Қазақстан • 02 Ақпан, 2018

Технология мен табиғат үйлесімі бұзылмауы тиіс

728 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысының биылғы Жолдауы бүгінде ең­бек ұжым­дарында, білім беру ұйым­дарында, ғылыми мекемелерде, басқару органдарында, құқық қорғау, қорғаныс саласында және бас­қа да құрылымдарда кеңінен тал­қыланып, қолдау табуда. 

Технология мен табиғат үйлесімі бұзылмауы тиіс

Елбасы Жолдауы Т.Жүргенов атын­дағы Қазақ ұлттық өнер академия­сы­ның ке­ңей­тілген мәжілісінде де қызу тал­­қы­­ланды. Болашақ өнер мамандарын әзір­леп отырған оқу ордасында Жол­дау ба­ғыт­тарына орайластырылған «Ада­ми ка­пи­тал: интеллектуалды ұлт қалып­тас­тыру­­дың рухани негіздері» атты респуб­лика­лық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. 

Конференцияда Т.Жүр­генов атын­дағы Ұлттық өнер акаде­мия­сының ректоры Бибігүл Нүсіп­жанова «Адам капиталы – мемлекет дамуы­ның басты факторы» атты баяндама­сында  бүкіл әлем елдерінің өнер­кәсіптік революция дәуіріне қадам бас­қанын, жаңа технологиялық өмір салтынан қазақ­стандықтардың да тысқары тұрмай­ты­нын, санаға түбегейлі өзгерістің қажет­тілігі туындағанын атап өтті. «Жаһан­дық өзгерістерді қабыл ала отырып, «Қазақ­стан-2050» даму Стратегия­сын, озық дамы­ған отыз елдің қата­рына қосылу мақсатын және «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын дамыта отырып, «Цифрлы Қазақстан» кешендік бағдарламасын қабылдауға баса назар аударылғаны болашаққа жарқын жол ашады», деді Бибігүл Нұрғалиқызы. 
Сондай-ақ конференцияға қатысқан философия ғылымдарының докторы, профессор Мұрат Сәбитұлы да «Рухани жаңғырудың» мәдени-әлеуметтік, тарихи танымдық негіздемелері туралы» деген баяндамасы арқылы жоғары оқу орны мен ғылым үшін қажетті тетіктер туралы сөз етті. «Жолдау өнер саласында бәсекеге қабілетті жастар тәрбиелеумен айналысатын біздің ұжымның профессорлық-оқытушылар құрамына да үлкен серпіліс беріп отыр», деді.

Конференцияға қатысқан ғалым­дар индустрияландыру, жаңа технологияларды енгізу, соның ішінде цифр­ландыруға байланысты өзіндік ой, тың ұсыныстарымен бөлісті. Эконо­миканы цифрландыру елі­мізге табыс әкелгенімен, өндірісте жұ­мыс күші азайып қалған жағдайда еңбек на­рығында пайда болатын келеңсіз түйт­кіл­ді оңтайлы шешу жолдарын сөз етті. Жас буын ХХІ ғасырдың табиғи ресурс­тарға мұқтаж ғасыр екендігін ескере отырып, оны үнемді әрі мақсатты пай­да­лануды үйреніп өссе игі. Өйткені қоғам­ның өндірістік дамуына байланысты адам­ның табиғатқа әсері, табиғат байлы­ғын, табиғат күштерін пайдалануы да ар­тып келеді. Ғылыми-техникалық жетіс­тік­тердің дамуы қоршаған ортадағы үйле­сімді шиеленістірмеуі тиіс. 

Жаңа кезеңге лайық толыққанды адам турасында толғамды ой білдірген мамандар білім берудің жаңа сапасына қол жеткізу үшін бұл саладағы өзіміздің озық жүйемізді құруды жеделдету қажет деген түйін жасады. 

Айгүл АХАНБАЙҚЫЗЫ,
«Егемен Қазақстан»

АЛМАТЫ