгенде, М.Әбді­райымов өз қызметінде парасаттылық көр­сетіп, азаматтық жолды берік ұстанды. Оны­мен жиі кездесіп, пікір алмасып, ой өрбітіп, сырласушы едік. Жүзі жылы жан ылғи күлімсіреп, адамның өмірге деген құлшынысын арттыруға ықпал ететін.

«Өмірден үйренген адамдар ғана ұлтының ұлы перзенті бола алады» деген екен Қытай реформасының атасы Дэн Сяопин. Осы сөз ойға оралған сайын оның мәрт тұлғасы көз алдыма келе береді. Ол өмірдің қиын да қызық жолынан жоққа жасымай, барға асып-тасымай, ізгіліктің ізімен жүретін зерделі жан еді. Өткен заманның, тәуелсіз Отанымыздың сан соқпақтарында да еліміздің ауыл шаруашылығы саласының туын биік ұстап жүрген тұлғамен біраз араласып, дәм-тұздас болдым.

Мырзагелді Төрекелдіұлы ауыл шаруа­шы­лығы ғылымы­ның жетістіктерін қолдап, оны өндіріске енгізу мәселесіне де көп көңіл бөлді. Ауыл шаруашылығы ғылымының дамуына үлес қосқан М.Әбдірайымов «Қазагроинновация» АҚ вице-президенті, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, Қазақ ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясының академигі атанды. Аталған сала бойынша 100-ден астам ғылыми еңбектің, соның ішінде 5 монографияның авторы болды.

Мырзагелдінің өзгеден ерек, тумысы бөлек сырбаз жан екені, сирек кез­де­сетін шынайы тазалықтың, кәусар суын­дай мөлдір сұлулықтың, бекем ұста­мдылықтың, нәзік іңкәрліктің, парасат­тылықтың иесі екені замандастарына аян.

«Адам табиғатынан қабілетсіз болмайды, әрбір адам өзінше бөлек әлем» деп психология ғылымында адам баласының кез келген бір қырынан дарынды болатындығы жайлы айтылған. Иә, расында да біреуіміз оқуға құштармыз, біреуіміз жазуға, ал кейбіреулер ән айтуға немесе ұйымдастыру жұмысына бейім келеді. Ал бірақ бір адамның бірнеше қабілеті болуы екінің бірінде кездесе бермейтін көрініс. Ондай жандар қай кезде де жүздің арасынан жарқырап, мыңның арасынан азаматтық мәртебесімен суырылып шығары анық. Иә, осындай керемет қасиет Мырзагелдінің бір басынан табылуы кездейсоқтық емес деп ойлаймын. Басымыз құрала қалған тұста одан ән орындауын, әсіресе «Мойынқұм вальсін» сұрайтынмын. Көмейіне бұлбұл ұя салғандай даусы тұнық еді Мырзегелдінің. Аккордеон, баян, домбыра сынды кез келген музыкалық аспапта еркін ойнап, оның ішек-тетіктеріне тіл бітіріп, ортасына керемет көңіл күй сыйлайтын Мырзагелдінің сол әуезді үні күні бүгінге дейін құлағымда қалыпты...

Ағайын-дос арасындағы береке-бірлікті, тату тірлікті сақтау жөнінен де оның кісілігі мен кішілігін ерекше атауға болады. Кемел ойлап, кең пішетін кісілік келбеті, жақсылық жасаудан, ізгілік көрсетуден аянбайтын, ақыл-парасаты мол, халық мүддесі жолында адал еңбек етіп жүрген Мырзагелдідей мәрт ініммен танысып-біліскен тағдырыма ризамын!

Рим философы Сенека «Жақсылыққа үлгі көрсетіп жетпесе, уағыз айтумен жету қиын» деген екен. Мен білетін М.Әбдірайымовтың өзіндік өнегесімен жақсылыққа бастаған адамдық қасиет­терінің бір тамшы қыры осындай... 

Кімге болсын өскен өлкеге барып, туған жердің топырағына аунап-қунап, кәусар таза ауасын кеудеңді кере жұтып, күш-қуат алу – бір бақыт, ал сол жердегі елге қызмет етіп, сый-құрметіне бөлену – шексіз бақыт. Мырзагелді Төрекелдіұлы – мол бақытқа ие болған азаматтың бірі. 2005 жылы жер­лес­тері оған Мойынқұм ауданының құрмет­ті азаматы атағын бергенде «мен үшін дү­ние­дегі ең қымбат марапат – туған елімнің азаматтарының маған көрсеткен құрметі» деп қуанышы қойнына сыймай, мақтаныш сезіміне бөленіп тұрған сәттері әлі күнге көз алдымда. Оның жүрегінің тазалығы, елін, жерін сүйген перзенттік болмысы осындай еді!

Ізетті іні арамызда болса, биыл жемісі мен жеңіске толы жетпіс жасын тойлаушы едік, амал нешік... сұм ажал осыдан 10 жыл бұрын сүйікті жары Әсия екеуін ойда жоқта ортамыздан алып кетті.

Бүгінде бізге оның иманға толы парасатын, кең пейілін, ғибратқа толы өмір жолын еске алу жазыпты...

Ғани ҚАЛИЕВ,
Ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясының президенті, академик

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

23.02.2018

Станимир Стойлов: 4 таймның тек біреуінде ғана осал болдық

22.02.2018

Белоруссия сапындағы Динара Әлімбекова Олимпиада чемпионы атанды

22.02.2018

ЕО - Орталық Азия қарым-қатынастарының 25 жылдығына орай халықаралық конференция өтті

22.02.2018

Бақытжан Сағынтаев отандық сарапшылармен өңірлерді дамыту мәселелерін талқылады

22.02.2018

Астанада «Енді ешқашан: Ашаршылық, Холокост, Камбоджа, Қожалы, Руанда» фотокөрмесі өтті

22.02.2018

Астанада әйелдер күресінің академиясы ашылды

22.02.2018

Тамара Дүйсенова «Нұр Отан» партиясының Хатшысы қызметіне тағайындалды

22.02.2018

Джордже Деспотович: «Біз ертеңгі кездесуде жоғары нәтижеге жетуге тырысамыз»

22.02.2018

Станимир Стоилов: «Ертеңгі кездесуде қорғаныста барынша сақ болып, өз ойынымызды көрсетуіміз қажет»

22.02.2018

Жоржи Жезуш: «Біздің жоғары нәтижеге жетуге мүмкіндігіміз бар»

22.02.2018

Астананың 20 жылдығына орай өтетін маңызды шаралар белгілі болды

22.02.2018

Желсон Мартинш: «Біз біртұтас команда ретінде ойнаймыз»

22.02.2018

Ұлттық банк басшысы қаржы пирамидасының басты белгілерін атады

22.02.2018

Ұлттық банк басшысы теңге бағамына қатысты болжам жасады

22.02.2018

Тараздағы «Жеңіс» саябағы қайта жаңғыртылады

22.02.2018

Ақышев: Теңге жыл басынан бері 4%-ға нығайды

22.02.2018

Атырау облыстық театрына «Академиялық» мәртебе салтанатты түрде табысталды

22.02.2018

Мейірбек Сұлтанхан «Астана – биік төрім, Қызылорда – туған жерім!» республикалық айтыста жеңімпаз атанды

22.02.2018

Шетелдік ЖОО-лардың қазақстандық студенттерге қызығушылығы жоғары

22.02.2018

Атырауда мемлекеттік туды 91 метр биіктікке көтереді

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан»

Даму үшін әділдік ауадай қажет

Әділдік қашанда адамзаттың арманы болып келеді. Жасыратыны жоқ, кейде бір ұжым түгілі, бір отбасының өзінде әділдік кемшін қалып жатады. Осындай жағдайда оның тұтас мемлекетте орнауы орындалмас армандай көрінетіні рас.

Зарема ШӘУКЕНОВА, ҰҒА корреспондент-мүшесі

Конфессияаралық диалогтың қазақстандық алаңы

Атақты америкалық саясаттанушы Самуэль Хантингтон 1996 жылы өзінің әлемдік ғылыми қоғамдас­тық арасында кең талқылауға түс­кен «Өркениеттер қақтығысы және әлемдік тәртіптің трансформациясы» атты кітабын жарыққа шығарды. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Қайтқан малда қайыр бар

Осының алдында газет бетінде жарияланған «Бай бол­­саң, халқыңмен бол!» атты мақа­ламызда («Егемен Қазақстан», 09.02. 2018 жыл) меншік иелері­нің елімізден астыртын жолдар арқылы шығарып әкетіп жатқан капиталының түбі оларға қайыр бермейтіндігін, қазіргі күні Батыс әлемінде жүріп жатқан саяси-эко­номикалық үдерістердің екпі­німен бұл қаржылар сол жақ­тың өзінде ерте ме, кеш пе, қақпан­ға түсірілетіндігін, ал оның идеологиясы қазірдің өзінде әзір екендігін жазған едік. 

Серік НЕГИМОВ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Халық тәжірибесі – құндылық

Елшіл қайраткер Смағұл Сәдуақасұлы «Сәрсенбек» атты романында (1922) бас қаһармандарының аузынан «Қазақ неше жылда нағыз Жапониядай болады», «Қазақ Жапония секілді болу үшін өзінің елдігі өзінде болу керек», «Мыңдаған, миллиондаған қазақтар жұмысшы болып істесе, өз жерінің байлығының рахатын көрген емей немене?! Бұл дегенің адам айтқысыз жаңару болар еді» дейтін пікірлер айтқызады. Ел келешегінің мүбәрак жолын меңзеген нұсқа сөз деп қабылдаған дұрыс.

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Жүздік құрылымда рулық үлес жоқ

Жақында танымал антрополог-академик Оразақ Смағұловтың «Қазақ халқының шығу тегі» атты еңбегі жарыққа шықты. Туындыда қазақ халқы осыдан қырық ғасыр бұрын Еуразия даласында дара этнос ретінде қалыптасқаны физикалық антропология арқылы дәлелденіпті. 

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу