Қазақстан • 30 Қаңтар, 2018

Елімізде 500 шақырымдық жол ақылы болады

265 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандағы 500 шақырым республикалық маңызы бар автожол ақылы болады. Бұл туралы бүгін ҚР Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов мәлімдеді.

Елімізде 500 шақырымдық жол ақылы болады

«Жаңа салынған жолдарды сапалы күйінде сақтау үшін, сондай-ақ қауіпсіз жол қозғалысын қамтамасыз ету мақсатында 2018 жылы жалпы аумағы 500 шақырым республикалық маңызы бар автожолды ақылы ету жүйесі кезең-кезеңімен енгізіледі», – деді министр.