Қазақстан • 02 Ақпан, 2018

Жаңашылдық – ілгерілетуші фактор

167 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Жаңашылдық – ілгерілетуші фактор

Кени СЕГАЛЬ,
«Publiczone Transportation Ltd.» компаниясының негізін қалаушы және бас директоры, Иерусалимдегі «Хадас» колледжінің өнеркәсіптік дизайн бөлімінің басшысы, профессор (Израиль):

– Мен Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына арна­ған биылғы Жолдауын үлкен қызығушыл­ық­пен танысып шықтым. Мемлекет басшысының әлемде болып жатқан өзгерістерді байыпты бағалай отырып, тұтас мемлекетті дұрыс даму жолына бағыттап отырғанын анық аңғардым.

Көлік инфрақұрылымын дамыту елді сауда-саттыққа қолайлы әрі қолжетімді етеді. Жаңа технологияларды енгізу Қазақстанды әлемдегі жетекші мемлекеттердің қатарына қосады, ал жергілікті индустрияны дамыту халықаралық нарықта сапалы әрі бәсекеге қабілетті қазақстандық өнімнің мол болуына алып келеді. Мемлекет тек жоғары технологияны тұтынушы ғана емес, оны өндірушіге де айналады. Міне, осы аталған бағыттар бойынша Қазақстанда көптеген шаралар жүзеге асырылуда.

Мен өзімді Қазақстанның дамуына үлесімді қосуға мүмкіндігі бар азамат ретінде санаймын. Бұл үшін өте қуаныштымын. «KIMA» компаниясымен бірге біз Астана қаласында модульді жылы аялдамалар жобасын жүзеге асыруға тиіспіз. Бұл Президент Н.Назарбаев атап көрсеткен, көлік жүйесін дамыту, жергілікті өндірісті қалыпқа келтіру, жоғары технологияларды пайдалану сияқты ел дамуының бірнеше бағыттарын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Аталған аялдамалар адам ағзасына пайдалы инфрақызыл сәулелерді шығаратын тоқымалық жылытқыштардың және «Smart Сity» жүйесінің көмегімен жылытылатын болады. Бүгінгі таңда біз «Астана» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясымен келісімшартқа қол қойдық және қала әкімдігімен жасалатын келісімдердің қалған тармақтары бойынша келіссөздерді қысқа уақытта аяқтап, осы жылы астаналықтардың қоғамдық көлікте жүру шарттарын жақсартуға мүмкіндік беретін жобаны жүзеге асыруға мүдделіміз.