Қазақстан • 01 Ақпан, 2018

«Түлек kz» жобасы жасақталды

1148 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы рухани жаңғыру ісін жан-жақты пайымдап берген ерекше еңбегінде өңірлерде «Туған жер» бағ­дар­ламасын қолға алу қажеттігін ұсынды. Оның қатып қалған қағидасы болмаса керек.

«Түлек kz» жобасы жасақталды

Сондықтан да оған әр өңір өзіндік бір соны қөзқарас тұрғысынан келе білсе, мұның өзі аталмыш бағдарламаны мазмұн жағынан да, түр жағынан да байыта түсетініне күмән келтіруге болмайды. 
Осы орайда Ақтөбе облысында қол­ға алынған «Түлек kz» жобасы «Туған жер» бағдарламасын түрлендіре түсуге септігін тигізе алатын айрықша жоба деу­ге толық негіз бар. Оның бас-
ты мақсаты бірінші кезекте облыс мек­теп­­­терін бітірген түлектердің ұшқан ұясы мен­ туған жеріне деген перзенттік сүйіс­пен­шілігі мен махаббатын тереңдету болып отыр. Атал­мыш жоба өңірдегі білім шаңырақтарында түлектер туралы жан-жақты мәліметтер мен деректер жазылған сайттар жасақтаудан бастау алды. 
Бір жақсысы, қазақтың талантты композиторы Әсет Бейсеуовтің әнінің мәтінінде айтыл­ғандай, бір ауылдан түлеп ұшқан жастардың қамшы салдыратын түрлері көрінбейді. Олар туған жер мен туған топырақ алдындағы парыз мен қарыз ұғым­дарын о бастан-ақ көкейлеріне зерделей білгенін неге айтпасқа. Соның арқасы шығар, өңір түлектері былтыр туған жерінің одан әрі түлеуі үшін жалпы сомасы 1 миллиард 600 миллион теңге көлемінде көмек көр­сетіпті. Олар мұны туған жер алдындағы парыздарының бір өтеуі деп есептейді.
«Түлек kz» жобасының басы-қасында жүр­гендер биыл түлектермен арадағы байланыстар мен қарым-қатынастарды одан әрі тереңдете түсуді ұйғарып отыр. 

Темір ҚҰСАЙЫН,
«Егемен Қазақстан»

АҚТӨБЕ