Қазақстан • 31 Қаңтар, 2018

Томас Лико Мартинс: Ел арасындағы іскерлік байланыстарды да нығайтатындығына күмән келтірмеймін

190 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мен жуырда Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың халқына арна­ған биылғы Жолдауымен мұқият танысып шықтым. Онда елдің одан әрі дамуының нақты басымдықтары белгіленген. Мемлекет басшысы Қазақстанның әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына енуі үшін не істеу керек екендігін атап көрсеткен. Бұл маған қатты әсер етті. 

Томас Лико Мартинс: Ел арасындағы іскерлік байланыстарды да нығайтатындығына күмән келтірмеймін

Маңызды мәлімдемеде біз өмір сүріп жатқан бүгінгі жаңа технологиялық кезеңдегі елдің дамуын қамтамасыз етуге бағыт­талған жаңа идеялар мен міндеттер нақтыланған. Сонымен қатар цифрлы технологияны дамыту мен мемлекеттің заманауи әлем және нақты әрекеттері арасындағы байланысты орнату қа­жет­тілігі айқындалған. Оған қоса адами капиталды, білім беруді дамы­ту және халықтың өмір сүру сапасын арттыру мәселесі де қалыс қалмаған. 

Жолдауда белгіленген, қоғамды әрі қарай экономикалық өсіру мен жетілдіру бойынша мемлекеттің алға қойған мақсаттары арасында өзара үйлесім тапқан міндеттердің жүзеге асырылатындығына бек сенімдімін.

Президенттің өз халқымен осыншалық тікелей және ашық диалогқа баруынан біз қазақстандықтардың неліктен өз Көшбасшыларын мақтан тұтатындығын аңғарғандаймыз.

Мен бұл елде экономиканы арттыру және халықтың жағдайын жақ­сарту үшін жүзеге асырылып жатқан барлық жұмыстар Қазақ­стан мен Бразилия арасындағы іскерлік байланыстарды да нығайтатындығына күмән келтірмеймін. 

Қазақстан-Бразилия әріптестігінің одан әрі дамуына өз үлесімді қосуға бейілмін. Қазақстанның және оның Президентінің алға қойған міндеттерін жемісті жүзеге асыруына тілектестік білдіремін.

Томас Лико МАРТИНС,
«Бразилия-Қазақстан» Сауда-өнеркәсіп палатасының мүшесі,

Бразилия-америкалық «Optimal Capital Partners» компаниясының негізін қалаушы