Қазақстан • 30 Қаңтар, 2018

Өткен жылы Астананың «Сарыарқа» ауданында 1300 отбасы жаңа пәтерге көшті

251 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өткен жылы «Сарыарқа» ауданында 1300-ден астам отбасы апатты және тозығы жеткен тұрғын үйлерден көшірілді, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің сайты.

Өткен жылы Астананың «Сарыарқа» ауданында 1300 отбасы жаңа пәтерге көшті

«Өткен жылы 70 апатты және тозығы жеткен тұрғын үйді сүру бойынша қарқынды жұмыс атқарылды, ауданның 1 379 тұрғыны жаңа тұрғын үй кешендерінен пәтер алды», - деді «Сарыарқа» ауданының әкімі Арман Тұрлыбек халықпен есептік кездесу барысында.

Еске сала кетейік, 2016 жылы ауданда 33 үй сүріліп, ауданның 446 тұрғыны пәтер алған. Ескі үйлерді сүрудің пилоттық жобасы ТМД елдері арасында алғаш рет Астанада жүзеге асырылуда.