Аймақтар • 02 Ақпан, 2018

Атырауда адами капиталды дамыту – басты назарда

464 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Атырау облысындағы мек­теп­тер робот-техника каби­нет­терімен жабдықталу­да. Қазір аймақта осын­дай он каби­нет бар және бәрі Аты­рау қаласында. Ауылдағы балалардың да заман ағы­мы­нан тыс қалмай, технология жетістіктерін танып, бі­ліп өсулеріне көңіл бөлінбек. Мем­лекет басшысының Қазақ­стан халқына Жолдауын талдау мақсатында Атырау мұнай және газ университетінде өт­кен дөңгелек үстелде облыс әкі­мі­нің орынбасары Нұрсәуле Сайлауова осы бағытта қолға алынып жатқан шаралар туралы айтты.

Атырауда адами капиталды дамыту – басты назарда

– Мектептердің материал­дық-техникалық базаларын жаңартуға 2018 жылға 1 млрд 200 млн теңге бөлінді. Бар­лық ауданда робот-техника кабинеттері ашылады. Физика кабинеттері жаңғыртылады. Елбасы Жолдауында цифрлы технологияны дамыту, кең жолақты интернетпен қам­ту және мектептерді бейне­құ­­рыл­ғылармен жабдықтау жұ­мыс­тарына ерекше мән берілген, осы мақсатта Аты­рау облысында да жұмыс­тар жалғасады, – деді Нұрсәуле Сайлауова.

Қазір облыстағы 193 мек­тептің 141-і кең жолақты ин­тернетке қосылған. Шалғай елді мекендерде орналасқан 21 шағын жинақты мектеп интерактивті құралдармен жаб­дықталып, Атырау қаласының 10 мектебінде «Робот-техника» курсы қанатқақаты жоба ретін­де бастау алды.

Қазақстан халқы Ассам­блеясының Атырау облыстық филиалы мен Мұнай және газ университеті ұйымдастыр­ған дөңгелек үстелде Елбасы Жол­­дауында айтылған адами капиталды дамыту жайы ке­ңінен талқыланды. Уни­вер­­ситет ректоры Әли Әбі­шев кәсіптік білім беру бағ­дар­ламаларына өзгерістер ен­гізілгеніне және тәжірибе алмасу үшін шетелдерден мамандар шақырылғанына тоқталды. Облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Жасұлан Бисембиев Мемлекет басшысының цифр­лы білім беру ресурстарын дамыту туралы тапсырмасын орындауға аймақта мүмкіндік көп екенін баян­дай келе, «Мемлекеттік қыз­мет көрсету де электронды түрге көшуде. Бүгін бізде ТМД елдерінде қолданыс­та жоқ Еgov.kz жүйесі жұмыс істейді. Компьютерде ғалам­тор желісін пайдалануды үйрену үшін «Интернет – сіз үшін!» жобасы да бар. Осындай жағдайды пайдалана отырып, әрбір адам цифр­лы технологияны толық меңгеруге ұмтылуы керек. Бұл – заман талабы», деді. 

Шарада Ассамблея мүше­лері де Елбасы Жолдауына қолдау білдірді. 

– Қандай міндетті іске асыр­­­сақ та, біздің басты күші­міз бір­лікте болуы керек. Ел­басының қазақ, орыс, ағылшын тіл­дерін жетік меңгеру керек­тігі жайлы айтқаны көкейіме қо­нады. Жолдаумен толық та­ны­­сып шықтым. Қазақ елі­нің қарыш­тап дамуы жолында бәрі­міз бір үйдің баласын­дай атсалысуға тиіспіз, – дейді «Тхоньил» корей этномәде­ни бір­лестігінің жетекшісі Людмила Ли.

Бақытгүл БАБАШ,
«Егемен Қазақстан»

АТЫРАУ